Сыни тұрғыдан ойлау модулінің технология сабағында тиімді қолданылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыни тұрғыдан ойлау модулінің технология сабағында тиімді қолданылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізінен өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқыту үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс- әрекетімен бағаланады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мойнақ ауылындағы мектепке

дейінгі шағын орталығы бар

23 орта мектеп» КММ

Технология пән мұғалімі

Медетбекова Бахтыгүл Кабдиловна


Сыни тұрғыдан ойлау модулінің технология сабағында тиімді қолданылуы

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізінен өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқыту үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс- әрекетімен бағаланады.

Бұрын оқыту үрдісінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытуда «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын берілмейді, кершінше оқытудың өздерін еркін ұстауға, ойлауға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе отырып үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс- әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлау модулі оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сын тұрғысынан ойлау /Китическое мышление/-қадағалау, тәжірибе, ойлау нәтижесінде алынған ақпараттың мағанасын тануда, оны бағалауда және талдауда аналистикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.

Сын тұрғысынан ойлау білім алушылардың мәселелері дұрыс шешу жолдарында іздену, ойлау сөйлеу қабілетін дамытуға тиімді. Сұрақ қою, оны өзі құрастыру, фактілерге сүйене отырып жауап беру, өз сөзімен еркін сөйлеуге , тіл дамытуға, тақырыпты меңгеруге көмектеседі.

Сын тұрғысынан ойлау –идеялар мен бар мүмкіндікті шығармашылықпен қарап жақындастыратын концепциялар мен ақпараттарды қайтадан түйіндеп тұжырымдайтын күрделі құбылыс. Сыни ойлау деген-әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Ол –әр мәселеге байланысты өз пікірін айту оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру, түрлі әдіс –тәсілдерін іздестіруде жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы зор демекпін. Сондай технологияның бірі «Сын тұрғысынан ойлау».Технология сабағында «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, оқушының танымдық белсенділігін жетілдіру» тақырыбында өткізген әдістемелік сабағымды топтық жұмысқа негіздедім. Сабақ барысында оқушыларға сұрақ- жауап арқылы сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамытуға бағытталды. Оқушыларға өздерін еркін сезінуге мүмкіндік туғызу, жұмыс жасау барысында субьектілік қарым-қатынас орнатып, ізденістеріне жол ашу, жөн сілтеу, шығармашылықпен жұмыс жасауына көмек көрсету, сол арқылы бойындағы өзіндік құндылықтарды бағалай білуге үйрету жолға қойылды. 
СТО – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болатындықтан, оқушылардың шығармашығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз.



Бұл технологияны сабақта үнемі қолдану нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге қол жеткіздім.



Сондай-ақ «Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады.Оқушы білімді өз ізденісімен,өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. Менің алға қойған мақсатым-оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру арқылы оның алған білімі мен тәрбиесі болашақта қажетіне жарап, шығармашыл жеке тұлға қалыптасуына үлес қосу. 
Сөзім дәлелді болу үшін биылғы оқу жылында 8 «А» сыныбында «
Құрақ құрау» атты тақырыбында СТО технологиясымен өткен ашық сабаққа қысқаша талдау жасап өтейін.
Әр түсті қима қағазды таңдау арқылы топқа бөлінеді. Құрақ деген сөзді естігенде нені елестетеміз-деген сұраққа үзбей жазу стратегиясын қолданып, оқушы жауаптары тақтаға жазылып, кластер құрылды. Кластерді талдау нәтижесінде құрақтың қолданылу аумағын білдік. Тұрмыста құрақ қандай бұйымдарда қолданылады -деген сұраққа жауап берілді. Миға шабуыл ретінде оқушыларға құрақ құрау қимасы салынған конверт ұсынылады. Сол бойынша құрақ түрлерін құрастырады. Оқушылар қызығушылықпен топта жұмыс жасап, құрақты қағаз қимасынан құрастырды.
Мағынаны ажырату кезенінде әр топ өз тақырыбына сай құрақ түрлеріне жасаған зерттеулерін қорғап, ортаға салып, әр құрақтың астарында алуан мағыналы тарих, ақпарат жатқанын дәлелдеді.

Фармативті бағалау арқылы берілген критерилер арқылы оқушылар өз-өздерін бағалады.
СТО технологиясын қолдана отырып өткен бұл сабаққа оқушылар белсенділік таныта отырып, қызығушылықпен, ізденімпаздылықпен қатысты, әр топтың оқушылары өздеріне бөлініп берілген құрақ тарихы туралы мәлімет өз беттерінше оқып, мағынасын ашып, жоғары дәрежеде дәлелдеп бере білді. Тағы айта кететін жайт, сабаққа араласпай, қатыспай қалған оқушы болған жоқ, олардың бірі ауызша жауаптар беріп жатса, келесісі қолөнер шеберліктерін ортаға салды. «Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын өз сабақтарында әр ұстаз қолданса, білім сапасының артарына сенімін мол дегім келеді. 
СТО бағдарламасы негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық менгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ынғайлы. Бұл технологияны пайдалану және тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. Леспаева С. Шығармашылық қабілетті дамыту – мұғалім міндеті. // Қазақстан мектебі, 2008, № 8.

2. Рысқалиева Р. Оқу белсенділігін арттыру. // Қазақстан мектебі, 2010, № 9

3. Қажыкенова С. Сын тұрғысынан ойлау жобасының тиімділігі // Қазақстан мектебі, 2010, № 8.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
290
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі