Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағат үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Жаңаөзен қаласының 50 жыл толуына байланысты түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Туған өлкеме 50 жыл
Мақсаты: 
Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. 
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту. 
Тәрбиелік: Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: интербелсенді тақта, буклеттер, слайд
Сынып сағаты барысы: Ұйымдастыру
Мұғалім: Құрметті: ұстаздар, оқушылар!
Жаңаөзен қаласының
50 жылдығына орай «Туған өлкеме 50 жыл» атты сынып сағаты
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Жаңаөзен қаласының әкімі кім?
- Облысымыз қалай аталады?
- Біз қай мектепте оқимыз?
Кіріспе: Туған жеріміз туралы мағлұмат беру. /слайдтан көрсету/
Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау облысындағы жаңа дамып келе жатқан жас қала. Облыс орталығы - Ақтау қаласынан 150 км қашықтықта орналасқан. Қала 1968 жылы қаланған. Биыл қаламызға
50 жыл толып отыр. Тұрғындар саны 130 мыңға жуық. Қалада жалпы 17 шағын аудан бар: оның 6 шағын ауданы – көп қабатты үйлер, қалғандары жер үйлерден тұратын шағын ауылдар. Және осы аудандарға іргелес Теңге(қазақ ауыл депте айтады) деген үлкен ауыл бар. Қаламызда 22 мектеп, 20 дан астам балабақша, "Мұнайшы" мәдениет үйі, 2 спорт кешені, музыкалық мектеп, қалалық, аудандық емханалар, медициналық коллкдж, 4кәсіптік оқу орны, кітапханалар бар.
Қаланың экологиясы шөлейтті, жазық дала. Негізгі шаруашылығы - мұнай және газ өндірістері. Ауыл шарушылығынан түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамыған. Бұдан басқа тігін фабрикалары, сүт зауыттары, нан зауыттарыда бар.
Келесі кезекті оқушылардың тақпақтарына берейік./ слайдтан көрсету/
Ақбота Ақару
Жаңаөзен мұнайшылар астанасы Өлкемнен мұнай мен газ табылады
Жаңаөзен «қара алтынның» бас қаласы Қоймаға «қара алтындар» ағылады
Жаңаөзен, Елбасы өзі қамқор болған Еңбекқор аймақтағы ағалардың
Жаңаөзен жаңа ғасыр бастамасы Бар әлем куә болар бағына әлі
Елімнің құты – мұнай берекелі Маңғыстау деген маң қала
Белгілі Маңғыстаудың жері екені Теңізге төнген сән қала
Мұнайшы еңбеккерлер тойлап өтпек Мұнайлы биік мұнара
Жиырма екі жыл «Егемендік» мерекені Алдыңнан өткен аруана
Қазақстан жерінде Өзім туған өлкеме
Маңғыстау деген өлке бар Құлшына мен қараймын
Маңғыстаудың байлығы Маңғыстауым - Отаным
Мұнайымен табылар Мен кішкентай баламын.
Маңғыстау - туған елім, өскен елім Қарқұйрық қойнында асыр салған
Маңғыстау - сенсің менің, туған жерім Аңшылық кәсіп болып мұра қалған
Төбеңде ақша бұлт пен күн ойнаған Үстірт қорық мекені талай аңның
Бір Бекет қолдап жатқан маңғаз едің! Қыран бүркіт шыңына ұя салған
Каспийдей шалқып жатқан теңізім бар
Газ бенен мұнай атты егізің бар
Кем емес нулы, сулы Жетісудан
Маңғыстау бұл дүниеде киелі өлкем
Атқа қонсам сыйынам Бекетім деп, Маңғыстау - маржанды өлке, бұйрат таулы
Әу, бастан, дарыған ғой киелік кеп Ақ маядай көз тартар шоқылары
Құлдырап құлын даусым шығады әлі Кербез сұлу табиғат Алла берген
Үш жүз алпыс әулием қолдасын тек! Ақ ниетпен арманға шақырады.
Қаратау, Ақтауларым тізбектелген Төсінде ақбөкендер суаттаған,
Қойнауы бұлақтармен өрнектелген Қарақұйрық сағыммен тұрақтаған.
Түгі шыққан боз жусан, жайылымда, Құпия маң далам - ау тіршілігің,
Ырысты төрт түлігі толы неткен! Көргенде арыламын сұрақтардан.
Маңғыстау қазынасын жиып берген Тұлпарын ерттеп мініп ақындықтың
Аямаған ән - жырын сүйікті елден Жырларын өрнектеген жасын шықтың
Дариядай толқыған шабыттарды Әбіштер, Фаризаларға қуат берген
Шайырлардың көңіліне құйып берген Тұқымын сепкен өлке асылдықтың
Тарихы бар өзіндік шоқы қырдың
Беті бар ашылмаған талай сырдың
Өлкемнің мол мұрасын зерделеген
Еңбегін бағалаймын Серікболдың
Туған жер туралы мақал - мәтелдерге кезек берейік
1. Ел мен жер егіз
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Өз елім - өлең төсегім
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Жүрекке жылы ой салар
Гимн: «Менің Қазақстаным»
Қорытындылау:
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
1766
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12