Материалдар / Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. А есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. А есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
359
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі

Алипова Газиза Сабитовна

І- топ

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

А –есебі.

«Ой да көп , уайымда да көп – ойлай берсең ,

Ой да жоқ , уайым да жоқ – ойнай берсең. »

Мұхтар Әуезов.

ХХІ ғасыр – жаһандану ғасыры , жаңашылдық заманы. Білім бере отырып, тиімді жолмен жаңа заман тұлғасын қалыптастыру әр ұстаздың мақсаты екені анық. Білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушы белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі,әр түрлі мәдениеттер мен өз көзқарасы тұрғысынан білімді, сауатты, өз ойын дұрыс әрі шебер жеткізе білетін, мәдениетті тұлға дайындау..

Сыни тұрғыдан ойлау деген – әр жеке тұлғаның кез-келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау , өзіндік, жеке ойы болып табылады. Оқушының алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтауға, жағдайға байланысты өз пікірін айтуға, оны дәлелдей алуға, басқалардың пікірлерін тыңдауды және дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді.

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз «ойлау туралы ойлану» деген мағынаны береді. Бұл модуль арқылы маңызды мәселелерді талқылауға болады және білім беру үшін тиімді болып табылады.Қажетті тапсырмаларды ойлау арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды.. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибені түсінуді және пайымдау нәтижесінде алған білімдерін ұғыну , талдау , синтездеу кезінде қолданылатын әдістердің бірі. Оқушыда сын тұрғысынан ойлаудың арқасында әрекет жасауға түрткі болады. Сыни тұрғысынан ойлау модулін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен қатар оқушыларға деген сенімділік күшті болу керек деп ойлаймын: оқыту үрдісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді. Сын тұрғысынан ойлаудың ең жақсы тұстары балалардың жан-жақты іздну қабілеттері дамиды жәнеқабілеті төмен оқушыларда да қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Сын тұрғысынан ойлау мәтіндерді есепке ала отырып бақылау және тыңдау арқылы дәлелдер келтіреді. Александр өз тәжірйбесінде жасап зерттеп балаларға білім берудің бес үлгісін анықтаған болатын.

  1. Механикалық есте сақтау – сабақ барысында айтылған фактілерді өмірде қолдана алуы.

  2. Декламация – сабақты қортындылау кезінде тест сұрақтары арқылы тарауды қайталап еске түсіру .

  3. Нұсқаулық- оқушыларға қалай жұмыс жүргізуге түсіндіруге бағытталған.

  4. Талқылау- кез-келген мәселені шешу барысында оқушылар бір-бірімен ой бөлісу.

  5. Диалог- түсінгендері мен ойларын тездетіп жеткізуге ықпал ететін құрылымдалған кумулятивтік әңгіме мен пікірталас арқылы мақсатқа жету.(мұғалімдерге арналған нұсқаулық – 47 бет) .

Осы айтылған бес үлгіні оқушы бойында табылса бұл ұстаздың ең биік жетістігі. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту және оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір алмасуға , бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, қиын мәселенішешу жолдарын ізденуі , қиындықты жеңуге бағыттайтын бағдарлама.Оқушының бойына өзіне деген сенімділікті арттыратын бағдарлама. Мен « Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту» модулінің әдіс- тәсілдерін сабақтарымда жиі қолданамын. Мысалы 7- сынып география сабағымда « Солтүстік Америка материгіне саяхат » тақырыбында АКТ - ны пайдалана отырып , сол материктің ерекшеліктерін , жануарларын , ең әсем , көрікті жерлерін көру арқылы оқушылырым қызығып сол жерге барып қайтқандай болдық .суреттерді көрсету арқылы оқушының бойында сын тұрғысынан ойлануға бағыттайды. Тағы сол жерде нелер бар екен деп әрі сабаққа деген ынтасы мен пәнге деген қызығушылығы артады.

Сыни тұрғыдан ойлау модулін екі мағынада қарастырдым: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Модул өзара екеуін де дамытуды қарастырады. Сын тұрғысынан ойлау әдісі нақты ділелдер мен мәнмәтіндерді , тұжырымдар мен әдістерді және критерилерді қолдана алатын, нысаналы , өзін реттей алатын ойлау арқылы көз алдына келтіре алуға бағыттайды.Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты , дәлірек айтсақ : тыңдау мен зерттеу арқылы оқу , мәнмәтінге көбірек көңіл бөліп , шешім қабылдау кезінде тиісти өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса , мұғалімдер : білім беру мен оқыту үдерісін түсіндіру үшін қажетті теориялық білім ; қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану керек. (Мұғалімдеге арналған нұсқаулық -46 бет)

Сыни тұрғыдан ойлау маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мен осы бағытты басшылыққа ала отырып, мектептегі тәжірибе кезінде 7 «а» сыныпқа география пәнінен тізбектелген сабақтар жүргіздім. Тізбектелген сабақтар топтамасын құру барысында оқушының сыни ойлауын, сындарлы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сыни тұрғыдан ойлау әдістерін қолданып бірнеше сабақтар өткіздім. Онда «ДЖИГСО» әдісін, , «Сұрақ мене жауап сізден » әдісі, « Материктегі сұрақтар» әдісі, «Ыстық орындық» , «Топтастыру» , «Шаттық шеңбері» «Ұшақтағы сұрақтар »әдістерін қолдандым және жеке, топтық, рольдік ойын жұмыстары жүргізілді. Сабақтарымды меңгертуде тек пәндік білім беріп қоймай, оқушылардың жүйелі ой, оқу мен жазу сауаттылығын арттыра отырып, шығармашылыққа баулуда осы стратегиялардың орны ерекше болды.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда қолдануда мен мақсат қойдым. Балалардың осы кезге дейін сыныпта және өмірде қалыптасып қалған дәстүрлі өз ойларын ашық айта алмау, әрдайым сыни тұрғыдан ойламағандықтан көзқарастар қайшылығының туындамауы сияқты келеңсіздіктерді жоюға тырыстым. Оқушының алдына ұсынылған әрбір мәселеге, бергі сыртқы көзқарас тұрғысынан қарап қана қоймай, оның ішкі мәніне сыни көзқарас тұрғысынан терең үңіле қарауға бағыттау. Өзімнің жүргізген тізбектелген сабақтар топтамамда алғашқы сабақтан бастап, соңғы сабағыма дейінгі кезеңде оқушыларды сын тұрғысынан ойлану принциптеріне баулу арқылы лидерлік қасиеттерді қамтамасыз етуге тырысу. Яғни, балалар күннен-күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек . Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымда «Солтүстңк Америка материгінің ерекшеліктері» тақырыбына байланысты «Солт.Америка», «Еуразия», «Африка» атты үш топқа бөліп алдым. Дьюдің «Сұрақ-сыни ойлаудың кілті» деген пікіріне сүйене отырып, үй тапсырмасын тексеруде өткен тақырыпты «Материктегі сұрақтар» әдісін қолдану арқылы оқушылардың сыни қабілеттерін байқағанды жөн көрдім. Е оқушы бір сұрақ алады, қойылған сұрақтарға өз ойын нақты дәлел келтіре отырып айтты. Осы кезде оқушының сыни ойлау қабілетінің жоғары екені байқалды. Әр тапсырма сайын оқушылар бірін -бірі «Бағдаршам»арқылы бағалап отырды. «Түртіп алу» әдісінде тақтада жаңа сөздер берілді, осы жаңа сөздерді оқушылар дәптерлеріне түртіп алып отырды. Келесі тапсырмада «Айналмалы бекет» әдісі бойынша топта өз бетімен материктің ашылуы мен зерттеліу, шеткі нүктелерін меңгерілді. Барнстың (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына да соншалықты әсер ететінін айтады. Келесі тапсырмада оқушылар, «Сұрақ менен - жауап сізден» әдісі арқылы жұптасып диалог құрастырды. Сабағымды қорытындылау мақсатында әр оқушыға жекеленген деңгейлік тапсырма орындау берілді. Бұл тапсырма «Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланды. Алғашқы сабағымда түрлі әдістерді пайдалану арқыл сыни тұрғыдан ойланатынын байқап , оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында келесі сабақтарымда одан әрі қарай жандандырып сабақ өтуді көздедім. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы топқа бөлу арқылы оқушылар өздеріне жауапкершілік жүктелгенін сезініп алға ұмтылыс қалыптасып ,сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар өз ойларын ашық әрі емін-еркі бүкпестен жеткізе алатын болды.

Алдағы уақытта осы жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тәсілдерімді барынша түрлендіріп, болашақта барлық сыныптарда, барлық сабақтарымда түрлендіріп, жаңғыртып отырамын. ХХІ ғасыр мұғалім ретінде Тәуелсіз Қазақстанның болашақ жас ұрпағын әлемдік өркениет стандартына сай білімді саналы сыни тұрғыдан ойлай алатын парасатты азаматтармен азаматшаларды тәрбиелеп шығаруға өз үлесімді қоссам деймін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!