400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мамлют № 1 мекеп - гимназиясы









«Тіл жүйріктері» интеллектуалды сайысы

(қазақ тілі апталығына орай 7 «А» сыныбында өткізілген іс — шара)




Қазақ тілі мұғалімі: Нұртаева Г.С.











2017 – 2018 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой — өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау; тілдерін дамыту;   қазақ тілін үйренуге баулу, қызықтыру.

Әдісі: сайыс сабақ
Көрнекілік: ұяшықтар, түсті кітаптар, қима қағаздар, әріптер


Барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі:
1) топқа бөліну (1-2 саналу арқылы).
2) әділқазылар алқасын сайлау.
3) сайыстың мақсатымен таныстыру.

Армысыздар  құрметті қонақтар,  қатысушылар! Бүгінгі «Тіл жүйріктері» сайысын тілдер апталығына орай  өткізгелі отырмын.

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас,  — деп, Байділда Сарноғаев барлығымызды ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілінің қызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

Осымен «Тіл жүйріктері» интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймын.

Сәттілік тілеп, ойынды бастау

Сайыстың кезеңдері:

І кезең «Таныстыру»

ІІ кезең «Алтын ұяшық» 

IІІ кезең «Түрлі –түсті кітаптар» 

V кезең «Полиглот»

ІV кезең «Ойлан тап»

Қатысушылар екі топқа бөлініп, қатарға отырады, әділқазылар алқасы сайланады:.

І кезең «Таныстыру»

Топтың атың ойлап табу, топ басшысын сайлау

ІІ кезең «Алтын ұяшық» 

Екі топтың қатысушылары кезектеп ұяшық таңдайды, таңдаған ұяшықтағы ережелерге байланысты сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтардың ішінде «Алтын ұяшық» жасырылады, оны таңдаған топқа 5 ұпай беріледі.

Дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі? 

Туыстық қатынастарға байланысты сөздерді атаңдар.

Еріндік дауыстыларды атаңдар?

Буын түрлерін атаңдар.

Қазақ тілінде неше септік бар?

Қыс айларын атаңдар.

Күз айларын атаңдар.

IІІ кезең «Түрлі –түсті кітаптар» 

(оқушылар кезектеп кітап таңдайды, кітаптың ішінде берілген тапсырманы топтасып орындайды)

«Оқушы» сөзін жекеше түрде жіктеңдер

«Өнер» сөзіне фонетикалық талдау жаса

«Оқушылар» сөзінде неше буын бар? Қандай?

«Мектеп» сөзін септеңдер

СЕРГІТУ СӘТІ «Қыдырып қайтайық»

V кезең «Полиглот»

Әр топқа ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде сөз айтылады, топ мүшелері қалған тілде аудармасын айтады

Мектеп, мама, ball, pen, зеленый, өмір, танец, ойнау


ІV кезең «Ойлан тап»
Екі топқа бірдей "Қазақстандықтар" сөзі беріледі. 2-3 минутта осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөзқұрастыру қажет. 

Әр топ өздеріне баллдар қойып, сабақтың соңында жеңімпазды анықтайды.

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» — дейді Г.Гегель.

Құрметті оқушылар, ұстаздар, осымен біздің бүгінгі интеллектуалды сайысымыз өз соңына жетті. Оқушыларға қатысқандары үшін, қонақтарымызға келгендері үшін алғысымды білдіремін.\



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі