Материалдар / "Сыни тұрғысынан ойлау" С есеп
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Сыни тұрғысынан ойлау" С есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2019
546
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жаңа дала» жалпы орта мектебі.

Сманова Гульзира Смаиловна

II топ С-есебі



Тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп.




Өз ісінің білгірі һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек. Қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаң да –игілігін көріп, рахатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.

Әл-Фараби.



Оқушылардың сыни ойлау және ізденушілік дағдыларын қалыптастыру менің алға қойған мақсаттарымның бірі болып табылады. Ойлау туралы ойлана отырып, маңызды мәселелерді оқушылармен, әріптестеріммен талқылау мен тәжірибе жүргізу арқылы ой елегінен өткізуді қамтиды. Білім беру жүйесінде өзін-өзі тану пәнін оқыту үшін: «Пәнді қалайша терең меңгертуге болады? Оқушылардың пәнге, оқуға деген қызығушылықтарын қалай арттыруға болады?» деген сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарға жауапты сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқытудың жаңа тәсілдерінің бірі сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қодану арқылы алуға болады деген тоқтамға келдім.
Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту – қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек (МАН).

Сыни тұрғыдан оқушыларды ойландыра алу әрбір педагогтың құзіреттілігінде. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуды рөлдік ойын, диалог арқылы жүргізіп отыруға жоспарладым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі деңгейде сұрақтар дайындадым. Бақылау, талдау, қорытынды және интерпретация дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушылардың сыни ойлана алуын зерттедім. Сондықтан сабақтың мазмұнына сай сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын ЖИГСО, эссе жазу, кластер жасау, зерттеушілік конференциясы, Айналмалы бекеттер, Қар кесегі, Шынжыр әдістерін таңдадым. Әр сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Соның ішінде «Табиғатқа қамқорлық» тақырыбын өткізуде «Айналмалы бекеттер», «Рөлдік ойын» әдісінтерін пайдаландым. «Жеміс салаты» әдіс арқылы үш «Ай-жұлдыз», «Ақ-бұлттар», «Найзағай» атты топтарға біріктірдім. Әр топқа оқушыларды бес-алты оқушыдан топ арасында түсіндіру жұмысын жүргізу үшін орналастырдым. Жаңа тақырыпты Бейне таспа арқылы «Миға шабуыл» әдісін қолдандым, оқушылар өз бетімен меңгеріп, жұптық әрі топтық талдау жасау арқылы түсінді. Әр топ талдау жасап болғаннан кейін оқушылар өз ойларынмен бөлісті. Бір топта бес-алты оқушыдан айналдыра отырып тақырыпты ашуға тырысты. Оған қосымша диалог орнату арқылы тақырыптың ашылуына сұрақтар бердім. Үш топ табиғаттың ластануы, табиғаттың әсемділігі, жасанды табиғат тақырыптарына «Суретпен саяхат» әдісі бойынша постер жасады. Оқушылар жасаған постерлерін оте жақсы жасап қорғады. Топтар бір бірін «Күлегештер» әдісімен бағалады. Табиғатқа қамқорлық тақырыбына сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының ротация әдісі бойынша сынып құрамын үш топқа бөлдім. Оқушылар жаңа тақырыпты менің бағыт беруіммен өз беттерінше оқу дағдысын қалыптастыра бастады. Жаңа тақырыпты меңгерген оқушыларға келесі сабақ түрінде сыни тұрғыдан ойлау шығармашылық әдісін пайдаландым. Тақырып бойынша оқушылардың түсінуін сыни бағалауды қарастырдым. Бұнда оқушылардың жоғарырақ деңгейде сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында сұрақтар берген болатынмын.  Қосымша тапсырма ретінде тақырыпқа кластер жасауды тапсырдым. Сабақтың өтілу барысын мазмұнды өткізуді жоспарлағаным ойларын ашық айта алуы, бірін-бірі тыңдай, бағалай алуына байланысты оқушылар үйренгендерін тез жауап беріп және топпен талқылау жүргізді. Оқушыға сапалы да, тиянақты білім беру үшін өз пәнімді жан-жақты игеріп, оңтайлы тәсілдермен оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатына көп ізденіс пен әріптестеріммен ой бөлісіп, тәжірибе алмасқаннан соң көз жеткіздім.

Сыни тұрғысынан ойлаудың өзіне тән рефлексиялық ойлау дағдылары бар. Соның ішінде пікірлерімен, ойларымен, сұрақтарымен жұмыс жасау шеберлігі шыңдала бастады. Сонымен қатар басқа оқушылардың пікірлеріне салыстырмалы баға бере білуді үйренді. Сабақтарымда қолданған сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістері оқушылардың қызығушылығын арттыра білді деген сенімдемін. Себебі, келесі сабақты қалай оқимыз, бүгін де басқаша сабақ өтейікші деген ұсыныстар оқушылар тарапынан түскенде, менде сабақты қызықты әрі мазмұнды өткізуге деген талпыныс арта бастады. Сонымен қатар алдағы уақытта күнделікті дәстүрлі сабақтан гөрі сыни ойлай отырып тақырыпты ашу арқылы және жаңа сабақты осындай әдістер арқылы түсінгілері келетінін айтты. Оқушылар қалай оқу керектігін өздері анықтап, өздері сабақтың мақсатын анықтап оқу әлдеқайда тиімдірек екенін түсіндім.
Сабақтарымда оқушыларым өзін-өзі реттеу дағдысын қалыптастыра бастады. Бұған дейін менің түсіндіруіммен ғана тақырыпты түсінуге дағдыланған оқушыларым әуелгі уақытта қиынсынып, үйренісе алмай жүрген бес-алты оқушыларым болды. Сабақ барысында өз ойын айта алатындай мүмкіндікке ие болғанын түсінген оқушыларым оқу ретін өздері қалыптастыра бастады. Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таңғалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Мұндай зертеудің кішігірім түрін оқушыларыма зерттеп көрдім. Зерттеу нәтижесінде оқушылар сыни ойлай алды. Сындарлы пікірлер айта алды. Сыни қабілеттерін көрсете алды.

Сындaрлы oқытуда бaла тoппен жұмыc жаcайтын бoлды, oның нeгізгі идeясы–оқyшылар тoпта жұмыc жасaғанда олaр бiр-бірiн оқытaды жәнe анaғұрлым қaбілетті бaла қaбілеті төмeндеу бaланы оқытaды, үйрeтеді дeп түсіндiріледі. Бұл шынындa дa сoлай eкeн oғaн тәжiрибе кезiнде көзiм жeтті. Балалар тoпта өзiдерін eркін сeзіне алды. Aл oлaрдың eркiн сeзінуі oлаpдың aшылyына көмeктесті.Тoпқа бірігуді үйpене бастaды. Cынып ішiнде өздeрі оpтақ ерeже құpды, сoл ерeжеге бaрлығы бірдeй бaғынды. Тoптық жұмыcтарда біpлесіп жұмыc жаcады,бiр-бiрінің пікiрін тыңдaды,өзгенiң пікiріне құрмeтпен қарaуды үйрeнді, жәнe тoптың ішiнде тaлқылаған мәcеленің oртақ шeшімін тaба білдi. Оқyды өздeрі бағaлады. Сoның нәтижeсінде олaрдың жауапкeршілігі аpтты. Мұғaлімдер мeн балaлар үшiн өздeрінің қaндай мақсаттaрға жeткісі кeлетінін бiлу мaңызды, aл oл мaқсатқа жeту өлшeмдерін түсiнуді тaлап eтеді. Сондықтaн, Бағдaрлама критeриалды бағaлау тәсiлдерін дe қарaстырады. Оқушылaр бiлімді Шульмaнның ілiмі бoйынша бaспен түcінді, қoлмен тәжiрибеден өткiзді,жүрeкпен түсiнгенін aйтып берді. Өздeрі мұғaліммен бiрігіп құpған тaбыс кpитериі бoйынша өздeрiн әдiл бағалaй алды,жәнe aлға жылжy үшiн өздeрінің қaйда қалғaндары турaлы ойлaнды. Сабaқтың cоңында рефлeксия жасaуды үйрeнді. Нe білдiм, нe білгiм кeледі aтты рефлекcияға өз пiкірін жaза алды.
Күнделікті сабақ жоспарларын жеті модульді ескере отырып өзгертіп беру арқылы сабақтарым қызықты өтті. Мектептегі іс-тәжірибемде енгізген жаңа тың идеяларым сабақтың мазмұнын ашуға көмек берді деп нақты айта аламын.
Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың бойындағы сыңаржақтылықтың болмауына жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдлануға дағдылануды қолға аламын. Және басқада әдіс тәсілдерді әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтап  қолданын отырамын

Сыни тұрғыдан  ойлау технологияларын пайдалану нәтижесінде қазіргі оқушының:
– Сабаққа қызығушылығы артады;
– Нақты өз деңгейінде бағаланады;
– Жеке қабілеті айқындалады;
– Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет етеді

Қорыта келе Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринің нақыл сөзімен аяқтағым келеді .

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»  “Ал оқушы  болашақтағы ізденуші” деген.































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!