Материалдар / СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өз кәсіптеріне деген, өзіне деген қызығушылықтарын жандандыру. Көрнекілік: доп, май шам, слайдтар. Барысы: 1. « Дәстүрлі емес амандасу » жаттығуы. Қатысушылар екі – екіден топтасып тұрады. Берілген нұсқау бойынша тапсырмаларды бірге орындаймыз. 1.Бір – біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу. 2. Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу. 3. Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу. 4. Маңдайларын бір – біріне тигізіп сәлемдесу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2022
853
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТРЕНИНГ

Мауениязова Сандугаш Бердимуратовна

педагог – психолог


Мақсаты: ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өз кәсіптеріне деген, өзіне деген қызығушылықтарын жандандыру.

Көрнекілік: доп, май шам, слайдтар.

Барысы:

  1. « Дәстүрлі емес амандасу » жаттығуы.

Қатысушылар екі – екіден топтасып тұрады. Берілген нұсқау бойынша тапсырмаларды бірге орындаймыз.

1.Бір – біріне күлімсірей қарап алақанның ішін және сыртын тигізіп сәлемдесу.

2. Оң жақ тізелерін түйістіру арқылы сәлемдесу.

3. Оң жақ, сол жақ иықтарын тигізіп сәлемдесу.

4. Маңдайларын бір – біріне тигізіп сәлемдесу.


  1. « Мен сізден үйренемін » жаттығуы.

Қатысушылар бір – біріне еркін түрде « Мен сізден үйренемін ... » сөзін айтып доп лақтырады ( айтып тұрған адам допты бағыттаған адамының бойынан өзі ерекше бағалайтын құнды кәсіби немесе жеке қасиетін атайды). Допты қабылдаған адамның міндеті – айтылған ойды құптамас бұрын « Ия, менен ... ( ұқыптылықты ) үйренуге болады » немесе « Ия, мен ... үйрете аламын » деу. Сосын допты басқа қатысушыға бағыттап ойынды жалғастыру.

  1. « Кім зерек » жатығуы.

Шектеулі уақыт ішінді алдарыңыздағы бей – берекет жазылған әріптер арасынан жасырынған сөздерді тауып жазып шығу керек. Кәне, кім көп сөз тауып жазады екен.

Аашпгоппартайвнртерезевнааптпшоопкклыгсағатлыгсабақоыгборпаукесіккрандбаспалдақинакпотақтағқеоқушыоанмұғалімкиноыгадиректорвпыкумаманжэтуцқызметкервепагнгоһрпсихологиятобьнқарылғашчсфмиитбастықвапрроютілекпрлдгшдцбақытлркужрзшарылбчяшаттықенйхмдвопрлчяжзючкдсәттілікэвфчяа


  1. « Естіп есте сақтау » жаттығуы.

10 сөз оқылады, орындарын ауыстырмай жазып шығу керек. Мысалы: жарық, демалыс, жұмыс, кітап, әйнек, көру, сенімділік, қасқыр, машина, ағаш.

Нәтижесі: егер 10 сөз жазылса – есте сақтауы өте жақсы.

8 – 9 сөз болса – есте сақтауы жақсы.

6 – 7 сөз болса – есте сақтауы орташадан жоғары

4– 5 сөз болса – есте сақтауы орташа.

5. « Сіз кімсіз ? » тест

Қатысушыларға жай адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердің бірін таңдау ұсынылады.

1.Биікке ұша білу қабілеті.
2.
Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті.
3.
Көрінбей қалу қабілеті.
4.
Басқа адамдардың, аңдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.

5.Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті.



1.Биікке ұша білу қабілеті.

Сізге болған жағдайды сол қалпында қабылдау оңай, іс – әрекетте тәуелсіздікті ұнатасыз, өз бетіңізбен шешім қабылдағанды жақсы көресіз, оның ішінде қауіпті шешімді де. Сізден жақсы ұшқыш немесе саясаткер шығады.

2.Өткен ғасырларға саяхат жасай алу қабілеті.

Сізді болған жайттың себептері қатты қызықтырады. Өткен қателіктерден сабақ алып, үйренуді ұнатасыз. Сізден жақсы сарапшы, тарихшы, жазушы , археолог, ғалым шығуы мүмкін.

3.Көрінбей қалу қабілеті.

Көлеңкеде қалып, айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз. Проблеманың түбірін тауып, мән – жайдың себебін анықтауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға қабілеттісіз. Физика, математика, саясат, медицина – назар салар кәсіп салалары.

4.Басқа адамдардың, аңдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.

Сіз кез келген ортаға, жағдайға оңай сіңісіп кете аласыз. Басқа адамның көңіл – күйін , қайғысын ұғу, өзіңізді соның орнына қою оңай. Жазушы, актерлік мамандықтары сізге сай.

5.Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті.

Сіз сөздің артында нақ не тұрғанын сезе білесіз. Адамды жарты сөзден түсіну, басқа адамның мінез – құлқын есепке алып, оның әрекетін алдын – ала көре білесіз. Басқа адамдардың не сезіп, не ойлайтыны сіз үшін маңызды. Мамандықтары – заңгер, психолог, мұғалім, социолог.

6.« Мен – ол мен» жаттығуы

Арқаңызды жазып, ыңғайлы отырыңыз. Көздеріңізді жұмып, терең дем алыңыздар.

« Мен » - таза сезім орталығымын.

« Мен » - өзімнің барлық психикалық үдірістерімді, эмоциямды, интеллектімді меңгере аламын.

Менің барлық жеңісім мен жеңілісім, дұрыстығым мен қателігім өзімдікі.

Мен өзіме жеткіліктімін, мен өзімді жасай аламын. Мен өте тамаша адаммын.

7.« Тілек шамы » жаттығуы. ( рефлексия)

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Құрметті сынып жетекшілер! «Тілек шамы » жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.


Сіздердің алдағы істеріңізге сәттілік тілеймін.

 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!