Темперамент типтері
Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.
Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.
Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.
Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Гимнінің мәтіні
Сөзін жазғандар: Жумекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнінжазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Оқушы ережесі
1. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.
2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.
3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
- өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды,
басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;
- ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;
- бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;
- сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
4. Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.
6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.
7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.
8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.
9. Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті.
10. Каникул күндерінің алдында, соңында оқушылар сабақтан қалмауға, уақытында сабаққа келуге тиісті.
11. Осы Ереже барлық оқушылар үшін бірыңғай міндетті.
Сынып жетекшісінің циклограммасы
Күнделікті атқаратын қызметі:
-
Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс және оқушылардың
сабаққа келмей қалған себептерін анықтау
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
3. Оқушылармен жеке жұмыс
Апта сайын:
1. Оқушылардың күнделіктерін тексеру
2. Жоспар бойынша сыныппен іс – шара өткізу
3. Ата – аналармен жұмыс
4. Пән мұғалімдерімен жұмыс
5. Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы
бойынша, мектеп дәрігерімен кездесу
6. Экологиялық патруль жұмысын ұйымдастыру
Ай сайын:
1. Оқушылардың қозғалыс есебі жөнінде есеп беру
2. Сабақ үлгірімінің қорытындысы жөнінде есеп беру
3. Тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға
жоспарды толықтыру, өзгерістер енгізу
4. Ата – аналар жиналысын өткізу
5. Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру
6. Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау
7. Тоқсан бойынша сынып журналын толтыру
8. Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатынас
Тоқсан сайын:
1. Өз сыныбында сабақтарға қатысу
2. Мектеп психологымен кездесу
3. Ата – аналар комитетімен кездесу
4. Жұмыс жоспарлауға байланысты мәжіліске қатынасу
5. Сыныптың пән бойынша үлгерімінің диагностикалық картасын
толтыру
Жартыжылдық сайын:
-
Істелінген жұмыс туралы есеп беру
-
Ашық іс – шара өткізу
-
Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру
Сынып жетекшісі нені білуі тиіс?
-
Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңын;
-
Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияны (1993ж);
-
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасын;
-
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру саласында әрекет ететін нормативтік – құқықтық актілерді:
-
Педагогиканы, этнопедагогиканы, этнопсихологияны, мектеп гигиенасын;
-
Қызмет этикасын;
-
Педагогикалық әдепті;
-
Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:
-
Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
-
Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
-
Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру;
-
Ата – аналар жиналысын ұйымдастыруды және өткізуді;
-
Өз сыныбының тәрбие жұмысы жоспарын жасауды;
-
Тәрбиелік іс – шараны ұйымдастыра алуды: әңгіме, пікір талас, экскурсия, жорық, сынып кеші, сынып сағаты т.б:
Оқушылардың сынып жиналысы
Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі бір формасы, түрі –сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік қағидасын меңгереді.
Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі қызметі- ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгеріске бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.
Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық секторлардың жұмыс жоспарын талқылап, оның барысы жайында есептерін тыңдайды.
Сынып жиналысы - тек бір мәселе жөнінде тақырыптық немесе бірнеше мәселені талқылау жайында сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту , сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды тыңдау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау.
Мақсатқа сәйкес кейбір сұрақтарды, мысалы сынып бөлмесін жөндеу жұмыстары, емтиханға әзірлік, мектепті бітіру кеші, жорыққа шығу, ұжымның болашақта алдында тұрған істерін шешу т.с.с. жұмыстарды ата-аналар және оқушылар немесе мұғалімдердің жиналысында бірігіп шешуді қарастырады.
Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы, жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып жетекшісінің басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ.Сынып жиналысы айына бір мәрте өткізіледі.Сынып жиналысы – бұл оқушылар ұжымының өзіндік жұмыстарының формасы. Онда оқушылар мен ұстаздардың құқықтары мен теңдіктері сақталып, әрекеттері бірлікте болады. Соған сәйкес сынып жетекшісі, бір жағдайда, оған әкімшілік пен оқу мекемесінің өкілі ретінде қатысса, екінші жағдайда, сынып ұжымының тең құқылы мүшесі ретінде қатыса алады.Сынып жетекшісі оқушылармен қатар белгілі бір мәселеге дауыс бере отырып, оның орындалуына тікелей басшылық ете алады.
Сынып жиналысын педагогикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастыру, егер де мұғалім оның болашағын алдын ала бірнеше жылға дұрыс ойластырған жағдайда ғана болмақ.
«Сынып жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?» деген тақырыпта өткізілген сынып жиналысының үлгісі.
Мақсаты: сынып белсенділерін сайлау және сынып ұжымының болашағын анықтау.
Тәрбиелік міндеттері:
11. Балаларды бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу;
12. Олардың өзара әрекеттесу дағдысын қалыптастыру;
13. Оқушылардың өздерінің ойларын және көзқарастарын қорғау қабілеттерін дамыту.
Күн тәртібі:
1. Бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені анықтау.
2. Қаралып отырған мәселеге қатысты сұрақтарды талқылау.
3. Сынып төрағасы мен хатшысын сайлау мәселесі.
4. Болашақта атқарылатын жұмыстарды және сыныпта қаралатын жиналыс тақырыптарын әзірлеу.
5. Келесі жиналысты әзірлеуге қатысты топты құру.
6. Өткізілген жиналыстың нәтижесін қорытындылау.
Жиналыстың барысы:
1. Жиналысты жүргізушінің сөзі:
«Біз маңызды мәселені талқылауға жиналдық: бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені бірге анықтауымыз керек. Проблема туғызатын сұрақтарды құрастыру үшін, то-топқа бөлінеміз. Сұрақтарды талқылауға 5-7 минут беріледі ».
2. Оқушылар проблеманы талқылау барысында қажетті сұрақтар ұсынады. Олар сынып тақтасына жазылады. Мысалы:
· Біздің өмірімізді қалай қызықты етіп ұйымдастыруға болады?
· Артта қалушылықты болдырмас үшін не істеу керек?
· Сыныпта қандай қоғамдық тапсырма болуы қажет?
· Қалай немқұрайдылықпен күресуге болады?
· Қандай ұжыммен немесе сыныппен достасуымыз керек және олармен қандай істерге қатысуымыз қажет?
3. Жиналыстағы талқыланып отырған мәселе қызықты және жемісті болуы үшін, төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет:
1. Жиналыс қалай және қандай формада өтуі тиіс?
2. Талқылау барысында негшізгі басты мәселе не болуы керек?
3. Жиналысты өткізу тәртібі қандай?
Оқушылар топқа бөлініп, бұл сұрақтарды шамамен 5-7 минут талқылап, соңынан өздерінің нұсқалаларын ұсынады.
Оның тәртібі мынадай болуы мүмкін:
§ Сынайды екенсің- ұсыныс жаса;
§ Бір-біріңді жәбірлеуге жол берме;
§ Өзгелердің пікірін сыйла;
§ Қабылданған шешім орындалуы тиіс;
4. Ендігі жерде сынып жиналысын кімнің ұйымдастыруы тиістігін анықтайық. Ол міндетті түрде тұрақты жүргізуші болуы тиіс пе, әлде әрбір сынып жиналысында ауысып отыра ма? Өзнұсқаларыңды ұсыну барысында дәлелді жауап беріңіздер. Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынады:
- Тұрақты жүргізуші сынып жиналысын қалай жүргізуді біледі;
- Ол ауысып отыру керек, себебі ол жалғыз өзіне
Сынып жетекшісінің құқықтары
-
Оқушылардың денсаулығы және психологиялық жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;
-
Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;
-
Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру;
-
Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру;
-
Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлау керек.
-
Ата-аналарды мектепке шақырып тұру.
-
Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз сөйлеуге құқығы бар
Сынып жетекші не істеуге болмайды?
-
Оқушының намысын қорлауға;
-
Қосалқы ат қоюға, кемсітуге;
-
Оқу бағасын оқушыны жазалау үшін қолдануға;
-
Оқушының сенгіштігін пайдаланып, уәдесіне тұрмай, қате бағдар беруге;
-
Отбасын оқушыны жазалау үшін әдейі пайдалануға;
-
Әріптестерін сыртынан жамандауға немесе кәсіби беделін түсіруге құқы жоқ
-
Мектептен тыс уақытта оқушыларды жеке басының жұмысына пайдалануға
Сынып жетекшінің іс – қағаздары
-
Сынып журналы;
-
Тәрбие жұмысының жоспары;
-
Сынып жетекшісінің дәптері;
-
Оқушының күнделіктері;
-
Тәрбиелік шаралар жинақталған папка;
-
Оқушының жеке құжаттары;
-
Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;
-
Сынып жетекшінің циклограммасы;
-
Ата – аналармен байланыс дәптері;
Жаңа ғасырдағы
оқушының моделі.
-
Білімді және алған білімін
пайдалана білетін
-
Ашық коммуникативті, әрі ортада орнын табатын.
-
Кешегіні білетін, бүгінді түсінетін, ертеңіне сенімді азамат боламын деуші.
-
«Жер – үйім, табиғат – тынысым,
адамдар – бауырым» деген
гуманист
Оқушы анты
Мен – Қазақстан азаматы “Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата – дәстүрін жалғастырамын. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. қазақстан 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя Мектебімді сыйлап, қастерлеймін” деп Ант етемін!
Қазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
|
1,2 қаңтар |
Жаңа жыл |
|
7 қаңтар |
Православтық Рождество Христово |
|
8 наурыз |
Халықаралық әйелдер күні |
|
21, 22, 23 наурыз |
Наурыз мейрамы |
|
1 мамыр |
Қазақстан халқының бірлік күні |
|
7 мамыр |
Отан қорғаушылар күні |
|
9 мамыр |
Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы) |
|
6 шілде |
Астана күні |
|
30 тамыз |
Қазақстан Республикасы Конституциясының күні ( 1995 жылы қабылданды) |
|
4 қазан (шамамен) |
Құрбан Айт |
|
1 желтоқсан |
− Қазақстан Республикасы Президентінің алғашкы күні (2011 жылы қабылданды) |
|
16 - 17 желтоқсан |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні |
Қазақстан Республикасының кәсіптік мерекелері
|
Геолог күнi |
сәуiрдiң бiрiншi жексенбiсi |
|
|
|
Ғылым қызметкерлерi күнi |
12 сәуiр |
|
|
|
Отан қорғаушы күнi |
7 мамыр |
|
|
|
Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнi |
31 мамыр |
|
|
|
Химия өнеркәсiбi қызметкерлерiнiң күнi |
мамырдың соңғы жексенбiсi |
|
|
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi күнi |
4 маусым |
|
|
|
Эколог күнi |
5 маусым |
|
|
|
Қаржы полициясы күнi |
6 маусым |
|
|
|
Полиция күнi |
23 маусым |
|
|
|
Жеңiл өнеркәсiп қызметкерлерiнiң күнi |
маусымның екiншi жексенбiсi |
|
|
|
Медицина қызметкерi күнi |
маусымның үшiншi жексенбiсi |
|
|
|
Байланыс және ақпарат қызметкерлерiнiң күнi |
28 маусым |
|
|
|
Дипломатиялық қызмет күнi |
2 шiлде |
|
|
|
Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң күнi |
13 шiлде |
|
|
|
Металлург күнi |
шiлденiң үшiншi жексенбiсi |
|
|
|
Көлiк қызметкерлерi күнi |
тамыздың бiрiншi жексенбiсi |
|
|
|
Құрылысшы күнi |
тамыздың екiншi жексенбiсi |
|
|
|
Спорт күнi |
тамыздың үшiншi жексенбiсi |
|
|
|
Шахтер күнi |
тамыздың соңғы жексенбiсi |
|
|
|
Бiлiм күнi |
1 қыркүйек |
|
|
|
Мұнай-газ кешенi қызметкерлерiнiң күнi |
қыркүйектiң бiрiншi жексенбiсi |
|
|
|
Қазақстан халқы тiлдерiнiң күнi |
қыркүйектiң үшiншi жексенбiсi |
|
|
|
Атом саласының қызметкерлерiнiң күнi |
28 қыркүйек |
|
|
|
Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң күнi |
30 қыркүйек |
|
|
|
Мәдениет және өнер қызметкерлерiнiң күнi |
қыркүйектiң соңғы жексенбiсi |
|
|
|
Машина жасаушы күнi |
қыркүйектiң соңғы жексенбiсi |
|
|
|
Мұғалiм күнi |
қазанның бiрiншi жексенбiсi |
|
|
|
Құтқарушы күнi |
19 қазан |
|
|
|
Әлеуметтiк қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң күнi |
қазанның соңғы жексенбiсi |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ата – аналардың міндеті
|
|
||
|
|
|
||
|
|
|
||
|
|
|
||
|
|
|
|
|
Сынып жетекшінің моделі
Сыныптан тыс
Т
үрленген тәрбие
жұмыстар
сағаттары
|
С |
Ата – анамен
жұмыс
Қоғамдық ұйымдармен
байланыс
Оқушы
Елжанды Әдепті
Білімді рр
Ізетті

Тәртіпті
Ибалы
Иманды Мейірімді
АТА – АНА
Аналар мектебі Әкелер
мектебі
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып жетекші нені білу керек?

шағым қалдыра аласыз