Сыңғырла алғашқы қоңырау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыңғырла алғашқы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты Сыңғырла алғашқы қоңырау 1-сынып Ата-аналармен өткізілетін іс-шара.Оқушыларды білім күнімен құттықтай отыра,сәттілік тілеу Тәуелсіздік туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы







Тәрбие сағаты



















1 қыркүйек-білім күні

Мақсаты : білім күні жайында түсінік беру,өз туған елдеріне,жерлеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу,

білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі : Қазақстан туы,гимн,рәміз,шарлар,слайд

Барысы:

Әнұран

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз.

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

2-жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің»- мерекең!

Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:

Бүгін біздің мерекемізге құрметті қонақтар келді:


1.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құлберген Айгүлге сөз берсек

Сонымен қатар ортамызға ата –аналарда келіп отыр

2.Қонысбаева Жанар_

3.Айтмуханова Камшат өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып,бүгінгі оқу жылына сәттілік тілеп,оқушыларды жаңа қадамдарымен құттықтайды.


1-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне арналады.

2-жүргізуші:

Қадамыңа гүл бітсін деп ал халқым,

Қол соғып бір қошеметтеп тұр жалпың.

1-жүргізуші:

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

1-оқушы:

Сәлем, саған мектебім,

Алғыстарым көп менің.

Оқу, білім, тәрбие

Ой санама еккенің.


2-оқушы:

Қуаныш бүгін – мереке,

Шуағын шашып тұр әлем.

Мектепке келген алғашқы,

Жан досым, саған мың сәлем.


3-оқушы:

Бірінші қыркүйек күні мен

Аңқыған жұпар гүлімен

Келіп ем, қарсы алар мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.


4-оқушы:

Биыл мен де мектепке

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.


5-оқушы:

Мектепке енді барамыз,

Біз оқушы боламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз.


6-оқушы:

Алдыңа келіп, ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейіріңді сезіндім.


7-оқушы:

Отанның біз ұл-қызы,

Халықтың біз жұлдызы.

Оқимыз ақын-жырларын,

Оқимыз еңбек сырларын.


8-оқушы:

Сылдырлайды, сыңғырлайды

Мектеп жақта қоңырау.

Ұмытпаймыз бұл бір айды,

Гүлге толы омырау.



9-оқушы:

Гүл толы қала, дала да,

Гүл толы бүгін омырау.

Шақырып мектеп – анаға,

Соғылмақ тұңғыш қоңырау.


Ән. «Біз-өмірдің гүліміз» 1-сынып оқушылары


2-жүргізуші:


Тәуелсізідік- еркіндігім, елдігім,

Елім дербес, өзге елдермен тең бүгін.

Тәуелсіздік-азаттығым,арманым,

Алдағы арман, қуанышым сол менің

Тәуелсіздік тәу етемін бір саған.

Бабаларым талай ғасыр аңсаған.

Ұраны боп мәңгілікке азат күн.

Тарландары қыршын кеткен қазақтың.


1-жүргізуші:

Мұғалім тақтада ілініп тұрған Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстырады.

-Біз қай республикада тұрамыз?

-ҚР-сының президенті кім?

-Біз қандай ұлтқа жатамыз?


2-жүргізуші:


Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне» арналған мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2022
835
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі