400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сыни ойлау – ойды шыңдау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып

Сыни ойлау – ойды шыңдау

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жалпы мақсаты

Мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

Күтілетін нәтиже

Сын тұрғысынан ойдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үрдісінде тиімді пайдалануы.

Түйінді идея

сын тұрғысынан ойлау

Ресурстар:

флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер, суреттер, бояу құралдары.


Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Сергіту сәті.

(Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды ахуал орнату)

3 мин

«Танысайық» ойыны

Топқа бөлу

1 мин

Пазл құрастыру арқылы



"Әріптер сөйлейді"

Әріптестер кез-келген әріпті таңдап алып, қойылған сұраққа қолдарындағы әріптен басталатын сөзбен жауап беруі тиіс.


Ой шақыру

5 мин

Тәсіл «Идеялар, ұғымдар, есімдер ... себеті»

Сұрақтар:

1) «Сын тұрғысынан ойлау» туралы не білесіздер?

2) Блум таксономиясы туралы не білесіздер?

3) Сын тұрғысынан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс?

Тақырыпты топпық талқылауға салу.

Түйінді идеяларды стикерлерге жазып, себетке салу, идеялар қайталанбау керек.

Теориялық материал

5 мин

Презентация (сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасы, мақсаты)

Топтық жұмыс


5 мин

Әр топқа танысу үшін «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» деген мәтін беріледі.

Тапсырма: сын тұрғысынан ойлаудың сипаттамасына кластер жасау. Спикердің қорғауы.


Сергіту сәті

5 мин

Пантомимика.

1-топ:

  • өзіне–өзі сенімді адам;

  • оқушы бейнесін;

2-топ:

  • мұғалім;

  • директор;


3-топ:

  • өзіне–өзі сенбейтін адам;

  • жағажайдағы адам бейнесін көрсету


Ақпараттық материал

5 мин

Блум таксономиясы


Топтық жұмыс

10 мин

Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салу. Флипчарт қорғау.

1. Қызанақ, сәбіз, қиярға тағы да көкөніс немесе жеміс түрлерін қосып, жаңа бір салат түрін жасаңыз. Оның пайдалы жақтарын дәлелдеңіз.


2. Қызанақ, сәбіз, қиярдың денсаулыққа пайдалы жақтарын салыстырыңыз.


3. Қызанақтың, сәбіздің және қиярдың денсаулық үшін қандай пайдасы бар?


4. Берілген көкөністерден жасалатын 2 салат түрін атап, олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін айтыңыз.


5. Дайындаған дәмді балаға мектепке барғанға дейін бе, әлде мектептен келгеннен соң берген дұрыс деп санайсыз ба?


6. Қызанақ, сәбіз, қиярдан қандай салат түрлерін жасауға болады?


Рефлексия

2 мин

Сұрақтарды Блум таксономиясына бөлген кезде қандай қиындықтар туындады?

Бұл сұрақтарды пайдалану арқылы оқушылардың қандай білік-дағдыларын қалыптастыруға болады?

Рефлексия

2 мин

«Шыңға шығу»



Бейсбаева Н.Б.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі