Материалдар / Сынып жиналысының хаттамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып жиналысының хаттамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жиналысының хаттамасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2024
464
3 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

5 «Б» сынып жиналысының

1 хаттамасы


04.09.2023 Барлығы 14

Қатысқаны 14



Күн тәртібінде


  1. 5 Б сыныптың жаңа оқу жылының басталуы.

  2. Жолда жүру ережелері нұсқаулықтар, қауіпсіздік ережелері

  3. Оқушылардың мектептегі тәртіп ережелерін сақтау



Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі. 2023-2024 оқу жылындағы сыныптың келген, кеткен оқушылары туралы хабарлап айтты, мектеп формасын сақтауы, сабақ кестесі жөнінде айтты. Осы оқу жылында оқушылардың білім деңгейін көтеруді негізге алды.

Екінші сұрақ бойынша сынып жетекші балаларды жолда жүру ережелері, қауіпсіздік ережелерін айтып шықты:

-Қала көшелерімен жүргенде абай болыңыз. Асықпаңыз. Тек тротуарда немесе жол жиегінде жүріңіз;

-Тротуардың оң жағында баяу жүріңіз;

-Жолдың шетінен алыс жүріңіз;

-Көшенің немесе жолдың жүріс бөлігіне шықпаңыз,

- Қақпаның жанынан өтіп бара жатқанда абай болыңыз: көлік қақпадан шығып қалуы мүмкін;

- Тұрған көліктің жанынан абайлап өтіңіз: жолаушылар есікті күрт ашып, сізді ұруы мүмкін;

- Жолды кесіп өтпес бұрын, солға, содан кейін оңға қараңыз. Егер жол бос болса, барыңыз;

-Қауіпсіздік үшін жаяу жүргіншілер өткелі жоқ көше тротуардың бір бұрышынан екіншісіне өтуі керек;

- Жол бойында немесе жолдың жанында, жолдың жүру бөлігінде ойын ұйымдастырмаңыз, велосипедпен, роликті конькимен сырғанамаңыз;

-Жақын келе жатқан көліктің алдынан немесе жолдан өтпеңіз;

-Өтіп бара жатқан көлікке жабыспаңыз.

Үшінші сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың мектептегі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді:

-Сабақ аяқталғаннан кейін кабинетті желдету мақсатында сыныптан шығыңыз.

- Басқа оқушылармен және мұғалімдермен сыпайы сөйлесу және сақтық таныту, жолдастарға құрметпен қарау;

-Мектеп үй-жайында балағат сөздер айтуға, адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздерге жол бермеңіз;

- Кезекші мұғалімдер мен оқушылардың талаптарын орындау;

- Сабақтарда еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты сақтау;

-Үзіліс кезінде жүгірмеңіз, итермеңіз, жарақат алу қаупін тудырмаңыз;

-Баспалдақтарда өте мұқият болу: олармен жүгірмеу, баспалдақтардан секірмеу, қоршауларға мінбеу, асып кетпеу және олармен ойнау қауіпті;

-Қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды тоқтату;

-Кез келген оқиғалар немесе жарақаттар болған жағдайда бұл туралы жақын маңдағы мұғалімге, сынып жетекшісіне, басшыға, мектеп директорына дереу хабарлаңыз;

Сонымен қатар, сынып жетекшісі жаңа оқу жылында тәртіптерінің қадағаланатынын, оқу үлгерімінің жақсарту керектігін айтты.



Қаулы:


1.Оқушылар мектеп формасын сақтасын;

2.Оқушылар жол жүру ережелері мен қауіпсіздік ережелерін сақтасын;

3. Оқушылар ектептегі тәртіп ережелерін сақтасын.





Хатшы
























5 «Б» сынып жиналысының

2 хаттамасы


27.10.2023 Барлығы 13

Қатысқаны 13



Күн тәртібінде:


  1. І тоқсан қорытындысы. Сыныптың сабаққа қатынасы туралы.

  2. Балалардың күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол жүру ережелерін сақтау


Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Жумангалиева А.Б. сыныптың білім сапасы мен үлгерімі туралы ақпаратпен таныстырды. Жоғарылау динамикасы қазақ әдебиеті, тарих, пәндерінен байқалады. Сабаққа қатынасы жақсы, себепсіз сабақ қалдырған оқушы жоқ, сынып оқушылары өз ара тіл табысып ауызбіршілікті мектеп өміріне қатысып жүр.

Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі күзгі демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы баяндады. Бүгінгі таңда болып жатқан әр түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу, балалардың бос уақытта немен айналысатынымен хабардар болу керек. Әрбір ата ана өз баласының өміріні қауіпсіздігіне жауапты екендігін ұмытпауы қажет. Мектепте, әрине, мұғалімдер оқушылардың осындай жағдайға тап келмеуін қадағалайды.

-Сіріңкелермен ойнауға болмайды;

-Штепсельді дымқыл қолмен розеткаға салмаңыз;

- Электр сымын ешқашан қолыңызбен тартпаңыз,

-Ешбір жағдайда жалаңаш сымға жақындамаңыз және оған қол тигізбеңіз - ол ток соғуы мүмкін;

- ешқашан бейтаныс адамдармен, тіпті одан да күдікті адамдармен сөйлеспеңіз;

- бейтаныс адамдармен ешқашан ешқайда бармаңы;.

-Егер біреу сізді күшпен алып кетуге тырысса, қатты айқайлап көмек шақырыңыз;

- әрқашан ата-анаңызға қайда және қашан баратыныңызды, кімге және қанша уақыт болатыныңызды, қашан оралатыныңызды (мүмкін болса, ұялы телефоныңызды алып келіңіз) айтыңыз;

-жолда жүру ережелерін сақтаңыз



Қаулы:

  1. Оқушылар күнделікті сабаққа қатыссын.

  2. Оқушылар күзгі демалыс кезінде барлық қауіпсіздік ережелерін сақтасын.





Хатшы Жумангалиева А.Б.







































5 «Б» сынып жиналысының

4 хаттамасы


20.03.2024 Барлығы 15

Қатысқаны 15



Күн тәртібінде:


1.Оқушылардың ІІІ тоқсандағы білім сапасы мен үлгерім деңгейі туралы.

2.Көктемгі дем алыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі туралы.


Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Жумангалиева А.Б. тоқсанның қортындысы туралы айтты. Сыныптың білім сапасы төмендеді 56% құрады, Байхан А, Саримова Г -үздік Жаров Е орыс тілінен бір үшгі шықты, Азат Бекарыс орыс тілінен бір төрті шықты.

Оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасына назарын аудару қажеттігін айтты. Сынып жетекшісі оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы пікір алмасты, балалардың білім алу жағдайын зерделеді.

Екінші сұрақ оқушылардың көктемгі демалыс күндерін ұйымдастыру және қауіпсіздік ережелерін ұстау туралы айтылды.

- Тұрған көліктің жанынан абайлап өтіңіз: жолаушылар есікті күрт ашып, сізді ұруы мүмкін;

- Жолды кесіп өтпес бұрын, солға, содан кейін оңға қараңыз. Егер жол бос болса, барыңыз;

-Қауіпсіздік үшін жаяу жүргіншілер өткелі жоқ көше тротуардың бір бұрышынан екіншісіне өтуі керек;

- Жол бойында немесе жолдың жанында, жолдың жүру бөлігінде ойын ұйымдастырмаңыз, велосипедпен, роликті конькимен сырғанамаңыз;

-Жақын келе жатқан көліктің алдынан немесе жолдан өтпеңіз;

-Су, көлдерге бармау;

-Мұз үстінен жұрмеу.


Қаулы:


1. Оқушылар күнделікті сабаққа дайындалып келіп отырсын.

2. Көктемгі демалыс күндері өмірінің қауіпсіздігін сақтасын.



Хатшы Жумангалиева А.Б.






5 «Б» сынып жиналысының

3 хаттамасы


22.12.2023 Барлығы 14

Қатысқаны 14



Күн тәртібінде


1. 5 Б сыныптың екінші тоқсан қорытындысы.

2. Қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

3. Бос уақытты ұйымдастыру.



Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Жумангалиева екінші тоқсан қорытындысы бойынша, сыныпқа жаңа оқушы келгенін айтты. Сыныпта екі үздік оқушы бар. Олар Байхан Аиша мен Саримова Газиза.

Екпінділер: Азат Б, Жаров Е, Мусаканова М, Тусупбекова А, Сериков А.Шайкимов Т, Шайкимова Д.

Екінші сұрақ бойынша сынып жетекші қысқы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып шықты:

-питарда, салюттарды атпау:

-тұрып қалған, ашып кеткен тағамдарды жемеу;

-мұз үсітмен жүрмеу;

-отпен, сіріңкемен ойнамау;

-үйдегі пеш түтіндесе жанына отырмай бірден ата-анаға, үлкендерге хабар беру;

-таныс емес көлікке отырмау;

-жол жүру ережелерін сақтау,

-Көшенің немесе жолдың жүріс бөлігіне шықпау;

Үшінші сұрақ бойынша «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында» бос уақытты тиімді пайдалану үшін әдебиеттер тізімі мен ссылкасы оқушыларға таратылды.

Қаулы:


1.Оқушылар күнделікті сабақты босатпасын.

2.Қысқы демалы кезінде оқушылар жол жүру ережелері мен қауіпсіздік ережелерін сақтасын;

3. Оқушылардың бос уақыты тиімді қолданылсын.



Хатшы Жумангалиева А.Б



5 «Б» сынып жиналысының

4 хаттамасы


20.03.2024 Барлығы 14

Қатысқаны 5



Күн тәртібінде


  1. Оқушылардың 3-тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, үлгерімін мәлімдеу.

  2. Көктемгі каникул кезіндегі іс-шаралар.

  3. Көктемгі каникул кезіндегі қаіпсіздік ережесін сақтау.

  4. Баяндама «Отбасы мен бала».

  5. Әртүрлі сұрақтар.



Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Жумангалиева екінші тоқсан қорытындысы бойынша сыныпта екі үздік оқушы бар. Олар Байхан Аиша мен Саримова Газиза. Екпінділер: Азат Б, Жаров Е, Мусаканова М, Тусупбекова А, Сериков А.Шайкимов Т, Шайкимова Д. Әр ата-анаға жеке-жеке оқушының үлгерімі көрсетілді.

Екінші сұрақ бойынша сынып жетекші көктемгі каникул кезіндегі өтетін мектептегі іс-шаралармен «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында» бос уақытты тиімді пайдалану үшін әдебиеттер тізімі мен ссылкаларымен таныстырды. «Шыңырау »повесін кітапханада оқуға болатынын айтты.

Үшінші сұрақ бойынша көктемгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып шықты:

-тұрып қалған, ашып кеткен тағамдарды жемеу;

-отпен, сіріңкемен ойнамау;

-үйдегі пеш түтіндесе жанына отырмай бірден ата-анаға, үлкендерге хабар беру;

-таныс емес көлікке отырмау;

-жол жүру ережелерін сақтау,

-көшенің немесе жолдың жүріс бөлігіне шықпау;

Төртінші сұрақ бойынша «Отбасы мен бала» тақырыбында дәріс оқылып, «Мен баламды білемін бе?» тақырыбында жағдаяттар оқылды.

Бесінші сұрақ бойынша ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап алынды.




Қаулы:


1.Ата-аналар оқушының үлгерімін қадағаласын.

2. Көктемгі демалыс кезінде оқушылар жол жүру ережелері мен қауіпсіздік ережелерін сақтасын;





Хатшы: Тусупбекова Г.А.








































Ата-аналар жиналыс

Хаттама № 5

                                             

Күні:  22.05.2024 Қатысқаны: 10


 Ата-аналар саны: 14 Қатыспағаны: 4




Күн тәртібінде:

  1. Төртінші тоқсандағы оқушылардың оқу үлгерімі

  2. Аралық аттестаттау

  3. Жазғы мектеп

  4. Жаз-2024, жасыл желек

  5. Жазғы демалыс кезіндегі балалардың  қауіпсіздік ережелері

  6. Әртүрлі сұрақтар



Тыңдалды:

Ата-аналар жиналысы мамырдың 22-сі күні өткізілді.

  1. Сынып жетекші Жумангалиева А.Б. ата-аналарды бүгінгі жиналысты өткізудің басты мақсатымен және күн тәртібінде қаралатын сұрақтармен таныстырып өтті. Бірінші сұрақ бойынша әр ата-анамен жеке-жеке баланың оқу үлгерімі туралы айтып, көрсетіп өтті.

  2. Екінші сұрақ бойынша сынып жетекші аралық аттестаттау қазақ тілі пәнінен мамырдың 27-күні сағат 14:00-ден сағат 17:00-ге дейін өтетінін айтты және дайындық жұмыстары қалай өтіп жатқандығы айтылды.

  3. Үшінші сұрақ бойынша мамырдың 27-мен 31-і аралығы және тамыздың 26-сы мен 30-ы аралығы жазғы мектеп өтетінін айтты. Жазғы мектепке өз еркімен, өтініш арқылы қатысуға болады және сабақ кестесімен пәндерді жіберді.

  4. Төртінші сұрақ бойынша «ЖАЗ-2024», жасыл желек туралы айтылды. Ата-аналарға оқушылардың қызығушылықтарына сай бейіндік отрядтар құрылғаны туралы және оқушылар қайсыған жазылғаны айтылды. Бейіндік отряд маусым айының 3-нен 21-і аралығы өтеді, және шілде мен тамыз айларында да үйірмелер жұмыс істейтіні айтылды. Сондай -ақ жасыл-желек отрядына «Өріктер» мен «Алхоры» тобына бөлінген оқушыларды қай айда келетінін хабарлады. «Өріктер» тобы тамыздың 20 мен 24-аралығы ал «Алхоры» тобы 26 мен 30 аралығы болады.

  5. Бесінші сұрақ бойынша жаз айындағы қауіпсіздік ережесі айтылды. Жаз айында оқушының өмірі мен денсаулығына ата-ана жауап беретіндігі бойынша ата-аналардан қолхат алынды.

  6. Алтыншы сұрақ бойынша ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.





Қабылданған шешім:

  1. Оқушының оқу үлгерімін ата-анасы қадағаласын.

  2. Аралық аттестаттауға дайындыққа және емтиханына оқушыны жіберсін.

  3. Жазғы мектепке өтініш жазған оқушыларды жіберсін.

  4. «Жаз-2024» өтетін бейіндік отрядқа оқушы қатыссын.

  5. Ата-аналар қолхатпен таныссын және жаз айында баланың денсаулығына ата-анасы жауап берсін.






Хатшы: Тусупбекова Г.А.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!