400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не және оны сабақта қалай қолдануға болады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған коучинг сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

11. 10.2023

жүргізген: Сауменова Жанар Мырзағалиқызы

Коучинг тақырыбы:

«Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не және оны сабақта қалай қолдануға болады?»

Сілтеме:

«Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Әлімов А.Қ. 34-37беттер

Мақсаты:

Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауды кеңейту, сабақта сыни тұрғыдан ойлауды қолданудың маңыздылығын ұғындыру

Оқу нәтижесі:

Мұғалімдер сыни тұрғысынан ойлау туралы білімдерін жүйелейді ;

Сыни тұрғысынан ойлау әдістерінің ерекшеліктерін біледі;
• Өз тәжірибелерінде қолдануға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар:

Әрбір мұғалім сабақта сыни тұрғысынан ойлау әдістерін қолдана білуге тиісті

Сабақта қолданылатын материалдар:

А3, А4 форматты ақ қағаздар, стикерлер, фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыс, кластер, фишбон, ББҮ, ЖИГСО

Кері байланыс- «Бағдаршам»

Сабақ бойынша коуч пен қатысушылардың іс-әрекеті

Уақыт мөлшері

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Қатысушыларды шеңберге шақыру. Тренинг «Өзінің әлсіз тұстарын мойындаудың өзі-көшбасшылық қасиет»

Қатысушылар сынып ішінде тұрып өздерінің бір мықты тұстарын және бір әлсіз жағын айтады: «Мен жүгіріп ісімді тез тындырамын, бірақ соны қағазға түсіруге жалқаумын».

3 мин

Топқа бөлу. Қағаз қиындыларына жазылған СТО әдістері бойынша бөліну

«ББҮ»-1-топ

«Кластер»-2-топ

«Фишбон»-3-топ

Қызығушылық ояту

20мин

«Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не және оны сабақта қалай қолдануға болады?» деген тақырып бойынша әр топ өзіне сәйкес әдіс бойынша жұмыс жасайды.

«ББҮ»-1-топ

«Кластер»-2-топ

«Фишбон»-3-топпостер қорғайды

Мағынаны тану

25 мин

ЖИГСО әдісі.

Материалды үлестіреді.

Мәтінді талқылап болғаннан кейін, тақырып бойынша жуан сұрақтар дайындау тапсырылады.

Топ ішінде талқылайды, іріктейді,іріктелген сұрақтарды келесі топқа қояды.


Топтағы мұғалімдер 1,2,3-ке саналады.Әр мұғалім 5мин ішінде өзіне берілген бөлікті оқып алады.Сараптау тобына барып оқығандарын талқылайды.Өз жанұя тобына келіп, өз бөлігін түсіндіреді.

Ой толғаныс

5 мин

«Мен оқушыларымды сыни тұрғысынан ойлата алып жүрмін бе?»

Мұғалімдер 5минут эссе жазады.

3-номерлі мұғалімдер оқиды.

3 мин

Сергіту сәті. АКТ арқылы көңілді би қосу.

Би билейді.

Керібайланыс.

2 мин

Үйрендім бағанын толтыру арқылы мұғалімдердің қаншалықты меңгергенін анықтау

Өз ой-пікірлерін жазады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2024
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі