400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Шынылар елінен саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға шыны туралы түсінік беру, шыны дегеніміз не? Оны қалай жасайды? Шыныдан не жасауға болады? Осы сұрақтардың жауабын балалармен бірге іздеп мақсатқа жетуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шынылар еліне саяхат»

Жетістіктер апталығы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы №8 «Ақ Желкен» бөбекжайы

Тәрбиешсі: Аманкулова Зухра Муратбаевна

Естиярлар тобы

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас».

Оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Шынылар еліне саяхат»

Мақсаты: балаларға шыны туралы түсінік беру, шыны дегеніміз не? Оны қалай жасайды? Шыныдан не жасауға болады? Осы сұрақтардың жауабын балалармен бірге іздеп мақсатқа жетуге үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Балалар кіріп келеді.

Қонақтармен амандасады.

Тәрбиеші: келіңдер балалар, шаттық шеңберге тұрайық.

Шаттық шеңбер: «Балабақша»

Балабақша есігін,

Үшке тола ашқанбыз.

Балапандай өсіріп,

Мәпелейді бақшамыз.

Бұл екінші үйіміз,

Бір туғанбыз бәріміз.

Біз осы үйдің гүліміз,

Біз осы үйдің сәніміз.

Балалар орындарына отырады.

Есік соғады, хатшы келеді.

Тәрбиеші:ой, балалар, бізге хат келіпті. Бұл хатты Ресейде тұратын менің досым Марат жіберіпті. Балалар хатты ашып көреміз бе?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: ой, балалар, бұл хатта дискі бар екен. Бұл Марат деген бала. Ол мектепке бармай тұрып-ақ шыныны қалай жасайтынын біледі екен. Себебі оның әкесі шыны жасайтын зауытта жұмыс жасайды. Марат әкесінің жұмысына жиі барушы еді. Себебі оған бәрі қызықты көрінетін еді.

Шыныны жасау үшін шебер қыш ыдысқа ақ құм мен соданы араластырып пешке салып қоятын. Оны өте ыссы температурада қайнатады. Қайнап жатқан шыныны түтікшемен түртіп алып, түтікше бойымен үрлейді. Маратта өзінің күшін сынап көріп құмыра немесе стақан жасап әкесіне көрсетуші еді. Әкесі жұмысын бір сәтке тоқтатып, баласының жұмысын қарап, қағазға бір сөздер жазып, «Аулаға барып, сонда оқырсың» дейтін. Марат аулаға жүгіріп шығып, қағазды ашып «лақтырып таста» деген сөзді оқиды. Марат мұңайып қайтып келеді, ал әкесі ақылын айтатын: «шебер деген атаққа кір келтіруге жол бермеймін. Дұрыс жасауға тырыс».

Ал, қазір Марат өсіп, ержетті, жақсы шебер болды. Ескі зауыттың орны үлкен заманауи зауыт салынды. Үрлеуіш шеберлер бүкіл елге, тіпті шетелдерге де танымал болды.

Тәрбиеші: дүкенде шыны заттарды қалай тексеретінін байқадыңдар ма?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: шыны қарындашпен жәйлап соққан кезде жәй және жиі дірілдейді, сонда біздің құлаққа жағымды дыбыс естиміз. Егер шыныда ақау болса, онда шыныдан «Дзинь» деген дыбыстың орнына күңгір және құлаққа жағымсыз дыбыс естіледі.

Ал, сендер байқап көргіңіз келе ме? Алдыңыздағы шыны ыдысты қарындашпен жәй соғып қараңдар.

Балалар қарындашпен шыны ыдыстарын соғып тексереді.

Тәрбиеші: Ой, балалар, бізге қонақ келе жатырған сияқты.

(Тосын сәт. Топқа ақшыл-көгілдір түсті киім киген қыз бала – шынылар елінің Патшайымы кіреді).

Патшайым: Сәлематсыңдар ма, балалар! Мен – шынылар елінің Патшайымымын. Бұл менің ең жақсы көретін құралым. Біздің шыны елімізде барлық заттар шыныдан жасалған, сонымен атағы шыққан елміз.

Патшайым: Сендерге шынындан жасалған заттар ұнай ма?

Шыны не нәрседен қайнатады?

Шыныны және шыны заттарды қай жерде жасайды?

Шебер шыныны үрлегенде қандай аспапты қолданады?

Шыны бұйымдарды жасайтын адамды қалай атайды?

Тәрбиеші:Шынылар елінің Патшайымы, біздің елімізде шыны өндіру ісі өзгерді. Шыны зауытының қызметкерлеріне машиналар мен станоктар көмекке келеді, алайда үрлеуіш шеберлер осы күнге дейінгі шыны көпірігінен әртүрлі және әртүсті әдемі өнер туындыларын үрлеп шығарады. Ал сендер үрлеуіш шебері болып көргілерің келе ме?


Балалар жауабы.

(Тәрбиеші коктейльге арналған түтікшелер мен сабын артіндісі құйылған ыдыстарды алдарына жақындатуды ұсынады. Бір бала тақпақ оқиды).


Сақ болыңдар: көпірік!

Сияқты, өп-өтірік!

Ісінеді! Ұшады!

Бірін-бірі құшады!

Менікі – өрік сияқты!

Сенікі – жаңғақ сияқты!

Ал менікі ауада,

Көбірек ұшқан сияқты!


Патшайым: қандай әдемі көрініс! Өкінішке орай, сабын көпірігі шыны-шөлмекпен салыстырғанда өте әлсіз. Сендер ержеткенде, кейбіреулерің шын ыдыстардың суретшісі болуларың мүмкін. Сонда, сендер өрнектеген әдемі шынылар адамдарды көптеген жылдар бойы қуанышқа кенелтетін болады.

Патшайым:Балалар, менің сендерге сыйлығым бар. Алдымен, менің сандықшамда не нәрсе бар екенін табыңдаршы.


Тәрбиеші:Балалар, біз патшайымның сандықшасында не нәрсе бар екенін білу үшін патшайымға сұрақ қояйық.

Ойын: «Ия – жоқ».

Ойын шарты: егер балалардың сұрағы дұрыс болса – ия, дұрыс емес болса – жоқ деп жауап беріңіз.

Балалар сұрақтар қояды:

Бұл тірі зат па? (жоқ)

Бұл үйдің ішінде болатын зат па? (ия)

Ас үйде ме? (ия)

Бұл ыдыс па? (ия)

Бұл ыдыста тамақ пісіре ме? (жоқ)

Бұл ыдыстан су іше ме? (иә)

Бұл ыдыстың ұстайтын жері бар ма? (жоқ)

Бұл стақан.

Патшайым:Балалар, менің кететін уақытым болды, сау болыңдар!

Тәрбиеші:Балалар, сендер «шебер» болғыңыз келе ме?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Ендеше, мына шыныдан жасалған ыдыстарды әдемілеп безендірейік. Балалар ыдыстан жасалған ыдыстарды безендіреді.

Тәрбиеші:ой, қандай әдемі шынылар, енді сендер бұл ыдысты не істейсіңдер?

Балалар жауабы.

Қорытынды.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызметіміз сіздерге ұнадыма?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметінен сіздер өздеріңізге не алдыңдар?

Балалар жауабы.

«Жүректен жүрекке» шеңбері.

Балалар, біз бүгін ерекше қызықты сабағымызды басқаша аяқтайық. Бір-біріміздің жанарымызға қарап тұрып айтайықшы:

Жанымыздағыларға көп рахмет!

Әрқайсымызға жеке рахмет!

Көзімізде күлкі ойнап күн кешейік,

Уақытты жақсы өткізейік!

Ал енді қоштасар алдында, тағы да бір-біріміздің көзімізге жылы шыраймен қарап, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
646
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі