Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша есебі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы

5 орта мектебі 7 «А» сынып жетекшісінің

2018-2019 оқу жылында тәрбие жұмысы бойынша

жылдық есебі

2018-2019 оқу жылынында 7 «А» сыныбының оқушыларымен «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Оқу жылының басында 2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып белсенділері бекітіліп, тәрбие жұмысының жоспары бекітілді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

Тәрбие жұмысы төмендегі бағыттарды бойынша іске асырылды:

  1. Қазақстандық патриоттық және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

  2. Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  3. Ұлттық тәрбие

  4. Отбасы тәрбиесі

  5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі

  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты

Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді.

Қазан айында өткен  «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, сыныпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып оқушылары «Алтын күз» мерекесіне белсене қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. Сынып оқушылары қарбыз туралы сахналық қойылым қойып, би биледі, түрлі тәтті сусындар дайындап, тағамдар әзірледі.

«Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында шығарма байқауы, «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында сынып сағаты, «Тағылымы мол Тәуелсіздіктің 27 жылы» тақырыбында кітап көрмесі, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Мектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ.

Қараша айында «Адамгершілік – асыл қасиет», «Сен өз құқығыңды білесің бе?», «Дені саудың – жаны сау», «Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым», «Табиғатты аялайық!», «Менің болашақ мамандығым...» атты сынып сағаттары өткізілді.

Мектеп педагогикалық ұжымы жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы жанұяларда тәрбиеленетін балалармен үнемі жұмыс атқарып келеді. Оларды жылдың басында кітаппен, оқу құралдарымен,  киіммен  қамтамасыз ету мақсатында «Қамқорлық» акциясы өткізілді.

Мектеп ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады. Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ.

Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі спортпен айналысады. Қыздар қалалық волейбол жарысынан 1-орынды иеленді. Амантай Дарын спорттық жарыстар мен ғылыми-конференциялардың жүлдегері атанды. Мемлекет рәміздерін құрмет тұту аясында туға тағзым ету мәртебесі бұйырды.



Сынып жетекшісі: А.Б.Құмашбаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
16834
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі