400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Материал туралы қысқаша түсінік
 Әріптестерге сабақ беру барысында дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгертуге ықпал ету;  ақпараттық-инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, өз уақытымды тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын оятуға ой тастау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг жоспары

  • Тақырыбы және әдістемелік негіздемесі:

  • Егер сіз бір нәрсені алты жасар балаға түсіндіре алмасаңыз, демек оны өзіңіз де толық түсінбепсіз. 
    Альберт Эйнштейн

  • Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін - өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

  • Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ынталандыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Соның бірі «сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі.

  • Сын тұрғыдан ойлауға үйрету модулін таңдауыма түрткі болған жағдай – мектеп оқушыларының ойлау әркетіндегі тайыздық пен терең ойланбаушылық , жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы, сын тұрғысынан ой жүгірте алмаулары.

Сыни ойлаудың негізгі міндеті – бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап, жаңаша ойлану. Мысалы, біз күнде үйренген жолымызбен үйге барамыз. Егер сол жолды ауыстырып, басқа жолмен барсақ, жол бойы жаңа бір мағлұматтар мен өзгерістерді көріп, білер едік. Сондықтан бұл модульдың стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап , талдауына жағдай жасайды. Яғни, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізеді. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.














Коучинг тақырыбы «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету».

Мақсаты:

  • Коучинг барысында алған жаңалықтарын оқушымен жұмыста тиімді пайдалануына ықпал жасау;

  • сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдарымен таныстыру


  • Әріптестерге сабақ беру барысында дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгертуге ықпал ету;

  • ақпараттық-инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, өз уақытымды тиімді пайдаланып қана қоймай, оқушылардың қызығушылығын оятуға ой тастау;

  • білім берудегі басқару мен көшбасшылық формасын өзгертуге көмектесу;

  • оқу барысында таланты, дарынды оқушылармен жеке жұмысты қалыптастыру; оқушылардың өз-өзін еркін түрде бағалауға үйретуге бағыттау.

Міндеттері:

  • сабаққа белсенділігі жоғары, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыратын тапсырмаларды көбірек пайдалану;

  • оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы комуникацияны қалыптастыру;

  • Өз ойын еркін жеткізуге баулитын тапсырмаларды жүйелеу;

  • жаңаны тез игеріп дұрыс түсінуіне, салыстыра отырып қорытындылай алуға, болжам жасай алуға үйрету.

  • Әрбір оқушының өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау қабілетімен ерекшеленуіне әсер ету;

Күтілетін нәтиже:

  • Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді

  • Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;

  • Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни «Мен» деген сөзді ұғады.

Толық аудитория: аудан көлеміндегі бастауыш сынып мұғалімдері

Коучинг барысында пайдаланған әдістер мен тәсілдер: «Өзіңнің таңбаңды жаса» тренингі, «Шаңырақ» әдісі, Болжау, постер қорғау, «Ойлаудың алты қалпағы», таныстырылым ,«Қызғалдақ» рефлексиясы.

  • Құралдар мен дидактикалық материалдар: А4 формат, желім, флипчарт, маркерлер, 6 түрлі қалпақ, түрлі-түсті ленталар, проектор, стикер, құмыра





Тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

Коучингтің мазмұны:

Жұмыс кезеңдері

Кезеңдердің мазмұны

Қатысушылардың қызметі

Уақыты

Ресурстар

Кіріспе бөлімі:

Психологиялық тренинг арқылы коучинг үдерісіне тарту, топқа бөлу арқылы бір-бірін білмейтін, танымайтын адамдарды коллаборативті ортаға тарту.


  1. Танысу тренингі : «Өзіңнің таңбаңды жаса»



2.Топқа бөлу- «Шаңырақ» әдісі



Қолпаштау



Лента түрлерін таңдайды.


Қатысушылар 4 топқа бөлінеді


Қатысушылар топ топпен, бір-бірлеп ойларын ортаға салады


2 мин



3 мин


3 мин





Ақ қағаз, түрлі-түсті маркерлер


Ленталар

Негізгі кезең:

Ақпарлама.

Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру

Сыни тұрғыдан ойлау туралы мәліметпен танысады. Талқылаулар жүргізеді

5 мин

танытырылым

  1. Блум таксономиясы негізделген тапсырмалар

Білу: Орамал туралы білетіндеріңіз...

Түсіну: «ақ жаулық» «ақ орамал» тіркестерін түсіндір

Қолдану

Орамалды қандай матадан жасау керек?

Талдау: Орамалдың түрлі үлгісін жасап көрсет

Жинақтау

Қазақ отбасындағы әйел адамдардың бас киімдерінен коллекция құрастыр

Бағалау: Менің талғамымдағы орамал





Ұстаздар берілген тапсырмалар төңірегінде ой бөліседі, қажет деп тапса, флипчартта немесе көрініс, жарнамалу, таныстырылым жасауына болады.





Смайлик арқылы





15 мин





Қажетті ресурстар, флипчарттар, маркерлер, стикерлер, скоч, степлер т.с.с






Түрлі-түсті қағаздар

Болжау:

Сыни ойлай білуге бағыттау

«Боз орамал» видео ролигі


Ұстаздар көреді

белгіленген жерде тоқтатып, әрі қарай әңгіме желісін қатысушыларға жаздырту. Осы әрететті екі рет қайталау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» бағалау





10 мин



Бейнекөрініс


Ақ қағаз, қалам,

Сергіту сәті

«Ақ орамал әні»

Қосылып айтады.



Қорытынды кезең.

Коучингте көтерілген мәселелер арқылы өзіндік көзқарастарын білдіруге, өзгертуге мүмкіндік туғызу.
























Рефлексия:

Кері байланыс

«Ойлаудың алты қалпағы»

Ақ қалпақ - Әйел адамның орамал тартуы керек деген пікірді насихаттайды.

Қара қалпақ Орамалға оранғандар туралы жаман жақтарын айтады. Орамалға оранудың қазіргі таңдағы жағдайларға байланысты тиімсіздігін білдіреді. Ақ қалпаққа қайшы пікірде екендігін дәлелдеуі керек.

Сары қалпақ – неге тартпасқа?!

орамалға оранған дұрыс екендігін дәлелдеуге тырысады.

Жасыл қалпақ – орамал туралы, олардың пайдасы туралы , жаңа идеяларын білдеді.

Қызыл қалпақ – Орамалға оранғандардың ішкі сезімін білдіреді

Көк қалпақ барлық қалпақтылардың пікіріне өзіндік көзқарастарын білдіре отырып, жалпы коучингтің негізгі идеясы жайлы айтады.

«Қызғалдақ стикермен рефлексия»




Сараптау –топтар бір-бірін бағалайды



Анализдеу-пікірлерін айқындайды


























қызғалдақтарға коучингтен алған әсерлері мен ұсыныстарын жазып, тақтадағы құмыраға жапсырады.



2 мин




2 мин


























2 мин



Түрлі-түсті қалпақтар



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі