Материалдар / Сыныбы- 8б Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыз – еркем , өнерімен көркем»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныбы- 8б Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыз – еркем , өнерімен көркем»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныбы- 8б Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыз – еркем , өнерімен көркем» Тәрбие сағат мақсаты: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілетерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Жас жеткіншектердің мәдени бос уақыттарын тиімді пайдалануға белсендіру. Оқушылардың дүниедегі жақсылық атауларының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру. Тәрбие сағатының түрі: Сайыс.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2022
302
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы- 8б

Тәрбие сағат тақырыбы: «Қыз – еркем , өнерімен көркем»
Тәрбие сағат
 мақсаты: Оқушылардың рухани адамгершілік, тұлғалық қабілетерін дамыту, қыз балаларды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Жас жеткіншектердің мәдени бос уақыттарын тиімді пайдалануға белсендіру. Оқушылардың дүниедегі жақсылық атауларының  бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.

Тәрбие сағатының түрі: Сайыс.

Тәрбие сағат көрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат. Суреттер, шар, гүл суреттері, жеңімпаздарды анықтауға арналған  жетондар, 8 наурыз мейрамына арналған слайд


Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

Ал, енді бұл мейрамның шығу тарихына тоқталайық.

1910 жылғы 27-тамызда Данияның Копенгаген қаласында өткен әлемдік ”Екінші Халықаралық Социал Әйелдер Конференциясында” немістің ”социал әйелі” Клара Цеткин әйелдердің құқын қорғау күнін белгілеуді ұсынды. Сол жолғы жиынның шешімімен 19-наурыз Әйелдердің құқын қорғау күні деп жарияланды. Алғашқы әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда және Швейцарияда 1911 жылы 19-наурыз күні шерулер ұйымдастыру арқылы аталып өтті. Келесі жылы 12-мамырға ауыстырылды. Ал 1913 жылы Германиялық әйелдер 12-наурыз күні шеруге шықты. Дәл осы жылдың 2-наурызында Ресей мен Францияда, 9-наурыз күні Австрияда, Чехияда, Венгрияда, Швейцарияда және Голландияда әйелдердің шерулері ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатының өтілу жолы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділқазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру.

1 жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
 Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп
«Қыз – еркем , өнерімен көркем» атты сайысымызды бастайық.
       Құрметті аса қадірлі ұстаздар, қыз-қызғалдақтар. Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып Аналар мерекесі келді. Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан қардың астынан бүршік жарады. Біздің қыздарымыз соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындық атаулыға төзімді.  Ұзтаздар және арулар! Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!

2 жүргізуші:
Енді көрермендерді сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік. Сайыс  5 бөлімнен тұрады. 
1. 
«Сәлем – сөздің атасы» яғни өз - өзін таныстыру. (өз тобын таныстыру) 
2. 
«Кім тапқыр?» сайысы 3 бөлімнен тұрады.
І. Сұрақ – жауап сайысы.
ІІ. Қызықты жұмбақтар шешу сайысы.
ІІІ.  Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте (шет елдің амандасу түрлері).
3. 
«Сезімтал жүректі жандар» (әр түрлі сезімді көрсету ).
4. 
«Ертегі әлемінде» (ертегілердің атауын табу).
5
. «Құттықтау» (топтар бірігіп ерекше құттықтау сөздерін дайындау).

1 жүргізуші:
1сайыс. «Сәлем – сөздің атасы» - деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.( танысу) .

2 жүргізуші:
2 сайыс. «Кім тапқыр?» сайысы 3 бөлімнен тұрады.
І бөлім Сұрақ - жауап әр топқа сұрақтар қойылады .Бұл сайыста жылдамдық көрсете білу қажет.
1.  Золушка Ханзаданың кешінде нені жоғалтты? (хрустальді туфли)
2.  Әлемдегі ең аяулы, ең сұлу, ең мейірімді жандар деп кімді атаймыз? (ана).
3.  Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
4.  Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
5.  Қызыл Телпекті бәрінен көп кім жақсы көрді? (апасы)
6. Қасиетті тағам. (нан)

1 жүргізуші:
Ендігі кезекті Құлахмет Мансұрдың «Ана» туралы мәнерлеп оқуын қарсы алайық!

2 жүргізуші:
ІІ бөлім Қызықты жұмбақтар  әр топқа жұмбақтар қойылады, дайындалуға уақыт беріледі. Жұмбақ жауабын дәл тапқан сайыскер ұпай иеленеді.

Қараңғыда жымыңдайды,жанады,

Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен(Көктем)

Қозғалып жүрер жортақ шам,

Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

Көктен түседі,

 Жер ішеді.      (Жаңбыр)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады
(Жел)

Су бетін сүзіп,
Ақ құман жүр жүзіп. 
(Аққу)

1 жүргізуші:

Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. 
(Су)

Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар
. (Киіз үй)

Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды. (Сандық)

Аузынан ішкені мұрнынан шығады.     (Шәйнек)

 Сүңгіп батып бұл мықты,

Бүтіндейді жыртықты.     (Ине)  

 Сылдыр сұйық су емес

            Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?     
(сүт)     

2 жүргізуші:

ІІІ бөлім: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» әр топ сиқырлы қоржыннан әр түрлі елдердің аты жазылған қағазды алады. Қай ел түседі сол тілде амандасуы қажет. Мысалы Орыс тілінде – Привет. Өз тілімізде – Сәлем.

Ағылшын тілінде - Hello!

Неміс тілінде - Guten Tag!

Француз тілінде - Bonjuor!

Өзбек тілінде - Салам алейкум!

Испан тілінде - Hola!

Қытай тілінде – Ni xao!

3сайыс. "Сезімтал жүректі жандар". Адамдар өте сезімтал жандар. Негізінде біздің сезімдеріміз «бет әлпетімізде» жазулы тұрады. Бірақ сезімді тек қана бетті қимылдата отырып ғана емес, қолмен де көрсетуге болады. Әр топ сиқырлы қоржыннан тапсырманы алады.(ашуды, куанышты, қорқуды) көрсетуге тырысыңыздар.

1 жүргізуші:
4 сайыс. 
Ертегі әлемінде (ертегілердің атын табу). Әр топ ертегі атауларын табуы тиіс. Әр ертегінің үзіндісі көрсетіледі оқушылар атауларын айтады.
(красавица и чудовише,, рапунцель, красная шапочка, гадкий утенок, русалочка,).

5 сайыс "Құттықтау".
Бұл сайыстың мәні әр топ  балалары залдағы барлық нәзік жандарды мейрамдарымен өлең жолдары, ән, би  арқылы құттықтау қажет. 

Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Қатысқан топтар  мараппатау қағазымен мараппаталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға  салып тамаша өнер көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге үлкен алғысымызды айтамыз.Бүгінгі «Қыз – еркем, өнерімен көркем» атты сайысымызға уақыттарыңызды  бөліп келгендеріңізге көп рахмет.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!