Материалдар / Сыңғырла соңғы қоңырау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыңғырла соңғы қоңырау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Соңғы қоңырау -2023» мерекесінің сценариі.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Соңғы қоңырау -2023» мерекесінің сценариі.

Өтетін күні: 1 маусым 2023 жыл

Өтетін уақыты: Сағат 10. 00

Өтетін орны: Спорт зал

Безендірілуі: Мектеп алаңын түрлі - түсті шарлармен, жалаушалармен, ленталар, қоңыраулармен,гульдермен безендіру.

Орналасуы: Мектеп алаңында сағат 10. 00 - ге дейін оң жақ бетінде оқушылар, сол жағында салтанаттты жиынға шақырылған қонақтар орналасады.

Музыка орындалады.

1-Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар. Шәріптоғай негізгі мектебі тағы да бір салтанатты жиынға сап түзеді.

2-Жүргізуші: Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, тынымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтаймыз және Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын. Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз

І жүргізуші:
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа,
Қош келдің, айналайын, халқым менің!

ІІ жүргізуші:
Өлшеулі ар - намыс пен нарқымыздың,
Қорғаны адамдық пен салтымыздың.
Армысыздар аяулы ұстаздарым,
Сенері сендерсіндер халқымыздың.

І жүргізуші:
Өмір берер ертеңгі бағаларын,
Ұядан ұшпақ бүгін балаларың.
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген,
Қош келдің әкелер мен аналарым.

ІІ жүргізуші:
Бүгін мектеп кемесінен тағы бір топ түлектерімізді қиын да жауапты өмір жолына аттандырмақшымыз. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I - жүргізуші: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
II - жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
I - жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
II - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
I – жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
II - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
I – жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
II - жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

І жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

ІІ жүргізуші:
Олай болса, мектеп бітіруші түлектерді және сынып жетекшісі Насибуллина З.М. құрметпен қошеметпен қарсы алып ортаға шақырамыз.
Қошеметпен қарсы алайық. Смагулов Дарын,Сабидоллинов Ернұр,Турарбекова Дария, Сагидуллаева Наргиз ,Бейсенбекұлы Ер- Жәнібеқ Сабидоллинов Ермек.


Д/Ш мұғалімі: Мектеп түзел тік тұр!
2-Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көтерілсін. Ту көтеру рәсімі мектеп ардагері ______________________________________________________________________және мектеп түлегі_____________________________________________ берілсін .

(Музыка ойнайды)

1-Жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған

Ер қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр, өзі әнші халыққа

Жарасады жігер берер әнұран.


/ Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады /


2-Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар,ата - аналар, келген қонақтар!

« Сыңғырла соңғы қоңырау- 2023» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.


1-жүргізуші:

Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жай түйіні шешіледі.

Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар: Көкпекті ауданының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мукашев Слямбек насырбаевич

Көкпекті ауданы білім бөлімінің әдіскері Джунусбекоа Қажет Джунусбекович


2-жүргізуші: Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымыз да ортамызда: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-Жүргізуші: Қымбатты мектеп түлектері, негізгі мектепте өткізген 9 - жылда қоңырау үнін қаншама рет естідіңдер. Алғаш мектеп табалдырығын аттағанда естігендерің естеріңде ме?
Ал, бүгінгі қоңыраудың үні мүлде ерекше. Ол сендерге мектептің соғатын ең соңғы қоңырауы. Балалық шақтың келесі бір белесіне апаратын қоңырау.

2-Жүргізуші:

Жолдайды мектеп директоры, түлектерге ақ тілек.
Өмір деген үлкен жолда. Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс балаға
Берген білімін мейірімін, қамқор пейілің деп
Алғашқы сөз мектеп директоры Халиульдина Алмаш Қайырқанкызына беріледі.

1-Жүргізуші:

Келер мерейтой, мейрамдарда,
Мәртебең де биік қой мейрам барда.
Бүгінгі мектеп түлектеріне тілек айтсын,- дей отырып, сөз кезегі қонақтарда. бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырган қонақтарды құрметпен атай келе құттықтау сөз кезегі сіздерде.

Құттықтау сөз: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз ____________________________________________________________________________________________________________________________________

1-Жүргізуші:

Мектеп бұйрығымен таныстырып, оқу озаттарын марапаттау үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова Ж.Т беріледі.



Білім менен ақыл-ойды жиып кең,

Қиындықты нық көтеріп иықпен.

Сан асудан асып өтіп сүрінбей,

Барлық бала көрінсін тек биіктен!


(Оқу озаттарын марапаттау)

2-Жүргізуші: Назар аударыныздар! Салтанатты сәт!

«Барлық жылдың түлектері бірігіңдер» атты ұранмен, осы мектеп түлектері кеңесінің мүшесі ретінде 9 сынып түлектеріне куәлік беру рәсімі, мектеп түлектері кеңесінің жетекшісі Мусталдинова Сауле Кошеровнаға сөз беріледі.

Түлектер анты айтылады

1-Жүргізуші: Назар аударыныздар! Салтанатты сәт! Мектеп бітіруші түлектерге «Мектеп түлектері кенесінің Шариптоғай негізгі мектебінің құрметті мүшесі » атағы беріледі. Мектеп түлектері кенесі мүшесінің куәлігін табыстау құқығы____

Жылдың түлегі__________________________________________________беріледі.



Музыка ойнайды куәліктер табыстау жүргізіледі)

Өткен жылдың түлегі : Осы сәттен бастап сіздер Шәріптоғай негізгі мектебінің түлектер кенесінің толыққанды мүшесісіз.

Мектеп түлектерінің орындауында «Мектеппен қоштасу вальсы»

1-Жүргізуші:

Ақыл, білім жастарда,
Сөз береміз жастарға!

8 сынып оқушылары


1-Жүргізуші:

Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстазы __________________________сөз беріледі.

2-Жүргізуші:

Келешек қой осылар барға шүкір,
Алдарыңда ақ қанат арман тұр.
Жүректері лүпілдеп, тебіреніп,
Жетекшісін елжіреп қимастай бір.

1-Жүргізуші: Көңілдері қобалжып, қимастай күй кешіп тұрған түлектерімізбен сынып жетекшісі Насибуллина .Зеннат Муратовна ортаға шақырып сөз берейік.

Түлектер сөз сөйлейді Ән« Қош бол енді мектебім менің»

2-Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата - ананы.

«Ата - ана баланың бас ұстазы» дегендей ата - ана мен мұғалім қатар тұрғанда бала өзіне деген қамқорлықты толық сезінеді. Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата - аналарымыз атынан______________________________________________________________________________________________________________________________ беріледі. 

2-жургізуші:

Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.


1-жүргізуші: Быйылғы оқу жылының соңғы қоңырауына құлақ салайық.

Музыка ойнайды (фанфары)

Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың оқушыларына және мектеп түлектеріне беріледі.

/Қоңырау соғылады, дүрс - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/

2-жүргізуші:

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгінгі соңғы қоңырау сыңғыры.


Дірілдеді-ау ерекше жүректерің. 
Бүлдіршіндер өздеріңдей болғанбыз,
Құшақ ашқан алтын ұя ордамыз. 
Сол бір сәттер енді қайта келер ме? 

Балалығым біз өзіңді қимаймыз, 
Алтын ұя мектебім мен аяулы
Ұстаздарым өздеріңді қимаймыз.
Қош бол енді балалығым бал дәмім 


Жас түлектер!!!  Қоштасады алтын ұя мектебің, 
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн 
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз, 
Тілейік біз армандарға жеткенін. 


Д/Ш мұғалімі: Мектеп түзел тік тұр!

1-Жүргізуші: 1-Жүргізуші: салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.

/ Әуен ойналып түру керек /

Салтанатты жиынның жабылуы.


2-Жүргізуші: Қүрметті оқушылар, қонақтар, ұстаздар!

Осымен 2022-2023 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау жиынын жабық деп жариялаймыз.

Кош, балалар! Жазғы демалысқа  аттандық,

Білім алып, марапаттап, шаттандық.

Болашақта жүрейік тек әрдайым,

Біз сіздерді, сіз біздерді мақтан ғып.

 

Қызықты каникул кезінде,

Асыр сап, қуандық, демалдық.

Сүйікті мектебім өзіне,

Қуанып қайтадан оралдық-деп  қыркүйек айында аман-есен жүздесейік! Осымен « Сыңғырла соңғы қоңырау2023!» салтанатты мерекеміз өз мәресіне жетті. Қош сау болыңыздар!

 






























































ШҚО

Көкпекті ауданы

Шәріптоғай негізгі мектебі











«Сыңғырла соңғы қоңырау»

мерекесінің сценариі.















2017жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!