жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Сыни тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту
«Сыни тұрғысынан ойлау» стратегиясын қолдану арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту
Сыни тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғысынан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс - әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - алған білімге сын көзбен қарау, іздену, оның ақиқатын дәлелдеу, білімді саналы түрде алу. Бұл технологияның тиімділігі – оқушының құзіреттілігін арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:
1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады.
2. Мұғалім мен оқушылар арасында қарым - қатынас орнатылады.
3. Оқушының өздігінен жан - жақты білім алуына жағдай жасалады.
4. Алған білімге сын көзбен қарайды, білімді сапалы түрде алады.
5. Оқушы ойын ашық айта алуға, пікір алмасуға үйренеді.
6. Бірін – бірі сыйлауға, ынтымақтастыққа баулиды.
7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
8. Оқушының шығармашылық белсенділігі артады.
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады. Олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу, дәлелдеріне сүйену арқылы болашаққа бейім болып келуіне ықпалдасады. Сыни тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтағы аса қажетті, маңызды әрекет болып табылды.
«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» негізгі модуль ретінде алынып, ЖИГСО, топтастыру, Венн диаграммасы, «Сэнквейн», «Идея туралы ойлар», «Бағдаршам», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Басбармақ», «Ойлан, бірік, бөліс» әдістері арқылы көрінеді.
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері арқылы оқушылар:
- бір - бірінің пікірін тыңдау, сыйлау арқылы ынтымақты қарым - қатынас жасады;
- өз ойын ашық, еркін айтып, пікір алмасты;
- өзін - өзі, бірін - бірі бағалады;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастырды;
- достарының ойын тыңдап, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесті;
Кездесетін кедергілер:
1. Оқушылардың топта жұмыс істеуге дағдыланбауы;
2. Сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерінің төмендігі;
3. Уақыттың жетіспеушілігі.
Шешу жолдары:
1. Топ ережесін сақтай отырып, топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
2. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін тапсырмалар беру;
3. Сабақта уақытты тиімді пайдалану.
Келесі қадам:
1.Оқушылардың топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
2.Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері арқылы логикалық ойлауларын дамыту;
3.Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері берілген басылымдар арқылы өз білімімді жетілдіру, тренерлермен кеңесіп, әріптестеріммен тәжірибе алмасу.
Сыни тұрғысын ойлауға үйрету әдістерін қолдану арқылы білімі мен ойлау деңгейі жоғары, жан - жақты дамыған оқушы қалыптасады деп ойлаймын.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» оқушылардың шығармашылық әрекетін қамтамасыз етуде алатын орны ерекше.
Сыни тұрғысынан ойлау әдісі оқушының еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуға, идостарының ойын тыңдауға, жағдаяттарды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып,оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген - білгенін талдап салыстырып,білмегенін өзі зерттеп,дәлелдеп,өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі. «Не істеу керектігін» нақты жағдайда көрсетпей, мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының өзінің шығармашылық ойлауын, білімге қызығушылығын ояту, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
Оқшыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ,INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.
Әдебиет сабағында «Эссе» стратегиясы бойынша «Егер мен жазушы болсам.....» тақырыбында шығарманы қалай аяқтар едім деп өз ойын жазады. «Эссе» жазу арқылы өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге үйренеді. Мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізді. Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын қолдандым.
Шығарма бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында
«V»- білемін;
«-»- білмеймін
«+»- мен үшін жаңа ақпарат
«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге,ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушылардың ерекше қызыға орындайтын тапсырмалардың бірі «Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру». Балаларға дәптердің бетін ортасынан вертикаль сызықпен бөліп,мәтінді оқи отырып:
Бөліктің оң жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділер жазады. Сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсірді, себеп салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б)
Әр оқушы мәтінмен танысып,дәптерлеріне жазбаша тапсырманы толтырып біткен соң бірінші жұппен,одан кейін топпен талқылау ұйымдастырылады. Топ ішінен өз жұмыстарын бір-бірден шығып қорғайды.
Осындай сын тұрғысынан ойлауға арналған тапсырмалар оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға үйретеді. Мәтінді өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сонымен қатар сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;
Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді. Оқушыларға мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіруді тапсырдым. Жазуға уақыт бердім. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топта талқылап,ең жақсы деп танылған шығарманы ортаға шығып оқыды.
Мәтіндегі негізгі идеяларды талқылауда қолданған әдістердің бірі «ыстық орындық». Әр топтан бір оқушы алға шығып пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Кейбір оқушылар рөлге кіріп кейіпкерді сипаттап та береді. «Ыстық орындық» кезінде оқушылар сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтарды өте ұтымды қойып отырды.
Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:
Ұтқырлық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді – кесілді жауаптарды іздеудің орнына сұрақтар қою;
Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады.
Қорыта келе сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын өз сабақтарымда қолдану арқылы оқушыларда психологиялық ахуал қалыптасты. Өзін жеке дара тұлға ретінде танып, бір-біріне құрметпен қарауға үйренді. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өзін - өзі бақылау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері артты. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасы, шығармашылық жұмыстарға қабілеттері артты.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген