Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыни тұрғыдан ойлау элементтерін сабақтарда тиімді қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы элементтерін сабақтарда тиімді қолдану

Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. «Оқушының жетістігі - мұғалімнің жетістігі, ал мұғалімнің жетістігі жаңа әдіс - тәсілдерді тиімді қолдануында». Қазіргі оқыту үйретудің мазмұны да, сипаты да соған, орай амал - тәсілдері де күрделене түсті. Жаңа XXI ғасырға сай өзгеше қабілет - қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Осыған орай ұстаздықтың мәні жаңа сипаттарға ие болуда. Демек, ұстаздың білім мен өнердің жеке қиын саласына үйретуге өте мұқият бағыт ұстауы, білім - біліктің тармақтылығын жете үйретуді талап етуде. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс -тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сыни тұрғысынан ойлау технологиясы

Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нәрсе – сұрақтың дұрыс қойылуы. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры артады. Ынтымақтастық атмосферасы орнап, оқушылар бірін-бірі тыңдауға, өзіндік пікірін ашық айтуға дағдыланады. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады, мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болады, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады, бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді. Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінте біледі. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Қорыта келе, сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді.Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып,белсенділігі күшейеді.Егерде жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек,өз нәтижесін береді. Ендеше «ел келешегі – ұстаз қолында», - деген лепті тұжырымды баса айта отырып, өнімді шығармашылықты өрістету жолында өркениет шыңына ілгері, басу мақсатында шебер ұстаздарымыздың саны жыл санап, арта берсін деген тілегімді білдіремін.

Мақсаты: Зат есім туралы түсінігін кеңейту, зат есім болатын сөздерді мағынасы, грамматикалық белгісіне қарай талдату, сөздерді белгісіне қарай топтау арқылы оқушыларды ойлануға бейімдеу. Күтілетін нәтижелер: А. Зат есім туралы біліп, түсінеді. В. Зат есім болатын сөздерді мағынасына қарай ажыратып, сипаттай алады. С. Грамматикалық белгісіне қарай ажырата алады.

Қажетті құрал- жабдықтар: Қазақ тілі. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова, Алматы: «Алматыкітап», 2014. Әдістемелік құрал. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С. Лекерова. Алматы: «Алматыкітап», 2014. Дидактикалық материалдар, көрнекіліктер.

Сабақ барысы: Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Кіріспе 5 ми н «Жүрек жылуы» шеңберге тұрып бір біріне жақсы тілек тілеу. Сөз таптары арқылы топқа бөлу. Зат есім Сын есім Сан есім Етістік Үй тапсырмасын тексеру. Сөз таптары. Зат есім ереже жаттап, қайталау. Шеңберге тұрып бір біріне тілек тілейді. Сөз таптары арқылы топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын естеріне түсіріп сұрақтарға жауап береді.

«Кубизм» әдісі арқылы тексеру. 1.Зат есім дегеніміз не? 2.Зат есімнің сұрақтары қандай? 3.Зат есімнің қандай түрлерін білесіңдер? 4.Зат есімнің жекеше түріне мысал келтір. 5. Зат есімнің көпше түріне мысал келтір. 6.Қандай сөз таптарын білесіңдер?

Тұсаукесер 7 ми н

Ребусты шешу арқылы тақырыпты табу.

Сабақтың табыс критерийлерін анықтау: А. Зат есім туралы толық білемін. В. Зат есім болатын сөздерді мағынасына қарай ажырата аламын. С. Грамматикалық белгісіне қарай ажырата аламын. Оқулықпен жұмыс: 4 топқа төрт жаттығу.

-Берілген сурет бойынша ребусты шешіп, сабақтың тақырыбын ашады. - Жаңа тақырып бойынша бұрынғы білімдерін негізге алып, мақсаты мен табыс критерийін шығарады.

- Төрт топ төрт жаттығуды топта талқылап, тақтада орындайды.

Негізгі бөлім: 20 ми н

Постер қорғау. Суреттерді топтастыру. 1 топ – кім? 2 топ - кімдер? 3 топ – не? 4 топ – нелер? «Бағдаршам» әдісі арқылы түсінгендікті бағалау. Сергіту сәті. Суретпен жұмыс Топтарға түрлі суреттер беріледі, сурет бойынша мәтін құрап, зат есімдерді табады.

Әр топ өздеріне берілген сұрақ бойынша тапсырманы орындайды және топтар бір бірін өзара бағдаршам әдісі арқылы бағалайды.

Әр топ сурет бойынша мәтін құрайды және тақырыбын қояды.

Қорытынды: 13 ми н

«Орныңды тап» ойыны. Ойынның мақсаты: сөздерге сұрақты дұрыс қоя білу.

Рефлексия: Парақшаға сабақ бойынша ойларын жазып, алма терегіне ілу. Бағалау: Жұптық өзара бағалау Үйге тапсырма: 5- жаттығу. Ережені қайталау.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
485
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12