Материалдар / Сынып аралық “Отбасылық сайыс” Тақырып: Өмір шырағым- отбасым. 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып аралық “Отбасылық сайыс” Тақырып: Өмір шырағым- отбасым. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: «Отбасы» құныдылығының мәнін ашу арқылы оқушыларда отбасы мүшелеріне құрмет, ата-анаға деген сүйіспеншілік,сыйластық, отбасындағы өзара сыйластық қасиеттерін дамыту,тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру және тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Сәуір 2022
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып аралық “Отбасылық сайыс”

Тақырып: Өмір шырағым- отбасым.


Мақсаты: «Отбасы» құныдылығының мәнін ашу арқылы оқушыларда отбасы мүшелеріне құрмет, ата-анаға деген сүйіспеншілік,сыйластық, отбасындағы өзара сыйластық қасиеттерін дамыту,тәрбие тәсіл, тәжірибелелері арқылы сіңіру және тәрбиелеу

Міндеттері:

  1. Бастауыш сынып аралық отбасы сайысын өткізу;

  2. Ата-ана мен бала арасындағы «Отбасылық құндылықтарды» дамыту;

  3. Отбасылық ұйымшылдықты нығайту;

  4. Білім мен жүйріктілігін анықтау.

Топ: Бастауыш 4 ші сынып

Көрнекілігі: Суреттер,плакаттар,карточкалар,смайликтер, мадақтамалар, сыйлықтар.

Өткізілетін орны: Мектеп қабырғасы

Күні: 01.04.2022

Сағат:13:00

Әділ-қазы алқасы, төрешілер:

Мектеп директорының орынбасары-Молдабаева Алеся(Аселя)

Оқу-іс жөніндегі орынбасары: Игиликова Фариза(Назым)

Психолог-педогог маманы: Сардарова Асель(Аселя)

Қатысушылар:

1-ші қатар:Жетпісбаевтар отбасы

2-ші қатар:Есімхановтар отбасы

3- ші қатар:Мансуровтар отбасы

Аселя и Назым: Құрметті ата - аналар, ұжымдастар, бүлдіршіндер бүгінгі отбасы күніне арналған (тут бірге)«Өмір шырағым-Отбасым» атты отбасылық сайысымызға қош келіпсіздер!

Аселя:Тəрбиенің бастауы ыстық ұя,
Біз құрақпыз, ата - ана бір дария.
Ғылым білген ғалым да тағзым етер,
Отбасы, ошаққасы, ол – жанұя,демекші бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Назым:Әр таңды бақытпенен атырамыз,
Cайысты ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысатын отбасыларды,
Арнайы ықыласпен шақырамыз.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Ендігі кезекті Директор орынбасары Молдабаева Алесяға сөз берсек: «Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар, ұстаздар.Отбасы-ол кіші мемлекет. Отбасы- әр адамының ыстық ұясы, тәлім мен тәрбие бастауы, отбасы-адамның шыр етіп, дүние есігін ашқанан бастап ананың аялы алақаны мен әкенің мейірімімен ер жетеміз. Отбасында сүйіспеншілік пен махаббатқа бөленеміз. Адамзаттың өміріндегі ең қымбаты, ең асылы- ол отбасы,демекші сіздерге отбасылық сайыста сәттілік тілеймін!

Назым:Жақсы,рахмет!

Аселя: Ал ендеше сайыстын кезеңдерін таныстырып өтейін! Сайыс бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады.

Назым:Әділ қазылар алқасы он балдық жүйемен әр кезеңді бағалап отырасыздар,Сіздерге бағалау критерийлері берілді.(әкеліп беру алдарына)

Аселя:Кезеңдерге тоқталсақ:

  1. Кезең -Таныстыру

  2. Кезең - Сөз мәйегі Мақал

  3. Кезең- Жүзден Жүйрік

  4. Кезең- Жеті жұрттың тілін біл

  5. Кезең- Ана мен бала

  6. Кезең-Музыка-көңіл күй әлемі

  7. Кезең-Ойлан да,тап сайысы

Аселя:

Сайысымыздың бірінші шарты “Таныстыру”

— Ортаға бірінші сайыскер отбасымызды құрметпен шақырамыз (әр сынып отбасы мүшелері: әкесі, анасы, баласы бір стильде киінген,эмблемасымен және өздерінің ерекше үлгіде таныстыруларымен ортаға шығады.Отбасы ұраны ерекше болуы шарт

(Музыка)

Назым:Екінші кезең-Сөз мәйегі Мақал

Шебер болса тіл байып

Шешендіктер бір ғайып

Мақал- мәтел үйреніп

Тілімізді шындайық-деп кезекті отбасылардың мақал-мәтел айтуына берейік!

