«Құлақтан үнің
кетпестей,
Сыңғырла, соңғы
қоңырау!»
2020-2021 оқу
жылы
Фанфары
1-жүргізуші: Армысыздарқұрметті қонақтар, ұстаздар,
ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы
артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз
еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, түлектермен
қоштасу мерекесімен, соңғы қоңырау салтанатымен
құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы кеш
еді, Көңіл шіркін, тасып-толып өседі. Ұл кешегі жігіт болып
қалыпты, Бойжетіпті кішкене қыз бантикті - демекші, құрметті
ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар мен қонақтар, «Сыңғырла, соңғы
қоңырау!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Мектеп деген ата-анаңдай
әлпештеп, биік шыңдарға жетелейтін,
11 жыл
бойы білім нәрімен сусындатып, болашаққа нық қадам басуға
көмектесетін алтын ұя.
2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, "мектеп – кеме,
білім – теңіз" деп бекер айтпаған ғой. Бүгінде енді қайтып мектеп
табалдырығын аттамайтын оқушылар да бар. Олай болса, баршаңызға
арналған мектеппен қоштасу кешін бастауға рұқсат
етіңіздер.
1-жүргізуші:
Нұрлы үмітін арқалаған
арқаға,
Жан сәулесін тарататын
баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді
көрсетіп,
Түлектерді шақырайық
ортаға.
2-жүргізуші
Алтын ұямектебінің
табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші
түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы
алыңыздар
Музыка
әуенімен ортаға мектеп бітіруші түлектер
шығады
/жүргізушілер кезектесіп
оқиды/
АӘД бұйрығы. Нуракай
Алим
– Мектеп, түзел, тік тұр!–
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын!
(Мектеп әнұран
орындайды).
2-жүргізуші: 2020-2021 оқу жылының аяқталу
құрметіне арналған
Сыңғырла,
соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз.
1-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары
тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы
тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ,
міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда
бүгін.
2-жүргізуші:
Түлектердің арманы аппақ
нұрдай,
Бар тілегі қашанда
жақұттардай.
Білімнің ордасына ие
болған
Әрі басшы, әрі биік
қорғанындай –дей келе құттықтау
сөз кезегін мектебіміздің басшысы Жарқынбаева Күлсан Заберқызына
береміз.
/марапаттау/
1-жүргізуші: 2-жүргізуші: кезектесіп
айтасыздар
Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп
көңіл қимастық кешкен күн.
Бүгін-атаң ақ жол тілеп,ақ
бата берсем деген күн.
Бүгін-әжең ерке ұланының
ержеткенін көрсем деген күн.
Бүгін-әкең қызым бой жетті деп
мақтанған күн.
Бүгін-анаң ұлым ер жетті деп
шаттанған күн.
Бүгін-ұстазыңның жанында
шәкірт болып соңғы рет топталған күн
Бүгін-арман қуып алысқа
аттанған күн
1-жүргізуші:
Білімнің жинай білсек бүгін
нәрін,
Ұстаздың еңбегі деп
ұғынғаным.
Ұлы ұстаз, бір сіздің
арқаңызда,
Бұл күнде шарлай алсақ білім
бағын.
Орнығып сізден үлгі санаға
нық,
Сол тәлім бойдан жолын табады
анық.
Қандай бір құрметке де
лайықсыз,
Жатса егер еңбегіңіз
бағаланып.
Бүлдіршін тәрбиесі -
табысыңыз,
Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін
біз.
Шәкірттен алғыс алып қашанда
да,
Жемісті бола берсін әр
ісіңіз!-дей келе мектептің
білім кілтін табыстауды алтын белгі үміткері Рахым Қасымға
ұсынамыз.
2-жүргізуші:Алтын ұя мектебіміздің білім кілтін
қабылдаушы оқу
үздігі
10 сынып оқушысы, Исенова
Сақып.
1-жүргізуші:. Біздің жас түлектеріміз!
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына
анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің
алтын ұя мектебімен, әліппеден бастап өмір заңына дейін үйреткен
ұстаздардың шәкірттерімен қоштасар
кезі.
2-жүргізуші:
Құрметті,
Жас Түлектер! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа
сүрінбей жетіңдер! Өйткені, сендер мектеппен қоштасып, үлкен өмірге
қанат қағып барасыңдар. Енді сендерді өмірлеріңде сан тарау жолдар
күтіп тұр. Сол жолда әрбіреулерің бақыт үшін, өмірден лайықты орын
алу үшін күресеңдер, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы
ұстаздарымызды мәңгілік жүректеріңде ұмытпай
сақтаңдар.
1-жүргізуші:
Әлі
есімде әліппені ашқаным,
Есіміңді
есте мәңгң с ақтадым.
Жүрегіме
нұрын құйған жылылық,
Көрген
емес ешқашанда суынып деп- түлектерді құттықтау үшін алғашқы білім
нәрімен сусындатқан ұстазы Жақсыбаева Роза
Алимжанқызына береміз.
1-жүргізуші:
Жетекші деген-ерекше тұлға, дара
шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі
қалатын.
Оқушылардың альбомын алып
қолына,
Шәкірттерін оңаша еске
алатын.
2-жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір
елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз береміз құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз
- деп келесі сөз кезегін
сынып жетекшісі Тлеутаева Бағира Искаковнаға
береміз.
1-жүргізуші:
Қандай ғажап, қарашы
жан-жағыңа,
Күміс күлкі сыймай тұр, қара
мұнда.
Ата-анадан бақытты бар ма екен
жан.
Қол жеткізген аңсаған
арманына.
2-жүргізуші:
Қандай ғажап қарашы айналаңа
,
Бақыттан басың, сiрә, айнала ма
?!
Ұл-қызы азамат боп есейдi
деп,
Құрметпен сөз берейiк ата-анаға ,
- дей отырып келесі сөзді 11
сыныптың
ата-аналарына
береміз.
1-жүргізуші:
Мектеп
маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік
те, мейірім бәрі осында.
Өмірге
қанат қақты жас өрендер,
Асыл
арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан, қимастық пен
қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан, осынау
сәтте шәкірттік
сәттің
соңы, өмір жолының алғашқы қадамында тұрған
жас
түлек, ендігі сөзді сіздерге береміз.
/11
сыныптардың концерттері/
2-жүргізуші:
Қымбатты
мектеп бітіруші түлектер! Сіздер үшін ең қуанышты да салтанатты сәт –
соңғы қоңырау сыңғыры.
Бұл – алдыңғы қоңырау үндерінің біріне де
ұқсамайтын, ерекше қоңырау. Бұл қоңырау үні, балалықтың, мектептегі
достықтың және бүгінгі күннің мейірімді, жақсы естеліктерінің
үніндей, жүректеріңде мәңгі
сақталсын.
1-жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей
қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер! Нағыз жүрек
тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында
естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет
соғылмақ.
2-
жүргізуші Соңғы қоңырау соғу
рәсімі 11 сынып
оқушыларынаұсынылады.
Қоңырау соғылып жатқан уақытта
1-Жүргізуші:Құрметті түлектер,міне
сіздерге арналып соңғы қоңырау соғылды..Сіздердің алдарыңызда
барлық қуаныш – күйінішімен,қиындығымен және шексіз жолдарымен
үлкен өмір есігі ашылғалы
тұр.
(музыка әуенімен)11
сынып оқушылары шығады
2-
жүргізуші :
Қоштасады, алтын ұя, мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте
күн.
«Сәт
сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз.
Ұлттық
бірыңғай тестті табысты тапсыруларыңызға
тілектеспіз.
Жаңа
өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
1-жүргізуші: Осымен 2020-2021оқу жылының
салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз. Жазғы
демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен жолыққанша
сау-саламатта болыңыздар.