Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігін жаза отырып, 8 сыныптағы геометрия пәнінен өткен сабақ жоспарымды жариялап отырмын.Сыни тұрғыдан ойлау оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады.Өз ойын ашық айтып,өзгелердің ойына сыни қарап,естіген білгенін өзі зерттеп шығармашылық жұмыс жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыни тұрғыдан ойлау технологиялары арқылы оқытудың тиімділігі.

Садирмекова Дария Кенесжановна

Алматы облысы,Кеген ауданы

« І.Жұмағұлов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен және бастауыш мектебімен» кмм математика пәнінің мұғалімі

Қазіргі оқу үрдісінде мұғалімдерге қойылған –жаңа технологияны ғылыми түрде меңгеру және терең білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу- мәселесі қолдау табуда. Сондықтан да оқушылар өз ойын сыни тұрғыда ойлауға қалыптастыру,өз білімдерін бағалай алуға ,топтық жұмыс жүргізе білуге қол жеткіздік.

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды роль атқарады. Бұл модуль оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, өз ойын еркін жеткізу және зерттей отырып, тұжырым жасау. Оқушы өзі ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңе алады.

Осыған орай , СТО технологиясы бойынша 8 сыныпта «Төртбұрыштар» тақырыбында өткізген сабақ жоспарымды ұсынып отырмын.

Сабақ тақырыбы

Төртбұрыштар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.5

тіктөртбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана алады

8.3.1.6

ромбтың қасиеттері мен белгілерін біледі және есеп шығаруда қолдана

Сабақ мақсаттары

Параллелограммның анықтамасын білу, параллелограммның белгілерін қорытып шығару және қолдану;

Параллелограммның қасиеттерін қорытып шығару және қолдану

Бағалау критерийлері

- Шаршының, ромбтың және тіктөртбұрыштың қасиеттерін біледі

- Төртбұрыштардың қасиеттерін дұрыс анықтайды

- Төртбұрыштардың белгілерін дұрыс анықтайды

Пән аралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану

дағдылары

Интерактивті тақта

Бастапқы білім


көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің анықтамаларын біледі; параллелограммның анықтамасын біледі, параллелограммның белгілерін қорытып шығарады және қолданады; параллелограммның қасиеттерін қорытып шығарады және қолданады;


Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезең

дері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Тақырыпқа шығу

«Миға шабуыл» әдісі

Brain gym



Амандасу

Психологиялық ахуал (1мин): барлық оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Шаршы, ромб және тіктөртбұрыш салынған карточкалардың көмегімен оқушыларды 3 топқа бөлінеді.


Оқушыларға шаршы туралы не білесіндер?

«Миға шабуыл» стратегиясы арқылы сабаққа назар аудару.

Brain gym: Мына суретте қанша шаршы бар?

Дұрыс жауабы: 40


Тақырыпқа шығу

Сонда бізде бүгін сабақтын тақырыбымыз қандай болады?

Мақсатты анықтау

Слайд 1-3


Сабақтыңортасы

Жаңа сабақ

15 минут




































































1 топ «Шаршы» ,2 топ «Ромб» ,3 топ «Тіктөртбұрыш»

Әр топ шаршы, ромб және тіктөртбұрыштың анықтамаларын анықтау керек.

Сөйлемді аяқтауды ұсыныңыз ( бастауыш сыныптан белгілі шаршы, ромб және тіктөртбұрыштың анықтамасын)

Барлық қабырғасы тең және әрбір бұрышы 90 -қа тең төртбұрыш ......(шаршы)

  1. Әр бұрышы 90 -қа тең төртбұрыш .......(тіктөртбұрыш)

  2. Барлық қабырғалары тең болатын төртбұрыш .......(ромб)


Әр топтың оқушыларына (Шаршы, ромб және тіктөртбұрыш), параллелограммның қасиеттері бойынша олардың топтарының фигурасы параллелограмм екендігін дәлелдейтін тапсырмалар беріледі. Әр топтың оқушылары тақтаға тапсырмаларын дәлелдеп көрсетеді.

Оқушылармен шаршы, ромб және тіктөртбұрыш үш фигураның да параллелограмм екендігіне қорытынды жасаймыз. Схемалық өрнектеуге де болады.

Берілген фигуралардың параллелограмм екендігін анықтаймыз.

Оқушыларға кестені толтыру тапсырма беріледі.Постермен беріледі.

Зерттеу жұмыс

Параллелограммның қасиеттері бойынша квадрат, ромб және тіктөртбұрыштың қасиеттерін табындар.

«CLIL» стратегиясын қолдану

Name-определение-анықтама

Image-рисунок-сызба

Sides-стороны-қабырғалары

Angles-углы-бұрыштар

Diagonals – диагонали-диагональдары

(берілген кестені жұмыс дәптеріне жапсырып алсын)

Анықтама

сызба

Қабырға


бұрыш

диагональ

Параллелограмм – қарама-қарсы қабырғалары параллель болып келетін төртбұрыш





Тіктөртбұрыш – барлық бұрыштары тең болып келетін параллелограмм





Ромб – барлық қабырғалары тең болып келетін параллелограмм





Квадрат – барлық қабырғалары мен бұрыштары тең болып келетін параллелограмм





Мұғалім кестенің дұрыс толтырылғанын топтан бір оқушының жұмысын тексереді, ал оқушы топтың жұмысын тексереді. Бағалау критерийлері:

  • Параллелограммның қасиеттерін біледі

  • Шаршының қасиеттерін анықтайды

  • Ромбтың қасиеттерін анықтайды

  • Тіктөртбұрыштың қасиеттерін анықтайды

Кері байланыс:

- Қандай қиындықтар туындады?

- Оларды қалай шешуге болады?










Слайд 4


Әр жауапқа 1 балл беріледі




2 балл










































4 балл




Слайд 5

Сабақты бекіту

10 минут

Топтық жұмыс

Толтырылған кесте бойынша оқушылар төртбұрыштың қасиеттерін Эйлера-Венн диаграммасына көшіреді. Дәптерде толтырып топтағы постерлерге көшіреді. Әр топтың оқушылары басқа топтың оқушыларының жұмысын тексереді

.

Бағалау критерийлері:

  • Төртбұрыштардың қасиеттерін біледі

  • Эйлер-Венна диаграмасын дұрыс көрсетеді

Кері байланыс:

- Қандай қиындықтар туындады?

- Оларды қалай шешуге болады? Дұрыс жауапқа 3 балл


5 минут

Сабақты бекіту:


Өзіндік жұмыс

оқушылар материалды меңгергенін тексеру үшін тапсырмаларды жеке орындайды


Параллелограмм

Тіктөртбұрыш

Ромб

Квадрат

1. Қарама-қарсы қабырғалар тең және параллель болады





2. барлық қабырғалары тең.





3. қарама-қарсы бұрыштары тең,


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.00.2022
452
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12