Сынып сағаттар 2025ж

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаттар 2025ж

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаттар қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімді (тәрбие) жоспары

Сынып жетекші:

Мұқаш Н.

Күні:

14.04.2025

Сынып: 1 «Ә»

Қатысушылар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Ғарышкерлер күні /Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы.

ЖЖЕ: №5 Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.

29-САБАҚ

«Жасанды интеллекті мүмкіндіктері. Ата – аналардың дауыстарымен қоңырау шалу»

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың мақсаты:

Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір — ғарышкерлер күні екенін түсіндіру. Тұңғыш ғарышкерлермен және Қазақстан ғарышкерлерімен таныстыру. Оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру

Оқушылардың велосипед, оның құрылғысы, жабдықтары туралы білімдерін кеңейту;

Велосипедшілердің қозғалыс ережелерін зерттеу;

Құндылықтарды дарыту

Экологиялық сана қалыптастыру және дамыту. Адамзаттың ортақ үйі — Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

3 мин



Сабақтың басы

5 минут минут









Сабақтың ортасы

20 минут





































































Сергіту сәті

2 минут




















































Соңы

5 минут

































































10 минут

Шолып аспан әлемін Қайырлы күн Деп айтайық бәріміз Жолдап жүрек жылуын

Балалар ғарыш дегенде көз алдарыңа не келеді?
Өз ойларын сұрау

Жұмбақ шешіп алайық
Күндіз бәрі қашады
Түнде аспанды басады (жұлдыз)

Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.
Ай, күн

Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.

Күн
Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын.
Ай

Топқа бөліну 1-топ «Күн» 2-топ «Жұлдыз» 3-топ «Ай»

Ғарыш деген ғажайып” (Аспан әлемі туралы түсінік)
Аспан әлемін зерттеу өте ерте кезден басталған. Бірақ әлі күнге дейін ғарыш құпиясы ашылған жоқ. Ғарышты адам игілігіне пайдалану үшін адамдар көп еңбектенді. Соның нәтижесінде 1957 жылы 4 - қазан - да тұңғыш рет ғарышқа Жер серіктері ұшырылды. Содан бері ғарышқа көптеген Жер серіктері ұшырылды. Әрбір Жер серігінің өзінің атқаратын жұмысы бар. Мысалы, олардың бірі аспандағы бұлттардың қозғалысын бақылайды. Солардан алған хабар бойынша мамандар ауа райын дәл болжай алады.

Бейнесюжет көрсету

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы

Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО-ның басқа халықтарымен және антигитлерлік коалициямен бірге соғыс уақытындағы барлық ауыртпалықтар мен қиыншылықтарды өз мойнында көтерген Қазақстан үшін үлкен сынақ болды.

1,2 млн қазақстандықтар майдан қақтығыстарында ерлікпен шайқасты, 610 мың сарбаздар мен офицерлер өз өмірлерін қиды, 500-ден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды, Қазақстанның 200 тумасы Даңқ орденінің толық иегерлері болды. Соғыс жылдары Қазақстанда 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полк пен батальон құрылды.

Қазақстан майданды қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарды.  Әскери мақсаттар үшін 150 мың жылқы, киім мен азық-түлік салынған бір жарым мың вагон жіберілді. Кеңес Одағының Еуропалық бөлігінен жүздеген өнеркәсіптік өндіріс орындары эвакуацияланды. Соның негізінде республикада 460 зауыт, фабрикалар, шахталар және басқа да өндіріс орындары құрылды. Кәсіпорындардың барлығы дерлік әскери мақсаттағы өнімдер шығаруға көшті. Кеңінен танымал мәлімет: он оқтың тоғызы Қазақстанда құйылған.

Біздің еліміз оккупацияға ұшыраған аумақтардан 532 мыңнан астам адамды және 2,5 миллион мәжбүрлеп жер аударылған азаматтарды қабылдады.

Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге үлкен қамқорлықпен қарайды. 2020 жылдың мамыр айында әлеуметтік қолдау көрсетудің ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін анықтайтын «Ардагерлер туралы» заң қабылданды. Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын Ұлы Отан соғысының 665 қатысушысы ғана қалды.

Біздің елімізде Еуропа және бүкіл әлем халықтарының ерлігі, бізбен бірге нацизмді жеңіп, болашақ ұрпаққа бейбітшілік сыйлаған барлық елдер жоғары бағаланады.

Осы ұмытылмас күнде Қазақстан халқына үндеуінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев, «Қазақстаннан аттанған әрбір екі жауынгердің бірі тарихтағы ең қанды соғыстың майданында қаза тапты. Олардың ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Мұндай қасіретке ешқашан жол бермеу – барша адамзаттың міндеті»,  - деп атап өтті.




Жаттығулар жасату


- Ғарыш айлағы дегеніміз не?
Ғарыш айлағы дегеніміз – бұл зымыран, ғарыш серіктері мен үлкен ғарыш кемелері ұшырылатын орын.
Қазақстанның ғарыш айлағы бар ма?
Қалай аталады?
Байқоңыр.
Жарайсыңдар, балалар.

Атақты ұшқыш Ю. А. Гагарин ғарышқа ұшпас бұрын ең алғаш рет ешқандай өмір белгісі білінбеген, әрі суық, әрі тұңғиық ғарыш әлемінде ең алғашқы тіршілік иесінің жүрегі соқты. Бұл 1957 жылдың 3 қарашасында алғашқы жол салған Лайка атты ит болатын. Ол герметикалық қабықпен қапталған жер серігімен ұшырылып, аман – есен оралды. Лайка итінің артынан басқа да иттер ұшырылды. Олар 1960 жылдың 19 тамызында ұшырылған Белка және Стрелка иттері болатын. Олармен бірге 40 тышқан, 2 сұртышқан, әртүрлі жәндіктер, өсімдіктер мен микроорганизмдер ұшырылады. Олар жерді 17 рет айналып оралды.

Ойын: «Егер мен ғарышкер болсам......

Егер сен ғарышкер болсаң не істер едің? 4 - 5 оқушыдан өз ойларын сұрау
Әр оқушыға бекіту сұрақтары таратылады.
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кімдер?
2. Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
3. Ғарышкерлер қандай болу керек?
4. Адамдардан бұрын ғарышқа нелер ұшты?

Қорытынды -Балалар ғарышқа не үшін ұшады? -Иә, аспан әлемін планетаны, жұлдыздарды зерттеу үшін ұшады. -Аспанда нелер болады , балалар? -Күн, ай , жұлдыз, бұлттар болады? -Дұрыс айтасыңдар, қалай ойлайсыңдар, ғарышқа қандай көлікпен ұшады? -Ғарышқа зымыранмен ұшады.

Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам.Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек.

Қазақ елін асқақтата беретін ғарышкерлер өсе берсін!


Ережелер оқу.

Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.

1 - Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• жаяу жүргінші өтпесі
• балалар
• тайғақ жол
• жол жөндеу жұмыстары
• екі жақты қозғалыс
• велосипед жолымен қиылыс
• шлагбаумы бар темір жол
• шлагбаумы жоқ темір жол
2 -: Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.
• басты жол
• басты жолдың аяқталуы
• жол беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.
3. Тыйым салатын белгілер.
3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады
4 -: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу
Ақпараттық көрсеткіш белгілері. Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
• тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі
. Қызмет көрсету белгілері.
Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек пункті
• аурухана
• телефон
• тамақтану орны
• ауыз су
• демелыс орны
7 -Қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.
• объектіге дейінгі арақашықтық
• ықпал ету аймағы
• қолданылу бағыттары

Қауіпсіздік сабағы

««Жасанды интеллекті мүмкіндіктері. Ата – аналардың дауыстарымен қоңырау шалу» »

Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді,







Ойларын айтады








































Оқушылар сұрақтарға жауап береді





-12 сәуірді бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді. Ғарышкер діңденсаулығы мықты, өзі батыл, әрі білімді болуы керек














Қорытынды ойларын айтады

Компьютер















Суреттер






































Суреттер көрсетіледі






























































«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т.Әубәкіров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қысқа мерзімді (тәрбие) жоспары

Сынып жетекші:

Мұқаш Н.

Күні:

21.04.2025

Сынып: 1 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ескерткіштерді қорғау күні»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

30-САБАҚ:

«Су қоймаларындағы қауіптер

Құндылық

Жасампаздық және жаңашылдық

Сабақтың мақсаты:

Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру.
Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Тарихи ескерткіштер жайында ой-өрістерін дамыту;

Сәулет ескеркіштері арқылы оқушыларды ұлтжандыққа тәрбиелеу.


Апта дәйексөзі: «Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі

3 мин
















Сабақтың басы

5 минут минут


























Сабақтың ортасы

20 минут











Сергіту сәті

2 минут
















Соңы

5 минут

















10 минут

Сәлеметсіңдер ме, балалар, бүгінгі біздің өтетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тарихи мұраны сақтау біздің борышымыз» деп аталады. Яғни бүгін сендермен біз тарихи ескерткіштердің түр-түрлерімен таныса отырып, толық мағлұмат аламыз.

- Балалар сендер қандай ескерткіщтерді білесіңдер?

- Ескеркіш дегеніміз не? (Ескерткіш–кең мағынасында — елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.) қамтиды). 

- Егер білмесек қазір мен сендерді ескерткіштердің түр-түрлерімен таныстырып өтемін.


- Суреттер – адамның рухани мәдениеті мен дүниетанымынан ақпарат беретін қайнар көз. Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Қожа Ахмет Ясауи – шамамен 1040 жылы (кей деректе 1103 немесе 1093, 1095) Сайрам (кейбір деректер бойынша Ясы) қаласында дүниеге келіп, 125 жыл жасаған Түркі әлеміндегі мұсылмандық дәстүрді орнықтырған ғұлама ұстаз. Әкесі – Ибраһим, анасы – Қарашаш ана. Йасауидің ата-анасының зияраттары Сайрамда. Деректерде Қ. А.Йасауидің Ибраһим атты ұлы мен Гаухар атты қызы болғаны айтылады.

Міне, Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің бейнесі.


Бұл Алтын адам ескерткіші.«Алтын адам» ескерткіші - Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзені жағалауындағы сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген.Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін  хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам»  – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.

Бейнеролик: Ескеркіштер туралы бейнероликке назар аударып, көрелік.

Нейрожаттығу жасайды.

Ой ашар

- Ерлік туралы,батыр  туралы мақал-мәтелдер айту.                                                                    

1. Жаңбыр жауса-жер ырысы,

Батыр туса-ел ырысы.

2. Елдің атын-ер шығарар.

3. Ерді намыс өлтіреді.

4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.

5. Жүк ауырын нар көтерер, ел ауырын ер көтерер.

6. Ер – елдің қорғаны.

Ой толғау . Мағынасын ашу

«Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі 

мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштерін 

қалпына келтіруді қамтамасыз ету керек.»

Н.Ә.Назарбаев

- Бәсекеге қабілетті дамып келе жатқан Қазақстанда әдебиет пен мәдениеттің жетістіктерінің әкелер пайдасы мен үлесі қандай деп ойлайсыңдар? (Ой бөлісеміз.талқылаймыз).

Қорытынды- Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса құнды мұралары – көне түркі жазба ескерткіштері. Бүгінде әрқайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүниежүзіндегі өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың ортақ мұрасы болып табылатын бұл ескерткіштер біздің тарихымыздың терең тамыры болып қалмақ.Сондықтан да ескерткіштерді, мәдени мұра ретінде сақтау біздің борышымыз болып табылады. Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Назарларына рахмет!


Қауіпсіздік сабағы

«Су қоймаларындағы қауіптер


Судағы негізгі қауіпсіздік ережелері

Әр қалада демалуға және шомылуға арналған арнайы жабдықталған су қоймалары бар. Ол жерде арнайы қызметтер бар. Бұл тәртіпті бақылауға, сондай-ақ адамдарды құтқаруға дайындалған адамдар. Мұнда үнемі судың сапасы тексеріледі. Көптеген су айдындарында жедел жәрдем көліктері кезекшілік етеді. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салынады. Сіздің жасыңызда тек ата- анаңыздың немесе басқа ересектердің қатысуымен шомылуға болады. Сіз жылы мезгілде және жылы суда жүзе аласыз. Көбінесе суға батудың себебі дененің суық суда, гипотермиясы болуы мүмкін. Егер сізде, жоғары температура болса, шомылуға болмайды. Бұл жағдайда суға түсу өте қауіпті.

Жүзе білу. Егер сіз жүзе алмасаңыз, таяз жерде, жағаға жақын жерде болыңыз. Жүзгіш достарыңыздың соңынан ермеңіз. Сіз бірден жүзуді үйренбейсіз. Суда болу уақытын шектеу керек. Егер суда ұзақ уақыт жүрсеңіз, шаршағаныңызды байқамауыңыз мүмкін, ал су кез келген уақытта отыруға және демалуға болатын жер емес. Суда мұны істеу мүмкін емес. Нәтижесінде жағаға жүзіп келуге күшіңіз

жетпеуі мүмкін. Судағы күштеріңіз бен әл-ауқатыңызды бақылаңыз. Судан ертерек шығып, демалып, күнге жылынғандұрыс. Шомылуға арналған жерлерде шомылу аймағын шектейтін арнайы белгілер (қалтқылар, жалаулар және т.б.) бар. Аталған шомылу аймағынан тыс жүзбеңіз. Бұл демалушылардың қауіпсіздігі үшін жасалғаны түсінікті. Суда ойнауға болмайды. Бейтаныс жерлерге сүңгуге болмайды.


Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді,







Ойларын айтады








































Оқушылар суреттер бойынша мәлімет алады.




Бейнеролик көреді



Мақал -мәтел айтады.






Сөздердің мағынасын ашады.











Қорытынды ойларын айтады

















Суреттер көреді

Компьютер















Суреттер






































Суреттер көрсетіледі







Бейнеролик




















































Суреттер














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2025
182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі