Сыңғырла соңғы қоңырау!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыңғырла соңғы қоңырау!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас жүректің өмірлік құштары -гүл, Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Сыңғырла, соңғы қоңырау»

Фанфара ойнайды

I - жүргізуші: Армысыздар, Аяулы ұстаздар,қымбатты оқушылар, ардақты ата - аналар және қонақтар мен қадірлі жас түлектер!
- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебін, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер! Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектердің есінде мәңгі өшпесі анық.

II - жүргізуші:

I - жүргізуші: Өнері мен білімін өз бойларына өре білген еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектерімізді бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз.
Жас жүректің өмірлік құштары -гүл, Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка) Алдарыңызда 11 «А» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Шайдолда Нұргүл

II - жүргізуші:

1-жүргізуші: 2016-2017 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған
«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз

II - жүргізуші:

I – жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді ағалық қамқорлығым деп түсінген. қимас сәтте өздеріңе арналған алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Тулебаев Қанат Шакенович мырзаға беріледі.
(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

Бектау ауылдық округінің әкімі Маменов сағадат Қорқытбайұлына сөз беріледі.



II - жүргізуші:

I - жүргізуші: Келесі сөз кезегі мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Көлбай Зоя мен Ғалия Сейтжановнаға сөз беріледі.

(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)

I - жүргізуші: Келесі кезекті мектебіміздің ардагер ұстаздарына сөз береміз. Мұсағалиев Қазымбек Балташұлын қошеметпен ортаға шақырамыз.

II - жүргізуші:

1-жүргізуші:

Ата-ана тәрбиелеп балапанын

Әлдилеп, аялаған алақанын

Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар

Ойлауменен алдағы бала қамын деп

Ата-аналар атынан тілек сөз ................... беріледі.

II- жүргізуші:

I - жүргізуші:

Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды. Деп келесі құттықтау сөзін 1 сынып оқушыларына береміз.
/ 1 сыныптың құттықтаулары /

  (1 –ші сынып оқушылары өлеңдері мен сыйлықтарын береді .ПОДАРКИ « класс дарит 11 классу)

II- жүргізуші:

1-жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі осында.
Өмірге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек, ендігі сөзді сендерге береміз. /Құттықтау айту/ гүл тапсыру/ вальс/

II- жүргізуші:

1-жүргізуші:

Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11-дің алтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, «қызыл аттестат» үміткері Естай Ақжол 10-сынып оқушысы, оқу озаты Шайзанда Шуаққа тапсырады.
II- жүргізуші:

1-жүргізуші:

Қымбатты мектеп бітіруші жас түлектер!
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
Бәрі – сын, араласың, өмір аулың,
Бәрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушысы --------------------------- және 11сынып оқушысы ------------------------- беріледі. / көгершін/ шар/ ұшыру.

I - жүргізуші:
Құрметті түлектер!
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық

1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын!

1-жүргізуші: Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.

II- жүргізуші:

1-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз.

II- жүргізуші:

1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
6744
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі