400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Малонарым орта мектебі» КММ

Сынып жетекшісінің сынып бойынша

тәрбие жұмысының жылдық есебі


9«А» сыныбында барлығы 4 оқушы бар. Оның ішінде ұлдар-2, қыздар-2.

Сыныпта көп балалы және жағдайы төмен отбасылар жоқ.  Қамқорлыққа алынған оқушы: Бексултанов Расул.

Сыныптың екі оқушысы «Оқу екпіндісі» (Ришатқызы Аида, Ушпаева Нұрай) және екі қанағаттанарлық бағамен бітірген оқушы (Бесултанов Расул, Мурзагалиев Дидар).

Сыныптағы барлық оқушылардың қай жерде тұратындығы, жалпы отбасылық жағдайларының қандай екендігімен танысу мақсатында қыркүйек айында үйлерін аралап шықтым.

Жалпы  сынып оқушыларының  интелектуалдық  деңгейі, сабаққа қызығушылық деңгейі орташа,  тәртіп жағынан жақсы.  Екпінділер: Ушпаева Нұрай және Ришатқызы Аида. Оқу жылының басында сынып белсенділерін сайладық.

І және II жартыжылдық іс-шара жоспары  жасалынып, бекітілді. Жоспарға сай сынып сағаттарын көрсеттім. Атап айтқанда: «1 қыркүйек – Білім күні. Саналы ұрпақ-жарқын болашақ», «Ұстаз-ұлы тұлға», «Қарттарым асыл қазынам», «Отбасы – бақытты мекенім», «Қауіпсіздік шаралары дегеніміз не?», «Адамгершілік – асыл қасиет!», «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Интернет – бүкіләлемдік өрнек»,«Отбасы – тәрбие басы, мектеп ─ тәрбие жаршысы», «СПИД – ғасыр індеті», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»,«Тәуелсіздік бастауы – 16 желтоқсан», және карантинге байланысты «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!», «Балаға жүрек жылуы», «Ана – өмір шуағы» және карантинге байланысты қашықтықтан келесі сынып сағаттарын өткіздім: «Короновирустан сақтану шаралары», «Ерлікке тағзым» (9-мамыр «Жеңіс күніне» орай), «Адал ұрпақ – ел болашағы», «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай», «Соңғы қоңырау – 2020». Осы тақырыптар бойынша  тәрбие сағаттарына оқушылар да ат салысты: өлең жолдарын, ән сөздерін жаттап, мәнерлеп оқып, ән салды.


Тәрбие сағаттарына ғана қатысып қоймай, балалар барлық мектепішілік шараларға да қатысып, атсалысып отырды. Мысалы үшін: «Күзгі бал», «Тәуелсіздік күні» мерекелік концертіне, «Жаңажылдық шырша» мерекелеріне, «Күзгі жәрмеңке», «ИДН-мен кездесу», «Студенттермен кездесу», түрлі «Газеттер байқаулары», салтанатты саптүзеулер шараларына қатысып отырды. «Күзгі бал», Тілдер мекеркесіне орай өткізілген «Газает байқауынан», Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген газет байқауына қатысып, мадақтама қағаздарын алған.

Оқушыларды еңбекке баулу мақсатында апта сайын сынып бөлмесін тазалауға және күнделікті кезекшілік кестесі бойынша сыныптың еденін ылғалдандыруын қадағалап отырдым. Апта сайын оқушылардың күнделіктерінің жүргізілуін тексердім. Күнделікті сабаққа кешіккен, сабақ босатқан оқушылармен әңгіме жүргізіп отырдым. Сынып оқушылары мектеп формасын сақтап отырды. Ай сайын балалардың үйін аралап, тұрмыс жағдайларын тексердім. Оқу үлгерімі бойынша әр пән мұғалімімен жекелей сөйлесіп отырдым.

Ата-аналар жиналысы өткізіліп отырды. Онда оқушылардың тұрмыс-жағдайы, оқу үлгерімі, сабаққа қатысуының белсенділігі, емтиханға дайындығы және т.с.с. мәселелер талқыланып отырды. Жиі сабақтан қалатын оқушылардың  ата-анасымен жеке жұмыс жүргізіліп,  қысқы, күзгі, көктемгі және жазғы демалыста қайда болатындығы, өмір қауіпсіздігі  және  түнгі уақытта  ата-анасыз жүруге болмайтындығы  айтылып, ата-аналардан сенімхат алынды. Ата-аналармен жұмыс ватсап желісі және ұялы телефон арқылы үздіксіз жүріп отырды.

Жыл көлемінде атқарылған тәрбие жұмысы «Жақсы» деп қорытындыланды

Сынып жетекшісі: Каирбаева Д.Е.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
67 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
11872
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі