жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты
Талғар ауданы әкімдігінің " Талғар ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№14 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі " мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Тақырыбы:
Жолда жүру ережесін сақтайық!
( сынып сағаты)
Бастауыш сынып мұғалімі:
Шидербаева Меруерт Мухаметкаримовна
Тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтайық!
Мақсаты:
Жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында білімдерін толықтыру.
Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін дамытып, түсініктерін кеңейту.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, бейне –роликтер
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
1. Оқушыларды топқа бөлу.
(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)
Топпен бірігіп топ ережесін құру Топ ережесі:
1.Сабақта өзін дұрыс ұстауға.
2. Сабаққа белсене қатысуға.
3. Бір-бірін тыңдай білуге.
4. Мұғалімді тыңдай білуге.
5.Ойымызды ашық,дұрыс айтуға. Міндеттіміз,міндеттіміз,міндеттіміз!!!
Балалар біз топқа қалай бөліндік?
-Бұл түстер нені білдіреді?
Сабақтың мақсатын хабарлау
Бейне ролик көрсету және сұрақтарға жауп бергізу:
-Бейне роликтен нені байқадық?
-Балалар қандай қателіктер жіберді?
Топтық тапсырмалар Әр топ өздеріне берілген мәтінмен танысып, әуелі жұпта, содан соң топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Жол белгілерінің суреттерін көрсету.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады
Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндерімен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді. Пішіндері тік төртбұрыш болып жасалып, жиектері қалың көк жолақпен көмкеріледі, ақ түсті ортасында нысандар туралы шартты белгілер көрсетіледі. Олардың жалпы саны – 12.
«Бағдаршам» ойыны: (Балалар жүргізушілер. Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе – тұра қалады. Сары – оң аяқтарын көтереді. Жасылда – аяқтарын тап тап басады)Ойын бірнеше рет қайталанады
Жол белгілеріне байланысты бейне ролик көрсету және оны талқылау.
Тест
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
2.
Мына
белгі нені білдіреді?
А) кіруге тиым салынады В) басты жол С) Абайла,балалар!
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
8. Мына жол неше қозғалысты?
А) 4 В) 2 С)1
9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл
Кері байланыс
Көзіңмен
не көрдің?
|
|
Құлақпен
не естідің?
|
|
Жүрекпен
не сезіндің?
|
|
Қорытынды:
Мұғалім:
Қымбатты оқушылар! Оқушылар жолда жүру
ережесімен таныстыңдар. Олай болса,
оқушылар жолда жүру ережесін әрқашан
есте сақтап, бұлжытпай орындап, сақ
жүріңдер демекпін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген