400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сыңғырла, сыңғырла қоңырау" тақырыбында сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі Білім күні мерекесінде өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1




«Бекітемін»

Колледж директоры:_____

Каламкалиева А.М.

«_____»___________2019ж.




«СЫҢҒЫРЛА,СЫҢҒЫРЛА ҚОҢЫРАУ!»









ДТІЖО Джакаева Г.Б.







Shape2

Тақырыбы: «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!»

Мақсаты: Дәстүрлі Білім күні мерекесінде өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру.

(Әр топ топ жетекшілерімен бірге П бағытында тұрады. Саз әуені ойналады. КДМ студенттері ортаға шығады. Әннің қайырмасына қосылады).

Ән орындалады.

Жүргізуші Ринат: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, студенттер!Әр салалы мамандар дайындайтын, түлектері Қазақстанның түпкір-түпкірінде өз жолын тапқан, 22 жылдық тарихы бар «Каспий өңірі «Болашақ» колледжіне» қош келдіңіздер!

Жүргізуші Алина:Здраствуйте, дорогие родители, учителя и гости нашего праздника, студенты! Вновь на листке календаря замечательная дата – 1 сентября, а это значит чтобы пришла пора начинать учебу, побеждать, достигать новых высот. Мне приятно сообщить вам, что все наши выпускники стали студентами престижных вузов, и мы надеемся что вы примете эстафету интересных дел и замечательных побед.

Сабыр Адай. Маңғыстау. А-18 тобы студенті Бердиклыч Ринат

Жүргізуші Алина: Ендеше, «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші Ринат:

Көк тудың желбірегені,

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту,

Жан емес маған керегі,

Көк тудың желбірегені.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ресми түрде енгізілсін.

Ерболат,Махамбет,Дәулет

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Жүргізуші Алина: Бүгінгі оқу орнымыздың «Сыңғырла, сыңғырла қоңырау!» атты салтанатты жиынына қатысушы құрметті қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

1.

2.

Жүргізуші Ринат:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

Ұстаз деген әулиедей талайға.

Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

Әл-Фараби, Омар Хаям,Абайда.

Жүргізуші Алина:

Ендеше, алғашқы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі колледж директоры Каламкалиева Асел Мухитқызына беріледі.

Жүргізуші Ринат:

«Гүлжазира», «Жерұйықтан» кембе екен,

Мынау дала біздер өскен кең мекен.

Киелі өлке Маңғыстаудың көгінде,

Ару қала Ақтауымның төрінде,

Талай түлек орнын тапқан бүгінде,

Жасай берсін оқу орным «Болашақ».

Жүргізуші Алина:

Кім қызықтап, мақтан етпес бұл жерді,

Талай жасқа білімменен нәр берді.

Көңіліне ғажайып бір әр берді.

Өміріне қуаныш пен сән берді.

Талай шәкірт арманға қол жеткізген,

Жасай берсін оқу орным «Болашақ».

Жүргізуші Ринат:

Бүгінгі салтанаты кешіміздің құрметті қонақтарына сөз кезегін берейік.

Дуэт. Менің Қазақстаным.

Жүргізуші Алина:

Жаңа оқу жылы атаулы оқиғаларға толы болады:
- 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы, ТМД-да – Кітап жылы деп жарияланды.
- 2020 жыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл.
Келер жылы біздің елде Еріктілер жылы, ТМД-да – 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтеді. 
Жүргізуші Ринат:

Бүгінгі салтанатты жиынға қатысушы ата-аналарға сөз кезегін берейік.

Жүргізуші Алина:

Біреулер енші ап өмірден,

Аттанбақ болса асып қыр.

Біреулер балғын көңілмен

Алғашқы қадам басып тұр.

Биік болып мұратың,

Арманға жетің, жас достар!

Жүргізуші Ринат:

Мұхтар Шаханов. Арифметика.

Олай болса, колледждің туы алғаш табалдырық аттап тұрған І курс студенттеріне тапсырылсын.

І курс студенттерінің анты: Мен, Нурманова Сара «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің» студенттер қатарына қабылдана отырып, өз Отанымның игілігі үшін ғылым мен білімді игеруге, күш жігерім мен уақытымды аямауға, колледж дәстүрлеріне берік болуға және дамытуға; Колледжің материалдық құндылықтарын сақтауға және қорғауға, өз оқу орнымның рәмізін сыйлауға, колледж жарғысын бұлжытпай орындауға;

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының және оқу орнымның патриоты болуға, колледжіміздің басатамалары мен атқарып жатқан жұмыстарына белсенді қызмет етуге, «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің» студенті деген мәртебелі атты кіршіксіз жоғары ұстауға достарымның атынан АНТ етемін!!!

Жүргізуші Алина:

Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ,

Жаңа оқу жылын ашқасын.

Бал үнің сенің сырлы ырғақ,

Колледжге бізді бастасын.

Жүргізуші Ринат:

Жаңа оқу жылы жемісті,

Мерейі үстем жыл болсын.

Шәкірттеріміз өрісті

Елім дер ұл мен қыз болсын.

Жүргізуші: Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Олай болса, бүгінгі салтанатты жиынымызды дәрісханаларда жалғастырамыз.Студенттерді топ жетекшілермен бірге дәрісханаларға 2019-2020 оқу жылының «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» тақырыбында өтетеін тәрбие сағатына шақырамыз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.12.2019
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі