Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған іс-әрекет

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған іс-әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған іс-әрекет

Атыханова Жанаргуль Жанахметовна

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы

«Әл-Фараби атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қай заманда болмасын мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушыға терең де тиянақты білім беру. Мұғалімнің педагогикалық біліммен озық тәжірбиелер негізінде белгілі болып отырған оқыту әдіс-тәсілдерін игеріп, оның ең тиімдісін таңдап, олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре отырып қолдануы оның шеберлігінің белгісі. Яғни, осы модуль арқылы оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын белсенді түрде арттырады, қызыға отырып тақырыптың мағынасын таниды және осылар арқылы өз ой толғаныстарын білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауда ең басты нәрсе сұрақтың дұрыс қойылуы. Сұрақ дұрыс қойылса, жауап та дұрыс беріледі. Жалпы топпен жұмыс жасау кезінде оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір-бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады. Барлық оқушылардың сабаққа қатысуына көп көмегін тигізеді. Бұл модульдің тиімді жақтарына тоқтала кетуді жөн көрдім. Сыни тұрғыдан ойлау – бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да объективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Бұл модульді сабақ кезінде үш құрылымға негіздеп пайдаланамын.

І.Оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

1. «Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылардың қызығушылықтарын ояту.

2. Тақырыпқа қызықтыру.

ІІ. Мағынаны тану. «Жаңа ақпарат»

  1. Оқушылардың тапсырмалармен жұмыс жасауы.

  2. Сөздікпен жұмыс жүргізу.

ІІІ. Ой толғаныс.

Оқушыларға сабақ барысында:

  1. Топпен жұмыс беру.

  2. Тест жұмыстарын алу.

  3. Эссе жаздыру.

  4. Сөзжұмбақтар қолдану.

  5. Сабақты қорытындылаған кезде сұрақтар қою.

«Серуендеу» тақырыбындағы сабағымды ұйымдастыру кезеңінен бастадым. Әнұран айтылғаннан кейін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру тренингін жүргіздім. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызудан бастадым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды оқушылар бірін-бірі тыңдап, бір-біріне жақсы тілектерін ойлана отырып білдірді.

Сабақ үй тапсырмасын сұраудан басталды. Үй тапсырмасын сұрау барысында «Ыстық орындық» тренингін ұйымдастырдым. Үй тапсырмасын осындый тренинг түрінде өткізсе оқушылардың қызығушылықтары артады екен.

«Қызығушылықты ояту» кезеңінде өтілген материалдармен байланыстыра отырып жаңа сабақтың тақырыбы сөзжұмбақ шешу арқылы ашылды. Осыдан кейін оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырдым. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды топта, жеке оқып, талдап ойларын жеткізе алуға дағдыландыру. Ойлау, танымдық қабілеттерін арттыру. Бұл жолы оқушыларды топқа асықпен бөлдім.

Актив студионы пайдалану арқылы сөздікпен жұмыс жүргізілді.

Жаңа сабақты оқушылардың өздерінің меңгеруіне ықпал жасадым. Түсіну деңгейінде, жаңа тақырыпты меңгерту кезінде рольдік ойын әдісін пайдаландым. 1-топқа «Ыстық күнде серуендеу», 2-топқа «Желді күнді серуендеу», 3-топқа «Жаңбырлы күнді серуендеу» тақырыптарын бердім. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып қысқаметражды көрініс көрсетті. Барлық бала өз ойын жеткізе білді. Кейбір оқушылар қағаздан оқып жатты, бірақ ойлары жаман болмады. Рөлдік ойындарда өздерін көрсете білді.

Топтың бағалаушылары әр топқа критерийлер бойынша баға берді.

Кезекші сергіту сәтін ұйымдастырды. Сергіп алғаннан кейін мәтінмен жұмыс жүргізілді. Сұрақтар мен тапсырмаларды жақсы орындады. Тез жұмыс істейтін оқушыларды әр топтан анықтап, әрі қарай олармен қалай жұмыс істейтінімді жоспарлап, олардың білімін дамытып және сабақта қиналып жатқан оқушыларға көмектесіп оларға білім деңгейіне сай тапсырмалар бердім.

Миға шабуыл. Есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында «Кім жылдам?» ойынын ойнаттым. Бұл ойынның шарты: 10 сөз жазылған кесте оқушылар назарына 40 секундқа ұсынылады. Осы уақыт ішінде олар сол сөздерді естерінде сақтап қалулары тиіс. Естеріне сақтап қалған сөздерін дәптерлеріне жазады.

Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға «Білемін. Білдім. Білгім келеді» (БББ) кестесі толтыруға берілді. Сабақ соңында оқушылар смайликтер салынған постерге өз ойлары жазылған стикерлерді ілді.

Барлық оқушыға әр тапсырмадан соң Дескрипторлар бойынша баллдары қойылып отырды. Дескриптор бойынша және оқушылардың бағалауларын ескере отырып, өз қорытындымды жасадым. Сабақ барысында оқушылардың белсенділікпен жұмыс істегеніне, оқушылардың қызығушылықтарының артқанына қуанышты болдым. Осының бәрі жаңа әдіс-тәсілдермен өткен сабақтың нәтижесі. Келешекте де мен «Сыни тұрғыдан ойлау» модулімен жұмыс жасаймын. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған іс әрекетке тартылған оқушылар бұдан былайғы сабақтарда да өз ізденушіліктерімен, қызығушылықтарымен белсенді түрде жұмыстарына жұмыла кірісе отырып, алдағы білімдерін жетілдіруде зор нәтиже береді деп ойлаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі