Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты мерекелік іс-шара сценариі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1-Қыркүйек-Білім күніне арналған «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» аттты мерекелік іс-шара сценариі
Мектеп деген білім күні,жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені.
Алтын шапақ шашыратып көгінен
Күз кеп жетті сағыныштан, сезіммен.
Балапандай ұясына асыққан,
Шәкірттерін шаттандырып сеніммен.
Биылғы оқу жылындағы 11 сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алайық! (әуенмен ортаға келіп тұрады)
Бүгінгі «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» атты салтанатты жиынды жүргізу рәсімі 11 «а» сынып оқушысы Қасымбек Нұрдәулет, 11 «б» сынып оқушысы Ибадулла Гүлнәз, 11 «в» Уайда Гүлжайнаға тапсырылады.
1 – жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонактар, аяулы ұстаздар, қадірменді ата-аналар «Сыңғырлай соққан қоңырау күніне енді келген жас бүлдіршіндермен мен оқушылар сіздерді 1 қырқүйек білім күнімен құттықтаймыз!»
2 – жүргізуші: Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар демекші
№53 Александр Дмитриевич Романов мектеп білім шаңырағына Хош келдініздер!
Мұнда сіздерді сапалы білім, тағылымды тәрбие мен жарқын болашақ күтуде.
3 – жүргізуші: Добрый день школа! Мы снова вместе! Закончились великолепные летние каникулы. Мы уверены, что каждый из нас с нетерпением ждал, когда можно будет вернуться сюда! А ведь действительно сегодня большой праздник и у педагогов, и у учащихся! Начинается новый учебный год!
1 – жүргізуші: Өмірдің бейбіт бағы гүл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды
Өткеріп жазды дүбірмен,
Туған жер төсін тербеткен
Балдырғандар келіп тұр
Бір жасқа міне ер жеткен
2 – жүргізуші: Қушаққа толы гүлдермен
Сыныпта шулы сағына
Тың қуат, жалын жігермен
Асыға жетті тағы да
Ендеше қане, халайық
Жаңа оқу жылы төрлетсін,
Көнілді әнге салайық
Қиялды көкке өрлетсін
3 – жүргізуші: Пришел сентябрь, а значит - до свиданья лето!
И здравствуй, праздник школы, знаний и отметок!
Сегодня двери школы снова распахнутся,
Уже завтрашним утром уроки начнутся –
Ученья свет начнут дарить учителя...
С Днем знаний поздравляем вас, друзья!
1 – жүргізуші: Көк байрағым көк жүзінде қалқыған
Әнұраным әуелеген, шалқыған
Бес құрлыққа елдің атын паш еткен
Елбасы да өткен ұстаз алдынан
2 – жүргізуші: Ән ұраным көгінде шарықтасын
Көгілдір Ту қиялда қалықтасын
Әлем танып білетін Елтаңбамды
Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын
1 – жүргізуші: Мектеп түзел, тік тұр, Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы еңгізілсін, Қазақстан Мемлекеттік Гимні орындалсын!
3 – жүргізуші: Почетное право поднять Флаг предоставляется отличникам прошлого года
______________________________________________________________________
1 – жүргізуші: Алдымызда болашаққа тартар жол
Білім үшін күрескенде қауқар мол
Сенгендері сендерсіндер бүлдіршін
Еліне сен қыран құстай қамқор бол!
3 – жүргізуші: Первый учитель, первый звонок,
Первая буква, первый урок
Первое слово горит на доске
Первый букварь и задачник в руке
Оркестры играют, речи звучат
Школа приветствует новых ребят
Где же меньшие из вас?
Пусть сюда сейчас выходит
Самый первый, первый класс!
2 – жүргізуші: Олай болса келесі кезекте №53 Александр Дмитриевич Романов атындағы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.
1 – жүргізуші: Алдарынызда 1 «а» сыныбы. Сыныпта 23 оқушы бар. Алғаш мектеп партасына отырғалы тұрған, білімге құштар балаларымызға Хошемет корсетейі! Ел болашағының іргелі болуына болашақта, бүгінгі мектеп табалдырыгын аттағалы отырған оқушыларымыз, өз үлестерін қосатынына сеніміміз мол. Қадамдарың сәтті болсын!
2 – жүргізуші:. Келесі кезекте алдарынызда 1 «б» сыныбы. Қарсалыңыздар.
1 «б» сыныбында 23 оқушы білім алады. Білім алып, болашақтың кілтің іздеген бүлдіршіндерімізге, талаптарыңыз оң болсын деп тілек білдіреміз. Құрметті бүлдіршіндер, алғаш аттағалы қадамдарын құтты болсын. Жақсы оқып үлкен азамат болыңдар.
3 – жүргізуші: Встречайте 1 «в» класс. В первом «в» классе знания будут получать 14 учеников. Вот они, наше будущее! Они с радостью пришли к нам, давайте, и мы с добром их встретим. Пусть этот день вам запомнится на всю жизнь. Пусть дорога знаний будет радостной и полной приятных сюрпризов! Терпения, вдохновения и новых свершения вам.
1 – жүргізуші: Ұстаздықты бастап өмір жолында
Жетелейтін алғаш ұстаз бар мұнда
Жас ұрпаққа білім беріп тәрбиелеу
Іскер, шебер ұстаздардың қолында
2 – жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндеріміздің алғашқы ұстаздарын қошеметпен қарсы алайық!
3 – жүргізуші: Давайте все вместе поприветствуем учителей первых классов.
2 – жүргізуші: 1 «а» сыныбының жетекшісі Молдашева Фаридахан Сайтқалиқызы. 1 санатты 23 жыл стажы бар мұғалім. Жас ұрпаққа білім беріп, алғаш қалам ұстатуға, өз уақытын аямаған, бала бақытын аялаған қадірлі мұғалім. Өз мамандығының қыр сырын меңгерген Молдашева Фаридахан Сайтқалиқызы ұрпақ тәрбиесінде берер ігі нәтижелері мол. Аяулы ұстаздан алғашқы аттанған оқушылар казіргіде дарынды да талантты жастар. Шәкірттерін жан-жақты дамыта білген Молдашева Фаридахан Сайтқалиқызы жас ұрпақты өнегелі тәрбиесімен өрбітері сөзсіз!
1 – жүргізуші: 2 «б» сыныбының жетекшісі Момбекова Ұрқия Сатенқызы. 2 санатты 17 жыл стажы бар мұғалім. Білім беруде біліктілік танытқан өнегелі ұстаз. Ұстазсыз шәкірт тұл демекші өз шәкірттеріне мейірімен қарайтын Момбекова Ұрқия Сатенқызы кішкентай бүлдіршіндерімізді асқар таудай азамат ететіне сеніміміз мол.Ұстаздық жолында шығармашылығын шыңдап, білім мен тәрбие беруде аяңбай қызмет етіп, талай шәкірттерге озінің бойындағы асыл қасиеттерін сыйлап, жан жылуын аямай келе жатқан аяулы ұстаз.
3 – жүргізуші: Классный руководитель 1 «в» класса Тасболатова Шолпан Беделбековна. Учитель второй категории, стаж работы 8 лет. Педагог творчески, владеющая современными технологиями. Развивая самостоятельность, учит детей критически оценивать свою работу и выставлять себе отметку. Игровые методы работы, которые учитель применяет в своей деятельности, помогают повысить значимость мотивационного момента. Тасболатова Шолпан Беделбековна постоянно стремится к тому, чтобы, обучая, развивать и воспитывать ученика. Заботясь об интеллектуальном развитии детей, педагог не забывает о главном – воспитании доброты, отзывчивости.
2 – жүргізуші: Ұстаз білім беретін ғажап адам
Үйреткенін ешқашан санамаған
Жас ұрпақты тәрбиелеп оқытуда
Жан ұшырып бар білімін саралаған
1 – жүргізуші: Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің алғаш ұстаздарына қошемет көрсетейік.
Ән шашу (Учат в школе)
1 – жүргізуші: Мектебімнің басшысы деп тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашанда да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
2 – жүргізуші: Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрыңды
Өзіңізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сизге осы гүлімізді
3 – жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Көлжанов Нарымбет мырзаға беріледі
Ән шашу (Мектебім)
1 – жүргізуші: Халқымыз «Ата-баба дәстүрі – асыл мұра» дегендей «Бала-бауыр етім» деп баласы шыр етіп дүниеге келгенен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған.
2 – жүргізуші: Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1-сыныпқа қабылданып, «Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті. Бұл той-баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
3 – жүргізуші: Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын бастауға рұқсат етіңіздер! Сөз кезегі бүлдіршіндерде!
Ән шашу (Первоклашка)
1 – жүргізуші: Құшақ жая қай жерде де қарсы алар
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар
3 – жүргізуші: Қонақ деген ырысың мен мерейің
Енді аяндап қонақтарға келейін
Алғашқы қоңырау салтанатына ортақ болған
Қонақтарға сөз кезегін берейін
2 – жүргізуші: Келесі жүрек жарды тілектерін айту үшін сөз кезегі қонақтарда
______________________________________________________________________
Ән шашу (Кел балалар оқылық)
1 – жүргізуші: Ұмытылмыс өткен күн әр ізіміз
Жалғасар ұрпақтарға жақсы ісіміз
Жадымызда мәңгілік есімдері
Әруақтарды еске алу парызымыз
2 – жүргізуші: Жас алып ұстаздарым жанарыма
Өткенді сезем еске аларына
Қояйық гүл шоқтарын құрметпенен
Қасиетті біз тағзым алаңына
3 – жүргізуші: Минута молчанья – и слов не найти
Минута молчанья из самой груди
Из самого сердца сорвется не крик
Молчанье повиснет. Минута лишь миг
Тағзым алаңына гүл шоғы қойылсын. 1 минут үнсіздік жариялаймыз.
Рахмет
1 – жүргізуші: Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым
Адам жанын тәрбиелеп аялар
Құрметтейік сүйікті ғой ұстазым
Мерекелік құттықтау сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
______________________________________________________________________
2 – жүргізуші: Тәуелсіз елдің ұрпағымыз бүгінде
Қазақ елім келешекте өркенде
Мерей тойы құтты болсын елімнің
Құт береке дарысын, енсін жеріне
3 – жүргізуші: Жаңа оқу жылы құт болып
Ізгілік оты жағылсын,
Бөбек пен түлек жұп болып
Алғашқы қоңырау тағылсын
Салтанатты алғашқы қоңырау соғу рәсімі
______________________________________________________________________
тапсырылады.
Ән шашу (Қоңырау)
1 – жүргізуші: Жаңа оқу жылы кел төрлет
Дүбірлі думан басталсын
Жүректерді ән тербет
Шапалақ ұрсын асқар шың
2 – жүргізуші: Қазақстан қазақ елім мақтанышым
Қуанышпен атады әр таң үшін
Дамып жатқан елімді мен көргенде
Қойныма сыймай кетер куанышым
3 – жүргізуші: Жаңа оқу жылы жемісті, мерейі үстем жылы болсын.
Шәкірттеріміз өрісті өрендері ұл мен қыз болсын.
Жаңбырменен жер көгерер, батамен ел көгерер демекші, биылғы мектеп табалдырыгын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге ақ батасын беру үшін ортаға аул ақсақалдар төрағасы, мектебімізде талай жылдар қажырлы еңбек етіп, шәкірт жүрегіне жол тауып, өмір жолына қанат қағуына көп үлесін қосқан ардагер ұстаз Мықтыбаев Тұрдыбек ағайды шақырамыз.
Осымен 1 қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды аяқтаймыз. Мектеп табалдырыгын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді алғашқы білім сабағына шығарып салайық.