жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Сыни тұрғысынан ойлау" А есеп
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі.
Сманова Гульзира Смаиловна
II топ А-есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына бағдарламаның «Сыни тұрғысынан ойлау» модулін қалай кіріктірілетіндігі жайлы рефлекциялық есеп.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет».
Н.Ә.Назарбаев
«Біз өзіміздің болаfағымызды, жеке балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жалға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіруге ел болашағы жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалімнің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар –оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауына, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтердің қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты- оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет. Сондай педагогикалық технологиялырдың бірі «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы».
Сыни тұрғыдан ойлау –
Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын
қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да,
педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен
қабылдауын көздейді. (МАН 43 бет). Сын тұрғысынан ойлау
дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз
ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын
тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен
өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып,
реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп,
тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық
жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту
бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге,
пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті
мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын
бағдарлама. Оқушы — ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші. Мұғалім
— әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің
бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис
С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский
теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез
келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің
біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің
елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан”
қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп
тәжірибелеріне ене бастады.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып,
оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға
қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен
тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді
авторлар.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, оның ой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А. Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Осы тәжірибені сын тұрғысынан ойлау технологиясы да ұстанады. Сын тұрғысынан ойлау мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. Сын тұрғысынан ойлауды меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тәрбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну , бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені есестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік пен басқалады сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
- тиісті ақпарат жинауды;
- дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды;
- кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар;
- ауқымды тәжірибе негізіде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтиды.
Оқыту мен оқудағы сын тұрғысынан ойлау сияқты күрделі міндеттермен қатар, бұл үдеріс анықталмаған болжамдар мен құндылықтарды, проблемаларды мойындау және оларды шешудің тиімді құралдарын табуды, түрлі міндеттерді шешуде басымдықтарды белгілеудің маңызын түсінуді қамтиды.
Сын тұрғысынан ойлауды, әдетте, білім берудің кейінгі кезеңдерімен –орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл –балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызағушылығын оятып, олардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен талдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мәселен, тарих немесе географияны оқытуда оқушыларды:
-
суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;
-
негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақтар қоюға;
-
қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салыстыру және талқылауға;
-
анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға тартуға болады. (МАН,43бет).
Алдағы уақытта «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясын өзімнің сабағыма енгізгім келеді. Сол мақсатпен оқушылардың сыни білімін көтеру үшін. Өзімнің сабағыма оқушылар сыни ойлауды дамытатын «Ақылдың алты қалпағы», ЖИГСО, «Айналмалы бекеттер», «Ой қозғау» әдісі ретінде рөлдік ойын қолданғым келеді.
Қоғамымызда қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үдерісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқудың әр түрлі технологиядары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа техологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелерін беруде.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген