Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыңғырла, соңғы қоңырау.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
№49 негізгі мектеп Сағымбекова Нұрдана Алимтаевна
Сыңғырла, соңғы қоңырау.
Фанфар
«Мамбо» би
/ Фанфар жүргізушілерге ойналады/
1 жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар,қонақтар!
2-жүргізуші: Қадірменді ата - аналар!Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
1-жүргізуші: Бүгінгі күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі білім ордаларында - мектептерде 2017-2018 оқу жылының «Ел ордасы-Астана» атты соңғы қоңырау салтанатты мерекесі өткізілуде.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн! 9 жыл бойы тәлім – тәрбие берген ұстаздар мен ата - аналардың еңбегінің жемісі болып саналатын жас түлектердің мектеп қабырғасынан шығып үлкен өмірге қадам басардағы қуанышты күні.
1-жүргізуші: Бұл –алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын, жастар үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентелік сәт.
2-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:
Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Биыл республика, облыс, аудан көлемінде қоғамдық маңызы бар бірқатар мерейтойлар аталып өтілуде. Атап айтар болсақ,Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру аясындағы жыл
2-жүргізуші: Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған жыл
Жүргізуші: Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім деп, атақты жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, жан-жақты дамыған ұрпақтың болашағы білім беру жүйесіне байланысты.
Жүргізуші: Ондай білім беретін білім ордасы – мектеп. Бүгінгі мектеп білім мекемесінің алдында тұрған басты мақсат – әлемнің басқа халықтарымен бірдей тең дәрежелі білім алу.
Жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадық,
Жүректерде шоқ бар екен байқадық.
Үздіктердің саны жылдап көбейіп,
Дарындылар өсе берсін жайқалып.
Талай шәкірт тәрбиелеген сендердей
Ұстаздарың – атына заты сай халық.\
1-жүргізуші: Алдарыңызда сапалы білім, саналы тәрбиемен жыл бойы көзге түскен, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып,мектептің білім сапасына, мектеп өміріне елеулі үлес қосқан мектебіміздің Үздік оқушыларын қошеметтеп қарсы алайық.
-
/мектебіміздің үздіктер оқушыларының шеруі /
-
Музыка «Мереке»
2 жүргізуші: Думанды дүбір ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы.
Мінеки, тағы бір жылды
Сырғытып артқа тастады.
1 жүргізуші: Ұстаздардың – жаны нұр
Шаттық кейін бөліскен.
Аяқталды тағы бір
Оқу жылы жеміспен.
2-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Түлектерді шақырайық ортаға.
( Безендірілген шар аркасынан 9 сынып оқушылары кіреді)
Музыка
1-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы, үлгілі, өнегелі, озат оқушымыз, ,қызыл аттестацияға үміткер , сырттай математика пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы Марат Аружан Нұржанқызы
2- жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы, үлгілі, өнегелі, дарынды,талантты аудандық «Шу жұлдыздары» байқауының жүлдегері талантты әнші жігітіміз Елшібек Қайсар Азаматұлы
1- жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы, үлгілі, өнегелі, дарынды,талантты аудандық «Шу жұлдыздары» байқауының жүлдегері талантты әнші жігітіміз Смағұл Арсен Алмазұлы
2-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы республикалық «Ақ бота» интеллектуальдық марафонның жеңімпазы Абдіқадырова Жасмина Мақсатқызы
1- жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы, үздік оқушымыз, аудандық қоғамдық жұмыстарына белсене араласатын Орынбек Арман Ғазизұлы
2-жүргізуші: Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысушы сымбаты да,байсалды жігітіміз аудандық спорт жарыстарының жеңімпазы Еркінбекұлы Диас
1-жүргізуші: Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысушы, аудандық, мектепішілік сурет байқауының жеңімпазы Нұржанқызы Нұрай
2- жүргізуші: Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысушы аудандық футбол жарыстарының жеңімпазы Токулиев Нуржан Мұратұлы
1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын,аудандық спорт жарыстарының жеңімпазы Ахан Ғаният Наятұлы
2-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы, аудандық іс-шаралар байқауының жеңімпазы,ибалы да сүйкімді қызымыз Сағатбай Айзат Дүйсенбайқызы
1-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы Жапалақ Нурлан Талғатұлы
2-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы тәртібіде жақсы, мінез кіші пейіл, аудындық қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын, халықаралық«Русский медвежонок» интеллектуальдық марафонның жеңімпазы Ахкен Эльвира Қайратқызы
1-жүргізуші: Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысушы сымбаты да,байсалды жігітіміз аудандық,облыстық бокс спартакиадасының жеңімпазы Танатар Мейірлан Қайратұлы
2-жүргізуші: Мектебіміздің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысушы, аудандық, облыстық таэквандо жарыстарының жеңімпазы Қасым Нұрдаулет Кенжебекұлы
1-жүргізуші: Сабырлы, тазалықты ұнататын, қоғамдық жұмыстарына белсене қатысатын , мектепішілік қол өнер байқауының жеңімпазы Изатова Жанель Мүсірәліқызы
2- жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы аудандық, облыстық футбол турнирінің жеңімпазы Ермек Даурен Мұхитұлы
1-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы аудандық жеңіл атлетика турнирдің , халықаралық«КИО» интеллектуальдық марафонның, сырттай химия пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпазы Шалбаева Зарина Русланқызы
2- жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы аудандық,бокс турнирінің жеңімпазы Дәлібай Әлімжан Әмірбекұлы
1-жүргізуші: Мектебіміздің мақтанышы халықаралық«КИО» интеллектуальдық марафонның жеңімпазы Шадыхан Ринат Маратұлы
2-жүргізуші: Мектепішілік қыз сыны байқауының жеңімпазы,өнегелі,үлгілі қызымыз Қазиханқызы Ақнұр
1-жүргізуші: Қалалық жеңіл атлетика жарыстарының жеңімпазы Мұстафин Данияр Мамырханұлы
2-жүргізуші: Қалалық жеңіл атлетика,қол күрес,асық ату жарыстарының жеңімпазы Рахымбай Төле Еркінұлы
1-жүргізуші: Қарсы алыңыздар, бүгінгі бітіруші түлектердің бастауыш сынып мұғалімдері Тойчиева Гаухар Әшірәліқызы, Адильбек Гүлназ Сарсенбайқызы 9 «а» сынып жетекшісі: Қадырова Жанар Мұхамедкәрімқызы, есімін құрметпен атай отырып қошеметпен ортаға шақырамыз
Бірге: «Ел ордасы-Астана» атты соңғы қоңырау салтанатты мерекелік жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
/ ортаға д/е шынықтыру пәнінің мұғалімі Бақытжан Русланұлы мектепті сапқа тұрғызады/
2
жүргізуші:Тарихы терең қазақ деген көне елде
Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?!
1 - жүргізуші: Мазмұнына өрнегі жарасқан,
тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР
мемлекеттік туын көтеру құрметін мектеп бітіруші түлектер, үлгілі
оқушыларға Елшібек Қайсар
Азаматұлы, Ахан Ғаният Наятұлына тапсырылады.
/Мектеп сапқа түзеледі, Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік туы көтеріледі, ҚР гимн орындалады
/.
2- жүргізуші:
-Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтсек:
1. мектеп директоры Байжұманова Гүлназ Қазақбайқызы
2
.--------------------------------------------------------------------------------------------------
3. Оқу ісі жөніндегі орынбасары Қосаева Гүлзипа Рахметжанқызы.
4. ата-аналар комитетінің төрайымы Рузаева Жайдарман
1жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам.
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Байжұманова Гүлназ Қазақбайқызына сөз кезегі беріледі
1жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейік құрметпен өзіңізге
Шәкірттерге арналсын тілектеріңіз.
Сөз кезегі құрметті қонақтарымызда
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2жүргізуші: Мектеп директордың бұйрығымен таныстыру оқу ісі жөніндегі орынбасары Қосаева Гүлзипа Рахметжанқызына беріледі.
1жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды
Құттықтау сөз кезегі 1 сынып оқушыларында
2-
жүргізуші:Ата – ананың өмірінің жалғасы,
Ұстазының енді толған арнасы.
Өмір бақтың пісіп тұрған алмасы,
Түлектерім сөйлейді.
1-
жүргізуші:Кең пейіл мен ақ арманнан нұр алған,
Туған жердің бақытына жаралған.
Орын табар бақыт деген аралдан,
Жүректерің не дейді ?
Түлектерім сөйлейді.
Мектеп түлектеріне сөз кезегін
берейік.
1.Құттықтау сөз.
2.Ұстаздарға арналған шұмақ өлеңдер:
1. Филолог маманы-мектебімнің басшысы,
Сауаттылық, шешендікке талап қояд ол кісі.
Байбұлан ұстаз, өзіңіздей болса егер,
Шәкірттердің алға басар бар ісі!
2. Тәрбие мен білім егіз қашанда,
Мықты тірек керек әрбір ұжымға.
Шәкірттерің мектеп атын шығарар,
Нұрдана, Гүлзипа ұстаздарымыз барда.
3. Білім басы басталар бастауыштан,
Әліппені оқытып, әріптерді танытқан.
Бастауыштын мугалiмдерi сiздерге,
Құрметтейміз бас иіп, әрқашан!
4. Бізбен бірге мұңайып, бізбен бірге қуанған,
География маманы, Гүлжан татей ізгі жан.
Біз тілейміз ұстазым әрқашанда,
Алдыңыздан күліп атсын, аппақ таң!
5. Математика-күрделі пән мектепте,
Ұстазымыз үйретеді еңбекпен.
Гүлжан татейімізге,
«Рахмет» деп бас иеміз сізге!
7. Ана тілдің қасиетін үйреткен,
Сөз сөйлетіп, жыр жаттатып, мәнермен.
Курметтi Ляззат,Жанар ұстаздарымыз
Шығармайды шәкірттерің мәңгі естен!
8. Өміріме қажетті орыс тілі,
Көп тіл білу-артық емес бұл күні.
Сандуғаш ұстазымыз әрқашан еңбектеніп,
Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын.
9. Ағылшын тілі-жаңа заман талабы,
Асель ұстазымыз, сол саланың маманы.
Ұстаздардың бәрі болса тек сіздей,
Жетістіктер біз алатын бар талай!
11. Жаратылыстың сырын бізге ұқтырған,
Химияда, физика да келешекте керек пән.
Жанар,Айнур апайлар сізге де мың алғыс,
Элемент пен теорияны жаттатқан.
12. Оқушының сүйікті бір пәндері,
Суретпенен, музыкалық өнері.
Ұстазымыз Ботагөздей апайга,
Шәкірттерің сізге табыс тілейді!
13. Шәкірт үшін әркез тыным таппаған,
Өнерліні өрге сүйреп баптаған.
Гұлден татей тарих панiнiн маманы
Қайда жүрсем өнеріммен мақтанам!
14. Шынықтырып денені,
Сау болсын деп деніміз.
Бақытжан деген ағай бар,
Талап қоя біледі.
Жүгіру де, секіру,
.
Білім алған шәкірттер,
Әркез еске алады!
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!
9 сынып оқушысы: Ұстаз! Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Сөз маржанын терген ақын –жазушыда, көк күмбезіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым ететіні рас. Өз уақытын аямаған, шәкіртінің уақытын аялаған, ұстаздарымызды құрметпен ортаға шақырамыз.
/оқушылар жүрекше болып тұрады/
Музыка ойналады
Қайсар мен Арсеннің орындауында «Ұстазым»
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиында білім кілтің тапсыру рәсімі мектебіміздің мақтаныштары, 9 жыл бойы өздерін тек жақсы оқу, үлгілі тәртібімен көрсете білген, бірнеше рет мектеп, қала намысын қорғап жүрген 9 сынып оқушылары Марат Аружан Нұржанқызы, Орынбек Арман Ғазизұлы және 8 сынып оқушылары Әбсамат Аяулым Саматқызы, Құдайберген Аяулым Талғатқызына тапсырылады.
/ Білімнің мына өмірде жеңгені көп
Білім қалар халқымның сенгені көп
Сондықтанда білім кілтің сендерге
Тапсырамыз,ақ ниетпен сенеміз
Ұрпаққа кезеңімен берген білім
Алтын ұя мектеп қой елім сенген
9жыл бойы білімменен қанаттанып
Аттанамыз бізде білім кернеумен.
Қымбатты түлектер,келешек өмір қандай болсада қуанышы мен реніштері қатар келседе еліміздің қай түпкерінде болманда,сендер міндетті түрде алтын ұя мектептерінді,сүйікті ұстаздарынды ,бірге оқыған достарынды ,осы салтанатты толғандырар минуттарды естер шығармандар/
1-жүргізуші: Ата- ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп аялаған алақанын
Болашаққа бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен әрқашан бала қамын.
Ортаға мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналарының атынан құттықтау сөз кезегі
Біттібаева Айгул
2-жүргізуші:
Б әрі - шын, қоштасарда қоңырау мұң
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын естігінде қоңыраудың
Ұғынамыз мектепке барар жолын
Соңғы қоңырау соғу рәсімі 1 сыныптың үздік оқушылары Сұлтанбек Інжу , Оңғарбай Болатқа және 9 сынып оқушыларына тапсырылады.
1-жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулиды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен,
«Мектеп вальсін» билеп тұрып.
/«Мектеп вальсі» бітіруші түлектер./
2-жүргізуші: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын 9 сынып оқушыларының мектеппен қоштасар сәтте келіп жетті.
оқушы: Құрметті бүгінгі соңғы қоңырау салтанатына жиналған қадірлі ұстаздарымыз!
оқушы: Ата-аналарымыз!
оқушы: Сыныптас достарымыз!
оқушы: Міне, біз бүгін « тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» алтын ұя мектебімізбен,
оқушы: бізді 9 жыл оқытып, білім нәрін сіңірген, аяулы да, ардақты ұстаздарымызбен,
оқушы: Құлын-тайдай тебіскен, бірге оқыған достарымызбен қоштасқалы отырмыз.
оқушы: Енді біздің құлағымызға күмбірлеген күміс қоңыраудың үні естілмейді,
оқушы: Енді біз, ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау- мектеп ауласында жарыса жүгіріп, сынып парталарына таласа-тармаса отырмаймыз.
оқушы: Енді біз, 9 жыл бойы «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген ұстаздарымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз.
оқушы: Біз осы мектептен тәлім-тәрбие ала жүріп, болашағымыздың іргетасын қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген қимастық сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі келешегімізді ойлап, жүрегіміз лүпіл қағып тұр.
оқушы: Сыныптас достар! Барлығымыз күш- жігерімізді аянбай салып, білімнің шыңына шығуға, Ұстаздарымыз бен ата-аналарымыздың сенімін ақтауға тырысып, мектебіміздің мерейін көтеріп, мақтанышы болайық!
оқушы: Бізге алғаш рет әліппені ұстатып, әріптерді танытқан, алғашқы ұстазымыз-Гаухар Әшірәліқызы
оқушы: Және біз десе ішкен асын жерге қоятын жанашыр жетекшіміз- Жанар Мұхамедкәрімқызына;
оқушы: Осы уақытқа дейін білім мен тәрбие беріп, үлкен өмір жолына дайындаған қымбатты ұстаздар қауымына, ата-аналарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз!
оқушы: Білесің бе, уақыттың зулайтынын,
оқушы: Уақыт шіркін, бір орнында тұрмайтынын,
оқушы: 9 жыл бойы сіңірдік білім нәрін,
Бірге: Қош бол алтын ұя мектебім, аяулы ұстаздарым!
/ мектеп түлектері шарларын ұшырады, флешмоб биін билейді/
I -
жүргізуші: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын
жалғаған 9 жылдың мәреге жеткен күн.
IІ - жүргізуші:
Бүгін -«мектебім, ұстазым»
деп көңілің қимастық кешкен күн.
I - жүргізуші:
Бүгін - атаң ақ жол тілеп,
ақ бата берсем деген күн.
IІ - жүргізуші:
Бүгін - әжең ерке ұланының
ержеткенін көрсем деген күн.
I - жүргізуші:
Бүгін - әкең қызым бой
жетті деп мақтанған күн
IІ – жүргізуші:
Бүгін – анаң ұлым ер жетті
деп шаттанған күн.
I - жүргізуші:
Бүгін - ұстазыңның жанында
шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
IІ –
жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
I -
жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде
мәңгі өшпейтін күн.
IІ – жүргізуші:
Ендеше, сәт сапар, жас
түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне
Бірге:Үлкен өмірге аттанған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын! Жас түлектер!
/Түлектерді шығарып салу/
I - жүргізуші:
Аяулы ұстаздар, қымбатты
оқушылар жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі жаңа оқу жылында
амандықпен жолыққанша сау саламатта болыңыздар. Сәт сапар,
сіздерге, Жас түлектер!
II –
жүргізуші: Мектеп табалдырығынан үлкен өмірге 22 түлек жолдама алды:
22 арман, 22 үміт, осынша сенім мен осынша тағдыр! Еліміздегі
мыңдаған мектептерден мыңдаған түлектердің ұшып шыққанын ескерсек,
ересектер қатары осынша адамға, осынша күшке толықты!
Қанаттарың талмасын, жас
түлектер!
Бірге: «Ел ордасы-Астана» атты соңғы қоңырау салтанатты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз!