Материалдар / «Шынығып шымыр боламыз», «Балаларға жылулық сыйла!», «Ұлы Жеңіс жасасын!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Шынығып шымыр боламыз», «Балаларға жылулық сыйла!», «Ұлы Жеңіс жасасын!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша, мектеп оқушыларына және зерде дамуы бұзылған балалар тәрбиеленетін орталық тәрбиеленушілеріне анимациялық қызмет көрсету мақсатында әдістемелік көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2018
535
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

мұғалім-дефектологы: А.Каликова


«Шынығып шымыр боламыз»

(спорттық жарыс)


Тәрбиелік мақсаты: Тәрбиеленушілерді бір-бірімен жылы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу, жағымды эмоция қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру.


Түзете-дамытушылық мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Аяқ, қол моторикасын, қимыл-қозғалыс дағдыларын, аяқ бұлшық еттерін дамыту, бейнелі кеңістікте ойлауды дамыту.


Қолданылған заттар: доптар, қапшық, секіргіш, арқан.


Балалар екі топқа бөлініп жарысады:

І топ – «Тұлпар»

ІІ топ – «Қыран»


Тәрбиеші: Құрметті апайлар, балалар! Жаздың жадыраған қызыққа толы демалыс күндеріміздің барлығы дерлік қызықты өтуде. Кезекті өткізгелі отырған «Шынығып шымыр боламыз» атты спорттық сайысымызға қатысушы топтарға сәттілік тілейміз!


Сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:

І.Таныстыру

ІІ.Кім бірінші

ІІІ.Қояндар сайысы

ІV.Секіргіштен секіру

V.Әтештер сайысы

VІ.Арқан тартыс


І.Таныстыру

І топ – «Тұлпар»

Біз боламыз «Тұлпар» деген халайық,

Атымызға ісіміз бар лайық.

Жарысудан жалықпай біз жүреміз,

Денсаулық сайысына келіп міне,

Бас жүлдені алуға біз келеміз!


ІІ топ – «Қыран»

Ау, халайық, халайық,

Сәлем бердік сіздерге.

Біз боламыз қырандар

Бәрінен биік ұшамыз,

Біз жеңімпаз боламыз!


ІІ.Кім бірінші

Бұл бөлімде сайыскерлер допты қатар-қатарымен тұрып жоғары және төмен қолдарымен жүргізіп отыруы тиіс. Қолына доп ұстаған соңғы бала топтың алдына келіп тұрып, допты жоғары көтеруі тиіс. Кім бірінші көтерсе, сол топ жеңіске жетеді.


ІІІ.Қояндар сайысы

Бұл сайыста балалар қапшықты кезекпен киіп, белгіленген жерге дейін қоянша секіріп жарысады.


ІV.Секіргіштен секіру

Балалар белгіленген жерге дейін секіргішпен секіріп, келесі баланың қолынан соғуы тиіс. Қолына соққан бала секіргішпен секіріп ойынды жалғастырады.


V.Әтештер сайысы

Бұл сайыста балалар сызылған шеңбер ішінде балалар бір аяқпен қолдарын артқа қарай ұстап бір-бірін иықтарымен итермелеп шеңбердің сыртына шығаруы тиіс. Шеңбердің сыртына шыққан бала жеңіледі.


VІ.Арқан тартыс

Белгіленген сызықтан шықпауға тырысып балалар арқанмен тартысады. Сызықтан асып кеткен топ жеңілген болып саналады.


Сайысқа белсене қатысқан топ балалары марапатталады.



«Балаларға жылулық сыйла!»

(мерекелік шара)


Жүргізуші: І. –Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұжымдастар! Бүгінгі қоғамымыздағы мүгедек жандарды қорғау күніне орай «Балаларға жылулық сыйла!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер! Мүгедектің өзі әлеуметтік феноменнен тұрады. Одан бірден-бір қоғам бас тарта алмайды және әрбір мемлекет өзінің даму деңгейініе қарай мүгедектерге қатысты әлеуметтік және экономикалық саясаттарын қалыптастырады. 2005 жылғы 19 сәуірде Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді қолдау мен қорғауға арналған барлық негізгі халықаралық құқықтық негіздерді қамтитын теңдесі жоқ құжат. Мүгедектердің құқығы туралы Конвенция қабылданды. Қазақстан Республикасы Конвенцияға қосылған әлемдегі 137 мемлекет болды. Бүгінгі таңда қоғамымызда тағдырдан тарлық көрген, мүмкіндіктері шектеулі, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар көптеп кездесуде. Елбасының үкіметтің қолдауымен бүкіл қоғам болып, осы жанарлары мұңды, қам-көңіл жандардың жүректеріне мейірім шуағын шашып, қабақтарына кірбің түсірмей, қолдан келер көмегін аямай, жүрек жылуын бөліп беруде. Соған дәлел : осы біздің орталықта да мүмкіндіктері шектеулі, бөгде адамның көмегіне зәру, психикалық дамуы тежелген балалар тәрбиеленуде. Осы орталықтың бүкіл қызметкерлері, балаларымыздың өмірлерін жеңілдетуге, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуге, емін-еркін жүріп-тұруларына барлық жағдайды жасап бағуда. Олай болса, осы игі істің басына барлық қызметкерлерді ұйымдастырып, басқарып отырған осы орталық директорына сөз береміз.


Жүргізуші: -Біз қызмет ететін ұжым ерекше ұжым. Балаларымыз да ерекше болғандықтан, оларға аса зор көңіл бөліп, аналық, әкелік жүрегімізбен жылулық, көзімізбен мейірімділік, өзімізден сабырлылық, сөзімізбен өз-өздеріне деген сенімділікті сездіруіміз қажет. Осы балаларымызға тиісті дәрежеде көмек қолын соза алдықпа? – деген сұраққа бәрімізде мақтанышпен ия, - деп жауап бере аламыз. Біздің тәрбиеленуші балаларымыз таңның атқанына да, күннің шапағат шашқанына да қуана білетін балалар. Сондықтан күннің шуағы сияқты әрқайсысымыз сәл де болса жылы жүзімізбен, адал еңбегімізбен жабырқау ғана кішкене жүректеріне жол тапсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Олай болса, балалар бүгінгі мерекелік шарамызда осы ұжымның тәрбиешілері, мұғалімдері сендерге қызықты ертегі, ойындар, мультфильмдерден көрініс қойылым қойып, сіздерге қуаныш сыйлауға тырысады. Қабыл алыңыздар!


ІІ. «Жүрегімнің жылуы бір сен үшін»


«Буратино» (ІІІ бөлек тәрбиешілері)


Ертегі «Қасқыр мен егінші» (күндізгі бөлім тәрбиешілері)


Көрініс «Ата мен Әже» (VІ бөлек тәрбиешілері)


Жүргізуші:

Тағдырдан тарлық көрген балаларға

Анасындай болайық біздер ғана.

Ісімізде болмасын еш олқылық,

Болайық біріміз жең, бірің жаға.

Балаларға қамқоршы біз ата-ана

Қамқорласақ жазылар не бір жара –

деп біздің балаларымызға көмек қолын созып, демеушілік көрсетіп жүрген аға-апаларымыз ортамызда отыр. сол кісілерге сөз кезегін берейік.


ІІІ. «Ризамын саған мейірімді жан!»

Жүргізуші:

Ән: «Жақсы көрем» Мұрат

Би: «Қуыршақ Неваляшка» ІІІ бөлек бүлдіршіндер тобы

Ән: «Ақ тілек» Әсем

Көркем гимнастика: Болсын

Ән: «Алтын күз» Андрей

Ән: «Прекрасное далеко» Елена


ІV. Балаларғ тосын сый.

Сайқымазақ қонақта.

«Батыс» тобының бишілері


Жүргізуші: Қорытынды


«Ұлы Жеңіс жасасын!»

(мерекелік шара)


Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: мультемедиялық аппарат, слайд, түрлі-түсті шарлар, үнтаспа.


Жүргізуші:

Ашу менен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалысса,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.

Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтың базарын ерте жауып

Талай жұмыс істеді бала өркен.

Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды,

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы

Сеніммен күтуші еді жеңіс тойды.


-Құрметті балалар, қонақтар, ұжымдастар! 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер! Алғашқы құттықтау сөз орталық директорына беріледі.


Жүргізуші: -Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 22 маусым күні таңғы 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер жердегі ауыл-селоға тарады. Ер азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстандық жауынгерлерге аянбай жаумен шайқасты. Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ, соғыс 50 млн адамның өмірін қиды. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың Жеңіспен аяқталғанына 73 жыл толып отыр. соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.


Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болсадағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отан басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

(минут үнсіздік, еске алу)


Жүргізуші: -Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылы 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р.Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8 мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді.


Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның құдіретті үнін сүйем,

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған.

Бозторғайы бол оның шырылдаған

Отан, Отан

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем, -

деп ақын Мұқағали жырлағандай, әрбір қазақтың жүрегінде Отан туралы сезім жоғары тұрады. Олай болса, жоспарымыздың келесі бөлімі кішкентай ғана жүректері Отан деп соққан балаларымыздың «Бейбітшілік ұранымыз, биік ұшсын қыранымыз!» деп ұрандаған ұландар сайысы.

-Құрметті балалар, қонақтар, ұжымдастар! Бүгін бізде «Нағыз қазақ жігіті» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.


Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ел намысын қорғалық

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! –

дей отырып, ортаға «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайып қырандарымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар! (Сайыскерлер ортаға шығады)


Жүргізуші: - «Нағыз қазақ жігіті» байқауына қатысушы сайып қырандарымыздың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар! (Қазылар алқасы таныстырылады)


Жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! –

деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.


І бөлім. «Тегімді менің сұрасаң ...» өзін тансытыру.

ІІ бөлім. «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

ІІІ бөлім. «Ақылына күші сай» қол күресі сайысы.

ІV бөлім. «Сәнді киім жарасады бойыма» сән үлгілерінен сайыс.


Жүргізуші:

Ақыл-көркі бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді, -

деп «Тегімді менің сұрасаң ...» өзін таныстыру сайысын бастайық.

(Сайыскерлер өздерін таныстырады)


VІ бөлек І бөлек


Ринат Мұрат

Нұрболат Айбат

Иван Ерлан

Дамир Андрей


Жүргізуші:

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

«Бәрекелді!» деп шіркінге, -

дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз. Сайыскерлеріміз өз өнерлерін көрсетеді.


Ән «Ұландар» Мұрат

Ән «Сапқа тұр!» Нұрболат


Жүргізуші:

Ей, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт.

Атыңа ерік бер, жігіт

Күшіңді көрсет ер жігіт, -

дей отырып, «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында «Қол күрес» өткізіледі.


Жүргізуші:

«Сәнді киім жарасады бойыма» сән үлгілерінен сайыс.


Жүргізуші:

Қай топ жүйрік, өнерпаз білейікші,

Орталықтың Сұлтаны деп жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті

Жігіттерге сәттілік тілейікші.

Қорытынды бағаны қазылар алқасы ақылдасып шешкенше, музыкалық сәлем жолдаймыз.


Би «Матрос» Андрей, Амангелді


Жүргізуші:

Қазылар шешімімен жеңімпаз жарияланады. Олай болса, озып шыққан топты марапаттап, жеңісімен құттықтаймыз.


Жүргізуші:

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Жігіттерімізге көп-көп рахмет! 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын! Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің заманда өмір сүруіміз үшін құрбан болды, біздің бақытымызды қорғады. Біз олардың жүріп өткен ерлікке толы жолдарың азаттық үшін күрескен ерлеріміз бен батырларымызды ешқашан ұмытпаймыз. Осымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіс жасасын!!!» - атты мерекелік шарамыз аяқталды. Бейбітшілік жасасын, Ұлы Жеңіс күні жасасын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!