Материалдар / Сынып сағат " ЖЫЛЫ ЖҮРЕК ІЗГІ-ТІЛЕК" 6"А" сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағат " ЖЫЛЫ ЖҮРЕК ІЗГІ-ТІЛЕК" 6"А" сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзім сияқты әріптестерге, оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
747
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жылы жүрек – ізгі тілек»

Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Міндеттері:

-ізгі тілек, жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;

-қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-мейірімділікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: Дәптер, оқулық, смайлик қасықтар, түрлі түсті қағаздан жасалған гүлдер, суреттер, шарлар.

Шаттық шеңбер:

Оқушылар шаттық шеңберін құрып өз арасында жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізеді.

-Сен нағыз доссың; сен ең әдемі қызсың; сен өте мейірімдісің; сен өте ұқыптысың; сен еңбекқорсын т.б. осындай сөздерді оқушылар бір-біріне кезекпен айтып шығады.

Тыныштық сәті:

Оқушыларға өз жүректерінің жылулығын сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Оның орындалу жолын айтып өтемін.

-Әрқайсысымыз оң қолымызбен жүремізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға айналамызға жеткізу үшін іштей жақсы тілектер тілейік.

Топқа бөлу:

Оқушыларды екі түсті смайлик қасықпен екі топқа бөлемін. Бірінші топ сары түсті смайлик қасықты алады, екінші топ қызыл түсті смайлик қасықты алып отырады.

Мәтінмен жұмыс:

Жылы жүрек-ізгі тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады.

1 наурыз күні біз жалпы халықтық мереке – Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.

Тапсырма:

Оқушылардың сабақта алған білім – біліктерін тиянақтау үшін тапсырма беремін. Тапсырмада ілінген 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай гүлдің суретіне қарап өз ойларын, жақсы сөз, жылы тілектерін үйде ізденіп келгендерін айту ұсынылады.

Сергіту сәті:

Оқушыларды барлық уақытта жақсы ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәті ұйымдастырылады. Оның орындау жолын айтып өтемін.

-Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетеміз.

Түрлі түсті қағаздан гүлдер жасаған болатынмын. Әрбір гүлге сұрақтар жазған болатынмын, оқушылар сол сұрақтарды оқып жауап беріп алғыстарын білдіртіп отырды.

Дәптермен жұмыс:

Екі топқа дәптермен жұмыс беремін. Бірінші топқа 1 наурыз Алғыс айту күні, екінші топқа 8 наурыз Халқаралық аналар күніне орай бірлесе отырып ақ қазаға ойларын, өлең шумақтарын, алғыс сөздерін жазып оқып береді.

Қорытынды:

«Жүрек жылуы» жүректің суретін тақтаға іліп қойдым. Оқушылар сынып сағатында алған жағымды әсерлерін және ұстазға деген алғысын жүрек стикерлеріне жазып тақтадағы жүрекке жабыстырады.















Түркістан облысы

Шардара қаласы

12 жалпы орта мектебі









Сынып сағаты



Тақырыбы: «Жылы жүрек – ізгі тілек»





Сынып жетекші: Абилханова У.













2019-2020 оқу жылы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!