жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынптан тыс шара «Физикамен жүздесу , табиғатпен тілдесу»
Әбіш негізгі жалпы білім беретін мектебі
«Физикамен жүздесу,
табиғатпен тілдесу»
(сыныптан тыс шара)
Пән мұғалімі: А.С Қуантаева
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін
жинақтау, пәнінен алған білімдерін бақылап,
бағалау.
Дамытушылық:
Физика пәнінен алған білімдерін нақтылап, оны
өз дәрежесінде көрсете білу; командалық сайыс барысында өз ойын
білдіру және оны қорғау дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезең
-
Оқушыларды сайысқа шақыру
II. Сайысты өткізу программасымен таныстыру
-
Әділқазылар алқасымен таныстыру
-
Сайысты өткізу
-
Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Физикамен жүздесу , табиғатпен тілдесу» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып.
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат салысып аянбай,
Бар өнерге басайық. – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік.
Сайыс жоспары:
1-тур. «Таныса біл, тани жүр» сайысы
2-тур. «Сиқырлы кубик» сайысы
3-тур. «Домино» сайысы
4-тур. «Жұмбақтар әлемінде» сайысы
5-тур. «Ғажайып ұяшық» сайысы
6-тур. «Кім шапшаң?» сайысы
7-тур. «Соңғы мәре»
8-тур. «Қорытынды»
Сайысқа екі топ қатысады.
І тур. «Таныса біл, тани жүр»
Топ визиткасын қорғау. ( топ аты, ұранымен таныстыруы )
ІІ тур. «Сиқырлы кубик» Топ бойынша әр қатысушы кезекпен кезек сиқырлы кубикті лақтырады өзіне түскен сан бойынша сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап берген формулаға 5 ұпай беріледі.
-
Қысым
-
Қуат

-
Кинетикалық энергия
-
Потенциалдық энергия

-
Үйкеліс күші
-
Қозғалыс теңдеуі

-
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

-
Ток күші

-
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

10)Жылдамдық 
11)Жылу
мөлшері 
12)Термодинамиканың 1 – ші
заңы 
ІІІ тур «Домино»
Бұл кезеңде әрбір топқа бір сөз беріледі. Бірінші оқушы сол сөздің соңғы әріпінен басталатын бір сөз айтуы тиіс. Екінші оқушы бірінші оқушы айтқан сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді айтуы тиіс.Осы кезекпен , осы шартпен топ оқушылары бірінен соң бірі сөздерді айтады. Аталған сөздердің физикамен қатысы болуы,әрі қайталанып айтылмауы шарт. Ойын топ оқушылары тоқтағанға дейін жалғасады.Бір сөзді табуға 10 секунд уақыт беріледі.Егер уақыттан асып кетсе жауап қабылданбай, ойын тоқтатылады. Бұл жерде оқушылардың шапшаңдығы, тапқырлығы сынға түседі. Әрбір сөзге 2 ұпайдан беріледі. Ойын шарты түсінікті болса , сайысымызды бастаймыз.
1 – топқа берілетін сөз: Физика
2 – топқа берілетін сөз: Молекула
ІV
тур. «Ғажайып
ұяшық»
Бұл бөлімде әр топ ұяшық таңдайды ұяшыққа
байланысты сұрақ қойылады, сұрақ дұрыс жауап берілген жағдайда ғана
ұпай қосылады.
10 жоғарғы: Физиканың I – ші ұстазы, грек елінің ұлы ойшылы? ( Аристотель )
10 ортаңғы: Аспан денелерін зерттейтін құрал? ( телескоп )
10 төменгі: И.Ньютонның тартылыс заңын ашуға не себеп болды? (алма)
20 жоғарғы: Оңнан солға қарай– үй жануары, ал солдан оңға қарай оқысаң физикалық шама? ( Мысық – қысым )
20 ортаңғы: Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады? (Диффузия)
20 төменгі: Ток күшін өлшейтін құрал? (Амперметр)
30 жоғарғы: Тең әсерлі күшті түсіндіретін ұлттық ойын түрі? ( Арқан тарту )
30 ортаңғы: Көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді. ( Молекула )
30 төменгі: (Тосын сый сіз 30 ұпайға ие болдыңыз.)
V
тур.
«Жұмбақтар
әлемінде» Бұл кезеңде әр топ оқушылары
физикалық жұмбақтардың шешімдерін табады. Екі топ жұмбақтарға
кезекпен кезек жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай
қосылады.
1.Қозғалысқа келтіріп , жылдамдығын
береді.
Өлшемдерін қараса, Ньютонға ол келеді. Жауабы: Күш
2. Барма жоқ па оны да білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің . Жауабы: Ауа
3.
Күндіз қасыңнан
қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай
алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға
бармайды. Жауабы:
Көлеңке
4.Жалғыз бағыт
білері,
Бұрғаныңа
көнбейді.
Жол көрсетіп
береді
Бірақ өзі
көрмейді. Жауабы:
компас
5. Алтын теңге
кетеді,
Күміс теңге
келеді. Жауабы:
Күн мен
Ай
6. Отқа
жанбас,
Суға
батпас. Жауабы:
мұз
7. Табаныма
байладым,
Қос таяқпен
айдадым. Жауабы:
шаңғы
8.
Жылт - жылт
етеді,
Жылғалардан
өтеді. Жауабы:
Су
9.
Жылдың төрт мезгілінде
де,
Мазасызданады ол
не? Жауабы:
Жел.
10.
Бұлтты аспанның
жүзінде,
Ойнайтын бұл
немене? Жауабы:
Найзағай.
11. Көкке қараған , жұлдыз санаған Жауабы: Телескоп
12. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды. Жауабы: Сағат
VІ тур. «Кім шапшаң?» Бұл бөлімде әріптерінің орындары ауыстырылған физикалық терминдер беріледі әріптерді орын орнына қойып физикалық терминдерді табу керек. Әрбір дұрыс құралған терминге 5 ұпайдан қосылады.
САМСА---------МАССА ТҒЗҚЫЫДЫ --------- ТЫҒЫЗДЫҚ
РУҚЫАЛЫ ІКШҮ---------АУЫРЛЫҚ КҮШІ ИДФУЯФЗИ --------- ДИФФУЗИЯ
РАНМОКЕТ---------КАМЕРТОН ЛТОҚНЫДРА ---------ТОЛҚЫНДАР
МТАПРМЕРЕ---------АМПЕРМЕТР ОВЛЕТЬМРТ ---------ВОЛЬТМЕТР
ЕОКТЛЕПС --------- ТЕЛЕСКОП ЛБЕ РТТЕРІСЕ -------ТЕРБЕЛІСТЕР
VІІ тур. «Соңғы мәре» Бұл бөлімде әр топқа екі – екі есептен беріледі. Есептер толық қатесіз шығарылған жағдайда әрбір есепке 10 ұпайдан беріледі.
1 – топ:
№ 1 есеп Автобус 2 сағат ішінде 120 км жол жүреді. Автобустың жылдамдығы қандай? Ол 3 сағатта бірқалыпты қозғала отырып , қандай арақашықтықты жүріп өтеді?
№ 2 есеп Өткізгіштің 0,40 А ток өткенде , өткізгіштің ұштарындағы потенциалдар айырымы 8,0 В болды. Өткізгіштің кедергісі неге тең?
2 – топ:
№ 1 есеп Трамвай бірінші 50 м-ді 10 м/с жылдамдықпен жүрді. Трамвайдың барлық жолдағы орташа жылдамдығын табыңдар.
№ 2 есеп Электрбұрғы орамының кедергісі 20 Ом. Егер электрбұрғы 19 А ток күшіне есептелген болса, онда оған қандай кернеу берілуі тиіс?
VІІІ тур. Қорытындылау.
Әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Ең көп ұпай жинаған сынып - «Үздік физиктер» деп аталады. Құттықтаймыз!
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста , техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта үйреніңдер! –
деп бүгінгі көріп тамашалаған «Физикамен жүздесу ,
табиғатпен тілдесу» атты сайыс ойыны өз мәресіне
жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.
Рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген