Мақсаты:
Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту
Міндеттері: а)
ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік
беру;
ә) үлкен —
кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын
дамыту;
б) әдептілікке,
кішіпейілділікке, ізеттілікке
тәрбиелеу
Көрнекіліктері:
Нақыл сөздер, сандықша, шарлар және т.
б.
Барысы:
Мемлекеттік
әнұран орындалады.
2016 жылғы 14
қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған
күні
1 наурызды
елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап
өтті.
Алғыс – адамның
адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі,
сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары
баға беруі.
Алғыс айту күні
– Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел»
жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің
негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ
астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн –
күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде
Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер
төккен еліміздің барлық азаматттарының бір - біріне құрмет
білдіретін күн.
Алғыс айту күні
– қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек
көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында
біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен
бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер
күні.
Енді барлығымыз
мұқият бейнероликті тыңдап, сұрақтарға жауап
берейік!
.https://youtu.be/HoD7mO2-nlE
Сұрақтар:
Жақсылық
жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?
Біз неліктен
басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?»
Алғыс айту мен
алғыс алудың қандай пайдасы бар?
Сіздер кімге
және қаншалықты алғыс айтасыздар?