1. Отан .... басталады (отбасынан)

2. Ұяда не көрсең .................. (ұшқанда соны ілесің)

3. Інісі бардың ...... бар, (тынысы)

Ағасы бардың....... бар. (жағасы)

4. Ата көрген оқ жанар,

......................................... (ана көрген тон пішер)

5. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата -
......(ата анасын қақсатар)

6. Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа
....... ауыр жүк артпа.

Аселя: Назым Келесі кезең Жүзден Жүйрік,сұрақ жауапқада келіп жеттік!

-әр отбасыдан ата-ана шығады екі адам

Сұрақтар:

1 ші отбасыға:Ру дегеніміз не?жауап: Ру, рулық қоғам — алғашқы қауымның экономикалық, әлеуметтік негізгі ұясы; арғы тегі бір әкеден немесе бір шешеден тараған туыстар тобы. 

2 ші отбасыға:Жеті ата дегенді қалай түсінесіздер?Жеті атаңызды атап кетсеңіз

3 ші отбасыға:Отағасы мен отанасы деген кімдер? Және қалай түсінесіздер?

Назым: Ал енді Төртінші кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Бұл сайыста жұмбақтардың дұрыс жауабын тауып, оның орыс,ағылшын тілінде аудармасы айтылуы керек.

1) Аяғы біреу, қолы жоқ

Шиыр – шиыр жолы көп

Өзі сөйлей білмейді

Салған ізі сөйлейді (Қалам-ручка-pen)

2. Бұлаңдаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы (Түлкі-лиса)

3.) Қыста ғана болады

Ұстасаң қолы тоңады (Қар-снег)

4. Жылт-жылт еткен

Жырадан өткен (су-вода)

Аселя: Ана алақанының аясы —
Ақ шынардың саясы.Кезекті Ана мен бала сайысына береміз!

-Ортаға үш отбасынан аналар шығады.Ал бір отьасынан бір баласы шығады да,үш ананын қолын ұстап,өз анасының қолын сезіп табуы қажет(балада көз жұмылулы болады)

Назым:Жарайсыздар,рахмет!Ендігі кезекті Музыка көңіл күй әлемі атты қызықты ойынға берелік!

Қол өнері кілемде,сөз өнері өлеңде демекші,ойынды бастайық!

Ортаға ата ана жане бала шығады,әр отбасынан 3 адамнан

Смайликтерді таңдап,өлең минсувкасын тыңдап,өлеңді табу қажет

Аселя:Назым,біздің қатысушы отбасыларымыз неткен өнерлі,білімді еді!

Назым:Ия,Аселя дұрыс айтасын!Сайыс жеңімпаздарын анықтауға қиынырақ болатыны сөзссіз!

Аселя: Ал енді соңғы сайысымыз Ойлан да,тап сайысына да келдік!

Ортаға әр отбасынан бір баладан шығады,ортаға үш бала шығады

Біз сөзді көрсетеміз,бала карточкадагы сөзді оқып өз отбасына көрсетеді,сөйлеуге болмайды,қимылмен көрсетеді

Назым:Балалар жарайсындар! Сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті!

Аселя: Ал енді Әділ-қазыларылармыз ҰПАЙЛАРДЫ есептегенше музыканы бірге шырқайық

Әділ-қазылар сөз сөйлейді, Әр отбасыға сыйлықтар беріледі.

Аселя: Өмір шырағым отбасым» сайысына қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!

Назым:Отбасыларыңыз Махаббат жылулығы мен жылынып, қуаныш пен тыныштық әкелсін. Отбасыларыңызда тек адалдық, сүйіспеншілік, бірлік пен береке тілейміз!

Бірге:Аман сау қош болыңыздар!




Бағалау критерийлері

Критерий кезеңдері

Дискрипторлар

Бағалау шкаласы

1-10 ұпай

  1. Таныстыру



Топпен амандасу рәсімі мен ұранының топ атына сай болуы;

Топтық ұйымшылдық

1 топ__________

2 топ_________

3 топ-____________

  1. Жүзден жүйрік


Жылдам ойлау белсенділігі;

Мақал-мәтелді білу маңыздылығы

1 топ_________

2топ-__________

3топ-____________

3.Жеті жұрттың тілін біл


Жұмбақты дұрыс шешу

Тілдердің меңгеру білімдері

1топ- ___________

2топ-__________

3топ-____________

4.Ана мен бала




Анасының қолын табу

Сезімділігі

1топ- ___________

2топ-__________

3топ-____________

5. Музыка көңіл күй әлемі


Музыканы жылдам табу

Бірлестік


1топ- ___________

2топ-__________

3топ-____________

6.Ойлан да,тап


Тез ойлап,табу

Шапшандылық


1топ- ___________

2топ-__________

3топ-____________

  1. Марапаттау


Ұпайларды қосып, жалпы ұпайды анықталуы;

Марапаттау рәсімі


ЖАЛПЫ ҰПАЙ:

1топ- ___________

2топ-__________

3топ-____________


Әділ қазылар алқасы қолы ________



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!