400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

"Шыншылдық - адамдықтың белгісі" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Шыншылдық – адамдықтың белгісі.

Тәрбие сағат мақсаты:

Шындық пен өтірікті ажырата білу,түсінік беру.

Тәрбие сағат түрі: аралас

Тәрбие сағат әдісі: сұрақ - жауап , түсіндіру.

Тәрбие сағат көрнекілігі: оқулық , АКТ , кластер .

Тәрбие сағат барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Әр күнімізді жақсы сөздерден бастайық. Қайырлы күн құрметті оқушылар! Қош, келіпсіздер ұстаздар!

2. Шаттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып, «Болайықшы осындай» өлеңін айтады.

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүл толады.

Еңбекшіл осындай

Болайықшы осындай.

3. Тақырыпты ашу: Бүгін балалар біз сендермен «Шыншылдық адамдықтың белгісі» атты тақырып жайлы ой бөлісеміз.

4. Видеожазба «Түлкі мен ешкі » (ертегі )

Оқушылар осы ертегі жайлы видеожазба көреді.

- Түлкіге қандай мінездемелер берер едіңдер?

- Ал ешкіге ше?

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар түлкі шын айтты ма?

- Түлкінің әрекеті дұрыс па?

- Балалар сендер кейбір сәттерде өтірік айтқан кездерің болды ма?

- Өтірік адамға қандай зиян әкеледі?

- Ал шындық не үшін керек деп ойлайсыңдар?

- Шыншыл бала қандай болады.

Тыныштық сәті: - Балалар денемізде түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар, көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.Енді көзімізді ашайық.

- Тақтадағы сөйлемді оқыту. Өтірік өрге баспайды. (оқыту хормен).

Бұл бүгінгі біздің сабағымыздың дәйексөзі, халық даналығы.

- Балалар, адам өтірік айтқанда өтірігін біреу біліп қоя ма деп қиналады. Шындық ашалып қала ма деп сезіктенеді: Расында, өтірік ұзаққа бармайды, шындық қашанда жеңіп шығады, ол өтірік айтқан адам ұятқа қалады. Өтірік айтып ұятқа қалғанша щындықты айтып қателігімізді мойындаған дұрыс. Мұндай әрекет жасау – адамдықтың белгісі болып табылады. Міне сондықтан да дана халық «Өтірік өрге баспайды» деп өсиет қалдырған. Сондықтан біз шыншыл болып, өтірік айтпауымыз керек. Шыншыл болу кез келген адамның өз қолында. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда ғана әділдікке кол жеткізеді. Елге сыйлы болады.Ал өтірік айтқан адамға көпшілік жақындағысы келмейді.Ол өзінің сыйын жоғалтады.

Кластер құрастыру: -Балалардың алдына сөздер жазылған қағаздар тарату. Бақыт, қуаныш, ренжітеді, ұят, сенімділік, сенімсіздік, жамандық, жақсылық. Осы сөздердің орнын анықтап, орналастыру. Шындық неге жеткізеді? Өтірік неге жеткізеді? Қортындылау: -Балалар, өтіріктің адамға пайдасы бар ма екен? ( Өтіріктің адамға пайдасы жоқ ) Ол саған уақытша ғана пайда әкеледі де, өмір бойы өтірікші деген атқа ие болады екенсің. Өтірік айтып өмір бойы жаман адам болғанша, шындықты айтып адал адам болған дұрыс. Шындық саған өмірлік қуаныш сыйлайды.

Жүректен жүрекке: Тақтада күн тәріздес дөңгелек қағаз, ортасында « мен қандай баламын » деп жазылған.(Жақсы сөздер жазу).Балалар бір-бірінң бойындағы жақсы қасиеттерді жазады.

-Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгіліп тұрған «күнді» құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлай отырып, шындық жайлы өлең шумағын жүректен – жүрекке жеткізейік. -Қанеки, қолдарымызды көтерейік бір – бірімізге алақанымызды жақындатайық, шындық жалынын сезінейік. Әр нәрсенің байламын, Шындықпенен шешейік. Дақ түсірмей жүрекке, Тәтті ғұмыр кешейік. -Ал, балалар, сабағымызды жақсы сөздермен бастасақ.Енді жақсы тілекпен сабағымызды аяқтайық. -Келгендеріңізге рахмет! -Сау болыңыздар!






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
2527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі