1 Қыркүйек - Білім күні
«Сыңғырла, күміс қоңырау»
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын
ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл - күй
сыйлау.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті балалар, барша қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім
күні. Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Тәрбиеші:
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық Еліміздің
әнұранын!
ҚР-ның мемлекеттік
әнұраны
Тәрбиеші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі
«Жайнагүл» бөбекжай балабақшасының әдіскері Алшынбаева Салтанат
апайға ұсынылады.
Құттықтау сөз...........
1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда,
мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады.
Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей
оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп,
сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Балалар тақтаға назар
аударыңдаршы. Мына тақтада суретке қарап қандай мақал-мәтел айтуға
болады.
Мақал-мәтел:
1.Оқу-инемен құдық қазғандай.
2. Оқу білім бұлағы- Білім омір шырағы.
3. Еңбектің наны тәтті- Жалқаудың жаны тәтті.
Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі
мерекеде Орынбасар Әдемінің
орындауында «Біз тәртіпті
баламыз» қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына
байланысты айтарларын тыңдап
көріңіздер..
Абдухан
Мұхаммеджан:
Білім күні, біл мұны
–
Ойға сәуле
шашады.
Баршамызға бұл
күні,
Мектеп есік
ашады.
Балайым:
Отанның біз
ұл-қызы
Халықтың біз
жұлдызы.
Оқимыз
ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек
сырларын.
Б. Айсұлтан:
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Қырмызы:
Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің
өнер,
білім үйреткен, сүйікті
балабақшаға арнаған кезекті бір
әніне кезек берейік.
Ән «Балабақша» жеңіс Айымның
орындауында.
Ерке:
Балабақша
есігін
Үшке тола
ашқанбыз
Балапандай
мәпелеп
Өсіруде
бақшамыз.
Сарсенбай Алихан:
Өсті міне
бойымыз
Өсті міне
ойымыз
Қуанышқа
ортақпыз
Құтты болсын
тойымыз.
Рамазан:
Балабақша базарлы
үй
Ауылдағы ажарлы
үй
Күлкісі бар
шуақты
Өз үйіміз
сияқты.
Дінмұхаммед:
Әлемдегі барша
жұрт,
Бас иеді
білімге.
Білім күнін қарсы
алып,
Қыркүйектің
бірінде.
Ал енді «Көгершін» тобының жігіттері дайындаған «РУХ» биін қабыл алыңыздар.
Алғашқы
қоңырау соғу
салтанаты
Тәрбиеші:
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Тәрбиеші: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы
жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2025 -
2026 оқу
жылының қоңырауын қағуды кішкентай
бүлдіршініміз Бижігіт Альбинаға
ұсынамыз!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымыз осымен тамам. Ден қойып
тамашалағандарыңыз үшін көп
рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына
шақырамыз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Сыңғырла, күміс қоңырау»
«Сыңғырла, күміс қоңырау»
1 Қыркүйек - Білім күні
«Сыңғырла, күміс қоңырау»
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын
ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл - күй
сыйлау.
Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті балалар, барша қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім
күні. Мерекелеріңіз құтты
болсын!
Тәрбиеші:
Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық Еліміздің
әнұранын!
ҚР-ның мемлекеттік
әнұраны
Тәрбиеші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі
«Жайнагүл» бөбекжай балабақшасының әдіскері Алшынбаева Салтанат
апайға ұсынылады.
Құттықтау сөз...........
1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда,
мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады.
Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей
оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп,
сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Балалар тақтаға назар
аударыңдаршы. Мына тақтада суретке қарап қандай мақал-мәтел айтуға
болады.
Мақал-мәтел:
1.Оқу-инемен құдық қазғандай.
2. Оқу білім бұлағы- Білім омір шырағы.
3. Еңбектің наны тәтті- Жалқаудың жаны тәтті.
Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі
мерекеде Орынбасар Әдемінің
орындауында «Біз тәртіпті
баламыз» қабыл алыңыздар.
Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына
байланысты айтарларын тыңдап
көріңіздер..
Абдухан
Мұхаммеджан:
Білім күні, біл мұны
–
Ойға сәуле
шашады.
Баршамызға бұл
күні,
Мектеп есік
ашады.
Балайым:
Отанның біз
ұл-қызы
Халықтың біз
жұлдызы.
Оқимыз
ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек
сырларын.
Б. Айсұлтан:
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!
Қырмызы:
Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің
өнер,
білім үйреткен, сүйікті
балабақшаға арнаған кезекті бір
әніне кезек берейік.
Ән «Балабақша» жеңіс Айымның
орындауында.
Ерке:
Балабақша
есігін
Үшке тола
ашқанбыз
Балапандай
мәпелеп
Өсіруде
бақшамыз.
Сарсенбай Алихан:
Өсті міне
бойымыз
Өсті міне
ойымыз
Қуанышқа
ортақпыз
Құтты болсын
тойымыз.
Рамазан:
Балабақша базарлы
үй
Ауылдағы ажарлы
үй
Күлкісі бар
шуақты
Өз үйіміз
сияқты.
Дінмұхаммед:
Әлемдегі барша
жұрт,
Бас иеді
білімге.
Білім күнін қарсы
алып,
Қыркүйектің
бірінде.
Ал енді «Көгершін» тобының жігіттері дайындаған «РУХ» биін қабыл алыңыздар.
Алғашқы
қоңырау соғу
салтанаты
Тәрбиеші:
Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!
Тәрбиеші: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы
жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 2025 -
2026 оқу
жылының қоңырауын қағуды кішкентай
бүлдіршініміз Бижігіт Альбинаға
ұсынамыз!
Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік тәрбие сағатымыз осымен тамам. Ден қойып
тамашалағандарыңыз үшін көп
рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына
шақырамыз!
шағым қалдыра аласыз













