400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыңғырла соңғы, Қоңырау!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыңғырла, күміс қоңырау!

1 қыркүйек – Білім күні!

Мақсаты: бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән-мағынасын ұғындыру; сахналық мәдениетін қалыптастыру; мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, балалар, барша қонақтар! Бүгін – 1 қыркүйек – Білім күні және Қазақстан Республикасының конституциясы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биіктерге бастайтын асқаралы

Әр жүректің сүйікті, асқақ әні

Мерекеде бәріміз бір дауыспен

Шырқайық Қазақстан әнұранын!

  1. Қазақстан әнұраны.

Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі: Балабақшамыздың меңгерушісі Алтынай Үсенқызына беріледі.

Айжан. Әбдішүкір.

Балабақша есігін Ғылымның көп тас қамалы

Үшке тола ашқанбыз. Ғалымдықта асқаралы

Балапандай мәпелеп, Бар білімнің нұр бастауы

Өсірді бізді бақшамыз. Балабақшадан басталады.

Ақмарал. Рамазан.

Бұл – екінші үйіміз, Өмірдің бейбіт бағы бұл

Бір туғанбыз бәріміз. Асудан асып асқарлы

Біз осы үйдің сәніміз Мінекей биыл тағыда

Біз осы үйдің гүліміз. Жаңа оқу жылы басталды.

Баязит. Жандос.

Қиындықтан өтуге Бүкіл елде басталып бүгін жыры

Армандарға жетуге Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

Білім алам ерінбей Білім-ғылым бастауы,мерекесі

Еліме қызмет етуге. Құтты болсын бүгінгі білім күні!







Дарын. Ерік.

Білім менің ертеңім Қанатым талмайды

Жүзем оқу айдынында Қиялым самғайды

Өсу үшін өркенім Ақын да, ғалым да,

Жайып білім желкенін. Ұстазсыз болмайды.



2. Ән. «Ұстазым» орындайтын: ______________________________________

3. «Утят» биі. Орындайтындар бір топ қыздар.

Аян.

Еліне арналатын тілегі шын,

Ұрпақтарым-Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған,

Қадірін Ата Заңның білемісің?

  • Балалар, біздің еліміз егеменді Қазақстан. Еркін тәуелсіз елдің азаматтарымыз, сондықтанда біз бір заңға бағынамыз. Ол Қазақстан Республикасының конституциясы – Ата Заңымыз.

  • Балалар, сендер шыр етіп өмірге келдіңдер. Сендер сияқты күн сайын қаншама адам дүниеге келуде. Нәресте дүниеге келген соң өзіне есім және азаматтық алуға, өз ата-анасын танып білуге, олардың тарапынан қамқорлық көруге, еркін өмір сүріп дамуына құқығы бар.

  • Балалар, аналар ауырып қалған баласын дәрігерге апарады, оған дәрігер тегін көмек көрсетеді. Яғни сендерде ауырған жағдайда тегін емделуге, ең жоғары стандарттарға сай медециналық көмек алуға құқылысыңдар. Сонымен бірге тегін білім алуға құқылысыңдар.



Аяна.

Оқы да білім ал деген

От бол да мәңгі жан деген

Ата Заңым менің!



Айшат.

Еңбек ет, еркін жүр деген

Асыр сап ойнап күл деген

Ата Заңым менің!



Қазақтан Республикасының коституциясы күні мерекесімен құттықтау құрметі:

_______________________________________________________________________



  1. «Көңілді балалар» биі.



Ақтолқын. Інжу.

Оқу білім азығы Білегіңе сенбе

Білім ырыс қазығы Біліміңе сен.



Мөлдір.

Ұстаздан шәкірт озар.

Бағдәулет. Қ. Айару.

Оқымаған бір бала, Оқусыз білім жоқ,

Оқыса екі бала. Білімсіз күнің жоқ.



Әбдіжәміл.

Оқу инемен құдық қазғандай.





  1. Ән. «Бақытты баламыз» орындайтындар:________________________



Бүгінгі балабақшада қос мерекені атап өтіп отырған іс-шараның қорытынды сөз кезегін балабақшамыздың әдіскері Үрпатша апайға береміз.



Ата-аналарға сөз беру, жаңа оқу жылына бата алу, қоңырау соғу салтанаты.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі