«Сыңғырла, соңғы
қоңырау!»
1-жүргізуші: Армысыздар,
кұрметті ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн,
кадірлі ата-аналар мен конақтар!
1-жүргізуші: Өзіңменен
өлшеусіз нарқым менің.
Аскар тay, арка
тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды
ұшырмакка
Қош келдің.
айналайын. халкым менің!
2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп. жүректері
лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып,
бойы өсіп. алтын үя мектебімен қоштасқалы отырмыз.
1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік кұштары гүл,
Бағбан ұстаз
баулыған кұстары бұл.
Қоштасып бүгінгі
күн ұясынан.
Сол кұстардың бір
тобы ұшкалы тұр.
ХОР:
2-жүргізуші: Ұстазым екінші
анам аялаған
Біздерден бар
білімін аямаған
Оқысын, білім
алсын, үйренсін деп
Күнде ерте құшақ
жая шықты алдан
1 - жүргізуші: Алдыңа келіп,
ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен.
Мейірім мен сезінгем.
Сипадың да басымнан,
«Әліппені» ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім. дей келе. - сөз кезегін алғашқы
ұстазымыз _______және
_____апайларға беріледі.
2-жүргізуші: Әліппені
алғаш үйреткен алғашқы ұстазымыз __________ апайға мың
алғыс!
1-жүргізуші:Мектепке алғаш келгенде.
Мейірлі жандарды
көргенде
Шарықтап биік
киялым,
Шаттанып шексіз
сый алдым
Анадай ұстаз
мектебім
Алғысым айтар көп
менің.
2 жүргізуші: Ұстаз! Осы
сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын
–жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі
де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған,
шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарға сазды сәлем
жолданады
.
.2-жүргізуші: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп
Даналықтан қазына жүрсіз жиып
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Мектепті біздің басқарып
Ұстаздықты да атқарып
Әріптестеріне басшы атанған
Мектеп директоры ________ апайға мың
малғыс!
1-жүргізуші: Пейілі қазақтың кең даласындай
Екі ару ортамызда бар асылдай
Мектебінің ұжымын басқарған
Көзінің ағы менен қарасындай
Құрметті _______ апай мен ________ апайларымызға мың
алғыс!
2- жүргізуші: Биік сенің
ұстаздық қасиетің
Мінезің жоқ қиынға бас иетін
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған
Жадымызда сақталар өсиетің.
Құрметті _______ апайымызға мың
алғыс!
1-жүргізуші: Анам тілі- бабам тілі, ардағым,
Келді өзіңізге ән арнағым
Мәртебесі өскен сайын тілімнің
Көргендей боп келеді жан-жағым
_________ апайымызға мың алғыс!
2-жүргізуші: Аралатқан
ғалымдардың мол бағын,
Әлі есімде сол бір бейнең, сондағы
үн.
Көрген сайын жанарыңнан оқимын
Ізгілік пен парасаттың жолдарын.
________ апайға мың алғыс!
1-жүргізуші Тарих пәні
жаңғыртады жадыңды,
Таза ұстауға ықпал етеді арыңды.
Болашаққа қолын сермеп меңзейді,
Жарық етеді таңыңды, қастерлейді
барыңды.
Тарих пәні мұғалімі ______ апайға мың
алғыс!
2-жүргізуші: Ұрпақ қамын
анасындай ойлайды
Болашаққа жетелейді, толғайды
Өркениетті адам болам десеңіз
Шет ел тілін білсең артық болмайды
Ағылшын тілі пәні мұғалімі _______ апайға мың
алғыс!
1-жүргізуші: Математика-
анасы бар ілімнің
Алғыс және айтамыз сізге де мың
Келесі әнді арнаймыз тек сіздерге
Құрметтеумен өтсін деп шәкірттерің
______ ағайымыз бен _________ағайларымызға
мың алғыс!
2- жүргізуші:Тауысушы ек
барлық борды,
Сан өшіріп тақтаны
Шығарғанда қиын есеп,
Қалушы едік қуанып.
Периодтық жүйені үйретем деп
ізденген,
Химимя пәні мұғалімі ____________ апайымызға
мың алғыс!
1-жүргізуші:Биология-болашақтың ілімі,
Дәл осылай қабылдауда ел мұны
Жер шарында көбейеді халықтар,
Осы пәнде толғайтұғын ол мұны
Биология пәні мұғалімі ________ ағайымызға
мың алғыс!
2-жүргізуші:Шынығамыз
жүгіріп, ойнаймыз көп
Тартыламыз турникке, қуамыз доп.
Барлық бала ол пәнді жақсы көреді,
«барлығымыз спортшы боламыз» деп.
________ ағайға мың алғыс!
1-жүргізуші:
Ұстаз мейірі, Ана мейірі пара пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар өмірге шуақ болып
Жан аямай білім берген ұстаздар
Ән
2-жүргізуші: Жайнаса бал-бұл бүлдіршін
Бір сынып тағы өрлеген
Түлектер тұйық, кім білсін.
Сезім бе қимас кернеген
Мерейлі топтан алқалы
Сыр тартып бір көрейік
Сөз кезегін, ал қане,
Балдырғанға берейік.
Сөз кезегі 1-сынып оқушыларына
беріледі.
1-жүргізуші: Мерекеде
басты костық бәріміз
Жарасады әнімізбен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальстің
Бірге толкытып, әсем сазбен жанымыз.
Қоштасу вальсі
2-жүргізуші:
Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,
Жаңа сыр ашатұғын жас дарындар,
Шәкірті жаман екен дегізбеңдер,
Санасы биік адал дос табыңдар!
Иә, біздер әрқашан еске алып жүретін жаны асыл
ұстазымыз да бүгінгі соңғы Қоңырау үнімен біздермен
қоштаспақ.
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күзің, қыс, жазың
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап
Болашаққа бір жол нұсқадың
Кем көрмеймін сізді асыл анамнан
Сізге ұқсап қудық бізде сан арман
Сіздей адам дүниеде көп болсын
Балалардың бақыты үшін жаралған
Шәкірттеріне деген соңғы ақыл-кеңесін, сәт
сапарын арнау үшін құттықтау сөзі сынып жетекшімізге беріледі.
Ортаға _______апайды шақырамыз
Хор:
1-жүргізуші
Жаксы шакірт
азамат атанады,
Халқынан
ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын
деп ақ тілегін.
Ортаға шақырайык
ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз
атынан:
2- жүргізуші:
Келешек өмір қандай болса да қуанышы мен реніші қатар келсе де,
еліміздің қай түпкірінде болсаң да, сен міндетті түрде алтын ұяң-
мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды, осы
салтанатты, толғандырар минуттарды естен шығарма!
Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бакыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын
кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады.
Мектептегі аманатын тапсыру
рәсімі _____пен аманат қабылдап алу кұрметі 10-сынып оқушысы ________
беріледі
Жақсылыққа біздерді баптаған,
Ұстазым өзіңменен мақтанам.
Ізгілік сыйлаған біздерге,
Мың алғыс, мың алғыс сіздерге!
Хор:
1-жургізуші:
Қоңырау үні. Бұл
үн білім кемесі мектеп кабырғасынан шыққан әрбір адамның құлағына
таныс ,жүрегіне жакын. Алғашқы қоңырау балалык арманыңды жетелеп,
білім алып, максатыңды айкындауға шакырса, соңғы коңырау үні
кәмелетке толып, он-солын танып, қанаттанған бозбала мен
бойжеткендерді арман биіктеріне ұшырып, ең үлкен өмір мектебіне
шығарып салады. Соңғы қоңырау осындай қимас коштасу әуені сәтімен
ыстық.
2-жүргізуші:
Күмбірле, коңырау
күмбірле
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
Осымен сіздерге арналган концерттік бағдарлама
аякталды. Көңіл койып тыңдағандарынызға көп рақмет!