400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыңғырла, күміс қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынның сценарийі

2017-2018 оқу жылы, 25 мамыр Жүргізуші: Л.К.Жантемирова

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,

Хош келдің, айналайын, халқым менің!

Армысыздар, ардақты ағайын, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!

Бүгінгі салтанатты жиынға --------------------және -------------------- қатысып отыр. Сонымен қатар ауыл әкімі Рүстем Сейтонұлы, ардагер ұстаздар және аулымыздың мекеме басшылары бүгін бізде қонақта.

Бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп, жазғы демалысқа шығарып салатын – соңғы қоңырау салтанаты!

Биылғы оқу жылының аяғында Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сыныбын 18 оқушы, 9-сыныбын 13 оқушы, 11-сыныбын 28 жас түлек бітіргелі отыр.

Мектеп! Мектеп деген – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя!

Бастауышым, бастамам,

Білімге жол бастаған.

Бала шақтан есейтіп,

Болашаққа бастаған.

Мерекелік сапқа бастауыш сыныпты аяқтап отырған 4-сынып оқушыларын шақырамыз, сынып жетекшісі І санатты тәжірибелі ұстаз Имашева Гүлсім Есболатқызы

«Мектеп» деген - киелі ұғым, ғажап ат,

Тынысы мен тіршілігі ғаламат.

Бала шақтан болашаққа ұмтылған,

Түлеп ұшты талай-талай азамат.

Мерекелік сапқа негізгі мектеп бітірушілерді шақырамыз, 9 сынып жетекшісі денешынықтыру пәнінің ІІ санатты мұғалімі Габдушев Жарасат Уахитұлы

Бүгін барлық қазақстандық түлектер үшін мектеппен қоштасуға арналған атаулы мереке. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жас ұрпақ тәрбиесіне, білім беру ісіне ерекше назар аударып, мектеп оқушыларының сапалы білім алып, үлкен азамат болуы үшін барынша   жағдай жасап отыр.

Қош айтысып балаң шақ өткеніне,

Қош айтысып сүйікті мектебіне.

Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар,

Аттанып барады өмір көктеміне.

Толқимыз,толқып тұрмыз баршамыз да,

Мұндай күй болған ,бәлкім ,баршаңызда.

Қол соғып қошеметпен шақырайық,

Түлектер келсін, кәне, ортамызға !

Мерекелік сапқа он бір жыл мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындаған биылғы оқу жылында алтын ұя мектебінен ұшқалы отырған түлектерді шақырамыз, сынып жетекшілері І санатты математика пәнінің мұғалімі Шайходенова Бақытай Сенбіқызы және ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі Айбекова Мерует Юсупқызы


Мерекелік сапқа 2017-2018 оқу жылын үздікпен аяқтаған мектеп мақтаныштары мен өзінің тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің нәтижесінде облыстық және аудандық байқауларда жүлделі орын алған оқушыларымызды шақырамыз.



«Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиын ашық деп жариялансын!

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әділ халыққа,

Жарасады жігер берер Әнұран. ҚР мемлекеттік туы көтерілсін.

ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметі мектебіміздің бітіруші түлектері

------------------------------------------------------------------------------------ тапсырылады.


Қазақ балаларының жарқын болашағы үшін мектеп ашқан қазақ даласының ұлы ағартушысы, қазақтан шыққан тұңғыш ұстазымыз Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 175 жыл, ескерткішіне тағзым етіп, гүлдесте қою мектеп абыройын аудан, облыс көлеміне паш етіп жүрген үлгілі оқушыларымызғ 4-сынып оқушылары Сейтонова Шаһзода мен Темірболатов Дәуренге тапсырылады.

Біздің бүгінгі мерекеміз мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойымен тұспа-тұс келіп отыр. Астананың 20 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.

Ендеше салтанатты жиынды ашып, құттықтау сөз білдіру үшін және оқу жылының қорытындысы бойынша ұстаздар мен оқушыларды марапаттау үшін мектеп директоры Айгүл Уразаевнаға сөз береміз. (мадақтамалар)


Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.

Өмір теңіз толқындарын көргенде,

Асыл аға, тілегіңді аңсармын.

Құттықтау сөз (ауданнан келген қонақ) ----------------------------------------- беріледі.


Ән« Астана » орындайтын аудандық байқау жүлдегері Сейтонова Ақбота


Келесі сөз кезегі ауыл әкімі Рүстем Сейтонұлына беріледі.


«----------------------» ән


Оқу жылының қорытындысы бойынша оқу екпінділеріне алғыс жариялау үшін сөз оқу ісінің меңгерушісі Тохлиева Айнагүл Баймұратқызына беріледі.

Әліппені ұстатқан,

Анасына ұқсатқан.

Алғашқы ұстаз - сыйлысың,

Білімге алғаш жол ашқан.

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұл-қызына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.


Құттықтау сөз мектеп түлектерінің алғашқы ұстазы Мутиева Ғалия Уалиевнаға және мектеп түлектерінің ата-аналары атынан -------------------------------- беріледі.

Парақтап бетін ілімнің,

Шырағын жағар ғылымның,

Аманат етіп кейінге,

Тапсырсын кілтін білімнің.

Білім кілтін тапсыру құрметіне 11-сыныптың түлегі ----------------------- ие болады.

Білім кілтін қабылдау құрметіне 1-сыныптың озат оқушысы------------------------ ие болады.

11-сынып оқушысы:

Арың, нәрің - білімде,

Барың, жаның – білімде.

Болашаққа құлшынып,

Ұмтыл әркез білуге.

Білімнің – мектеп тұрағы

Алғашқы кәусәр бұлағы.

Құтты болсын қадамың

Тәуелсіз елдің ұланы!

Тереңін бойла білімнің,

Керегін ойла білімнің.

Ізімнен ерген балдырған,

Қабыл ал кілтін білімнің.

1-сынып оқушысы:

Сенімін ақтап үлкеннің

Ылғи алда боламыз.

Қанаттанып біліммен

Болашаққа барамыз.

Ерінбейміз, оқимыз,

Көңілге бәрін тоқимыз.

Білімнің кілтін құрметтеп

Тек «бестікпен» оқимыз.



Келесі салтанат – мектеп аманатын тапсыру сәті. Аманаттау құрметіне

11-сыныптың түлектері --------------------------------------------------------------------------- және --------------------------------ие болады.

Аманат туын қабылдаушылар мектебіміздің 10-сынып оқушылары ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------


11-сынып оқушысы Жұмашева Аягүл:

Әнге ән, жырға жыр жалғап барамыз ұшып ұядан.

Айтамын саған аманат, Ізбасар 10 - сыныптар!

Мейірімінен шуақ төгілген Ұстаздар саған аманат!

Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!

Аулада тұрған Талдар мен сыныптағы Гүлдер аманат!

Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!

Жастанып кейде ұйықтаған Кітабым саған аманат!

Көрінбейтін шимай-шатпақтан Дәптерім саған аманат!

Бір жеңіп, бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!

Сыр алған тұнық сезімнен Өлеңдер саған аманат!

Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!

Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!

Үлгілі тәртіп, жақсы оқу – ізбасарым саған аманат!

Желбірейтін биікте Алтын ұя туы аманат!

Кір келтірмей атына биікке самғау – бізге аманат!

«Қош бол, алтын ұям» деп, айтамыз сізге сау-саламат!


Аманат ту қабылдаушы Жексенғали Перизат:

Біз, 10-сынып оқушылары, Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып, бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға, білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға, мемлекетімізді гүлдендіруге, дамытуға негіз болатын ғылым жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға, мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп, сеніммен ант береміз!


Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

Бүгін – алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жыл мәреге жеткен күн.

Бүгін – «мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.

Бүгін – ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.

Бүгін – арман қуып алысқа аттанған күн.

Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.


Құттықтау сөз кезегі 11 сынып жетекшісі-------------------------------------мен ардагер ұстаздар атынан-------------------------------------беріледі

Қуаныштан алаулайды реңі,

Толқып та тұр кеудедегі жүрегі.

Есінде қалсын ұстазының мәңгілік,

Шәкіртінің толқып айтқан тілегі.

Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз.

/15минут/

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда естідің,45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідің. Ал бүгінгі қоңырау үні - ерекше. Ол – мектеппен қоштасар соңғы қоңырау.

Бәрі – сын, сараласаң, өмір аулың,

Бәрі – шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,

Дауысын естігенде қоңыраудың.

Балалықтың соңғы әнін шырқап бүгін,

Қоңыраудың естиміз соңғы үнін.

Соңғы қоңырау соғу құрметіне мектебіміздің барлық түлектері ие болады. Мектеп түлектерін соңғы қоңырау соғу салтанатына шақырамыз.

Жүрмейді тағдыр сенің айдауыңа,

Шараң жоқ жаратқанның байлауына.

Қимастықпен шығарып салдық бүгін,

Түлектерді үлкен өмір жайлауына.

Бақыт гүлі алдарынан ашылсын,

Арман – ару ақ білекпен асылсын,

Біз тілеген ақ тілектер қабыл боп,

Құс жолындай ғұмырларға шашылсын.

Қымбатты мектеп түлектері! Ата-аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиынды жабық деп жарияланмын!

Оқушылар, сіздерді алда көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз күтуде. Жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар!

Сәт сапар, сіздерге, Жас түлектер!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі