Сынып сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға адалдық ұғымы туралы, елге адал болудың, адал еңбекпен келген табыстың маңыздылығын түсіндіруге арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ӘОЖ 372.416



БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТАЙМ МЕНЕДЖМЕНТ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Сархан Роза Қуанышқызы1, Қуанышбаева Зәуре Бекеновна2

1Магистрант, 2Пед.ғ.к.

1 , 2 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

«Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы , Шымкент/Қазақстан

e-mail:rozsarhanova@gmail.com

e-mail: kzb-69@mail.ru


Аңдатпа. Бастауыш сыныпта қалыптасуға тиіс төрт дағдының бірі-оқылым дағдысы.

Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдысын қалыптастыруда тайм менеджмент әдістемесіне сәйкес қалыптастырудың қажеттілігі артып келеді. Мақалада тайм менеджмент технологиясы негізінде оқу дағдысын қалыптастыру мен оқушылардың жылдам оқу дағдысын қалыптастырудың маңыздылығы қарастырылды. «Оқу дағдысы» мен «тайм менеджмент» ұғымдарының мәні мен мазмұнына анықтамалар мен түсініктемелер берілді. Мақала мазмұнында тайм менеджмент технологиясын қолдану арқылы оқушының оқылым дағдысын қалыптастырудың тиімділігі қарастырылған. Бастауыш сынып оқушылары уақытқа байланысты жылдам әрекет етуі мен оқылым дағдысын қалыптастыру бойынша әдістемелер ұсынылды. Оқушылардың жылдам оқу дағдысын дамыту бағытында бастауыш сыныптың үлгілік оқу бағдарламасындағы оқылым дағдысындағы оқу мақсаттары мен оқулықтарға шолу жасалынды. Әдістемелік жұмыстар оқушының жылдам оқуын қалыптастырып қана қоймай, мәтін мазмұнын түсіну, талдау, оқу-танымдық функциялары мен ойлау шеңберін дамытуға ықпал жасайтыны туралы құнды ақпараттар ұсынылды. Мысалы,2-сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығындағы оқу дағдысына берілген тапсырмаларды оқушының деңгейіне сәйкес сұрақтар мен тапсырмаларды түрлендіріп беру және оны тайм менеджмент әдісі арқылы іске асырудың әдістемесі мақала мазмұнында баяндалады. Нәтижелі білімге қол жеткізуде тайм менеджмент технологиясын қолданудың мүмкіндіктері мен мұғалімнің жүйелі жұмыс жасауы зерттеу мәселесінің негізі болып табылады.

Кілт сөздер: тайм менеджмент, технология, бастауыш сынып, оқылым,

функционалдық сауаттылық, дағды, жылдам оқу, оқу техникасы.



Кіріспе

XXI-ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі-уақыттың жетіспеушілігі, уақытты басқару мен жоспарлаудың тиімділігі. Ақпараттық ресурстардың дамуымен қатар адамдардың уақытқа деген көзқарасы, басқара алмауы белең алып жатыр. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісінде де уақыт айтарлықтай маңызды орынға ие. Осыған байланысты оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылады, өйткені оқу ой-өрісін кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін, қиялын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды, нәтижесінде әртүрлі салалардағы шығармашылық белсенділікке ықпал етеді, тұлға жоғары білімді болады.

Білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде Қазақстан Республикасында оқу білім алушылардың оқу іс-әрекетінің даусыз құрамдас бөлігі және қажетті білім алу құралы болып табылады. Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушысы тек оқып қана қоймай түсініп, ой жүгіртіп және өз уақытын басқарып,жылдам оқу қабілеті қалыптасқаны дұрыс. Тайм менеджмент технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру-заман талабы, меңгерілуі тиіс, бір міндет деп қарастыруымызға болады. Дегенмен, оқу дағдысы бірінші сынып оқушысынан бастап қалыптасады десек те, тайм менеджмент технологиясын бастауыш сыныпта қолдану қазіргі кезде аса маңызды орында емес.Сондықтан да, екі ұғымды байланыстырып, бастауыш сынып оқушыларының бойына оқу дағдысын қалыптастыру деген қажеттілік туындайды.

Материалдар мен әдістер

Оқу-адамның негізгі тәрбиесі, білімі мен дамуының негізгі құрамдас бөлігі. Ол ақпараттың негізгі көзі болғандықтан, мектепте меңгеру керек ең маңызды дағдылардың бірі. Оқу дағдылары бастауыш мектепте дамиды. Бастауыш мектеп-кез келген адам өміріндегі ерекше кезең, бұл уақыт баланың оқуы мен ұйымдастыру қабілетімен байланысты. Дәл осы толық меңгерілген оқу дағдысы оқушыларға жаңа білімдерді өз бетінше игеруге мүмкіндік береді, өздігінен оқу үшін қажетті негіз жасайды [Т. С. Вожжова, А. Ю. Кабушко. 2023: 93-100]. Оқылым мен оқу дағдысын көптеген зерттеушілер өз еңбектерінде қарастырған. Әдіскер ғалым, профессор Ф. Оразбаева «оқылым дағдысы қағаз бетіне түскен сқздердің мағынасы мен мәнін ұғынып,ішінен керек ақпаратын алу» - деп анықтам береді. Оқылымның түрлерін Ф. Оразбаева төмендегіше сипаттап береді:

  • адамның таным деңгейін көтеріп, кеңейтетін материалдарды оқып түсінуін-танымдық оқылым деп атаймыз;

  • зерделік оқылым адамның кез-келген мәліметті бастан аяғына дейін толық оқып,түсінуі;

  • берілген мәтіннен өзіне керектісін алып, іздеп, пайдалана білуі ізденімділік оқылымның сипаты;

  • көрсетілімдік оқылым деп материалды жүйелі түрде қарап,мазмұнын қысқаша айтып беру, ерекшелігін көрсету [Ф. Ш. Оразбаева. 2019: 69-75].

Оқу техникаларын қалыптастыру бойынша сұрақтарды XIX ғасырдан бастап психологтар мен педагог ғалымдар қарастыра бастады. Семантикалық оқу термині алғаш рет Л. Ю. Невуева мен А. А. Зубченконың зерттеулерінде қарастырылды.

Оқу дағдысының мәтінмен жұмыс жасау кезінде қалыптасуы мен дамуын В. В. Давыдов, И. Р. Гальперин, А. Н. Леонтьев еңбектерінде көрініс тапқан. В. А. Сухомлинский оқу жылдам болуы керектігін, сол кезде ғана оқу құралы әрекетке дайын болатындығын айтқан.«Ю. В. Болбас. 2023: 28-30». Айта кететін жайт, жыджам оқуды қалыптастыру кезінде оқу процесінің тиімді болуы үшін жағдай жасайтын қосалқы дағдылар бірге қалыптасады. Оларға мәтінмен жұмыс жасай алуы, сөздік қоры мен есте сақтау қабілеті, байқампаздығы және тағы да басқа қабілеттерді жатқызамыз. Яғни, оқу дағдысының, әсіресе уақыт бойынша жыджам оқудың маңызы ерекше екенін осыдан аңғаруға болады.

Тайм менеджмент технологиясы - бұл уақытты басқару, өз уақыт кеңістігін нақты және сауатты ұйымдастыра білу, алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді ойдағыдай іске асыру үшін маңызды және қосалқы істерді бөліп көрсету [Л. Р. Ягудова. 2023: 86-89]. Ғалымдар өз зерттеулерінде тайм менеджмент технологиясын уақытты басқару, өзін-өзі басқару сынды ұғымдармен байланыстырып анықтамалар берген.

М. А. Лукашенко «бастауыш сынып оқушыларының уақытты басқаруы - бұл ең алдымен оқушының өзін жоспарлау қабілеті, күн, оқу және сабақтан тыс жұмыстарды өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті және сабақтар, ойындар және тағы да басқалар үшін уақыт ресурстарын ұтымды пайдалану мүмкіндігі» - деп анықтама береді. М. А. Лукашенконың пікірінше, бұл дағдылар оқушының неғұрлым ұйымшыл және жауапты, мақсатшыл болуына көмектеседі [М. А. Лукашенко]. Білім беру жүйесінің және оқу пәндерінің негізгі мақсаты - білімді күнделікті өмірде пайдалану екендігін негізге ала отырып, тайм менеджмент технологиясын оқу үдерісінде де, күнделікті өмірде де пайдалануға үйрету деген тұжырымға келеміз.

Т. И. Аболенина «Бастауыш сынып оқушысының өзін-өзі тәрбиелеудегі уақытты басқаруы» мақаласында оқушының келесі құнды дағдыларын қалыптастырудағы уақытты басқару дағдыларының педагогикалық әлеуетін сипаттайды - ұйымшылдық, мақсаттылық, дәлдік, ұқыптылық [Т. И. Аболенина. 2016: 3-5]. Автор қазіргі оқушының жетекші мәселелерін зерттеку негізінде уақытты басқаруды қолдану қажеттілігін талап етеді және қалай жұмыс істейтіні туралы әдістемелік кеңестер ұсынады.

Dr. A. Subramanian өз зерттеуінде өзін-өзі басқару - бұл уақытты басқару құралдары мен әдістерін қолдану арқылы стресске төзімділікке және өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін құрал деп, басқару қабілетінің өмір сүруге ықпалын қарастырған [A. Subramanian. 2016: 6-15].

Қазақстандық зерттеуші-педагогтар жоспалау мәселесі мен уақытты басқаруды келесі бағыттар бойынша қарастырған: педагогикалық үдерісті басқару (Н. Д. Хмель, Т. М. Баймолдаев, Ж. Б. Умирбекова), кәсіптік дайындықты басқару сұрақтары (А. А. Жайтапова, З. А. Исаева), оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға мамандар дайындау (К. Н. Нарибаев), білім алушылардың басқару қабілетін қалыптастыру (М. М. Книсарина) [J. Rubnsteim, D. Meyer & J. Evans, А. Жунусбекова. 2001: 763-793].

Жекелей алғанда екі ұғым да мағыналық жағынан, қолданылуы жағынан орасан зор орын алады. Уақытты басқару мен оқу дағдысын пайдалану тек бастауыш сынып оқушысына емес, адамзаттың бәріне игеру керек қабілет. Дегенмен де, жеке тұлға болып қалыптасқан адамның бойына бір қабілетті дарыту ұзақ әрі күрделі процесс болып табылады. Демек, тайм менеджмент технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру бала болашағына, болашақта осы дағдысын пайдалануына, заманға сай болуына ықпал жасайды деген тұжырымға келеміз.

Оқу дағдыларының оқушы бойында қалыптасуы тек оның тез әрі қатесіз оқуы емес, бұл дағды бойында қалыптасып, жетілген, мәтінді уақытты тиімді пайдаланып жылдам әрі сауатты оқып, белгілі бір ой қорытып, өз пікірін айта алады.Әрине, басттауыш сынып оқушысы ең алдымен бастапқы деңгейлерді меңгеріп, жеңілден күрделіге қарай білім жинақтауы керек. Оқу әрекетін үш кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:

Бірінші кезеңде, адамның мәтінді қабылдау процессі жүреді. Оқу әрекетінің негізі әріптерді қосып оқи алуынан және айта алуынан бастау алады.Әріптерден сөзді құрастырып оқи алуы, тек көру қызметіне байланысты емес, адамның есте сақтауы, қиялы және ақылы қатысады.

Екінші кезеңде, адамның мәтін мазмұнын түсінуі, сөздердің мағынасын түсіне білуі негізделеді.Бір жағдайда адам мәтінді оқығанда нақты бейне пайда болады, елестеді, екіншісінде сезім немесе логикасы іске қосылады, үшіншіде екі жағдай да адам бойында сезіледі, төртінші кезеңде еске түсіру, сол сөзбен байланысты естеліктер пайда болады.

Соңғы кезеңде адам баға береді. Яғни, мәтін мазмұнына, автордың жеткізгісі келген ойға, кейіпкерлерлің іс-әрекетіне сын тұрғысынан қарайды. Ең алдымен, оқуды үйренуде әріптердің ерекшеліктерін, дыбыстық жүйені, ережелерді меңгеру қажеттілігі туындайды.Оқу дағдысы жетіле келе айтылған кезеңдер бойынша адамның оқуға деген көзқарасы да, мақсаты да өзгере бастайды [Н. Н. Светловская. 2011: 28].

Уақытты басқару дағдыларын қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс И. А. Чемерилованың және Е. К. Иванованың пікіріне сүйене отырып, бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үш бағытта жүргізілуі керек [И. А. Чемерилова, Е. К. Иванова. 2019: 1-3] :

a). «Мақсат». Мектепте оқу процесін ұйымдастыруда іс жүзінде оқушы өз мақсаттарын және оған жету жолдарын анықтай алатын жағдайлар аз кездеседі. Көбінесе мұғалімдер мен ата-аналардың өздері балаларға қажетті мақсаттар қояды. Бастауыш сынып оқушылары мақсаттарды тұжырымдау қабілетіне ие болуы және қанаш уақытта ете алатындығына болжам жасай алғаны жөн.

б). «Уақыт». Бастауыш сынып оқушылары үшін уақытты басқару өте қиын.Балалар мен ересектердің санасында уақыт әр түрлі жолдармен, сезімдермен өтіп жатқанын ескеру керек. Баланың уақытты «сезіну» қабілетін қалыптастыру өте маңызды, ол мақсаттарды жоспарлау және оларды шектеулі мерзімде сәтті орындау үшін қажет.

в). «Басқару». Бастауыш сынып оқушыларында уақытты басқару дағдыларын қалыптастыру мұғалімдер мен ата-аналардың тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Басқару қабілетін арттыру үшін олар арнайы әзірленген білім беру жаттығулары мен сабақтар өткізіп көмектескені дұрыс.

Оқу дағдысы мен тайм менеджмент ұғымдарының өзара байланысы негізінде - уақытты басқарып оқу, жылдам оқу деген түсінік пайда болады.Жылдам оқу - баланың меңгеру керек дағдылардың бірі. Жылдам оқу - жаттығулар жиынтығы бар күшін салып меңгерген және нұсқаулықпен жұмыс жасаған 99% адамда бұл дағды қалыптасқан. Сол сияқты, егер бала жылдам оқуды меңгерер болса, бұл дағды өмір бойы онымен бірге болады. Бұл қабілет балаға ересек өмірде үлкен артықшщылықтар береді. Бірнеше себептерді атайық: бала тез әрі еркін оқып үйренеді, оқығандары туралы жақсы түсінікке ие болады, қайталауды дайындауды үйренеді, жады мен зейінді жақсартады. Бастауыш сыныпты аяқтаған оқушыда жылдам оқу, оқығанын түсіну қабілеті қалыптасқан болуы керек. Дегенмен, бастауыш мектептен соң көптеген балада жаңа мәтінді оқуда қиындықтар туындайды. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған баланың бойына осы қабілетті қалыптастыру тікелей мұғалімнің міндеті. Баланың оқу жылдамдығының нормасы сақталуы мен дамуы үшін әдістер мен жаттығуларды мұғалім күнделікті сабақ барысында ескеруі керек:

  1. күнделікті минуттық оқу жаттығуларын ұйымдастыру;

  2. оқу үшін мәтіндерді олардың әдеби ерекшеліктері мен бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескеріп таңдау;

  3. тұрақты жұмыс жүргізгенде қателерді айтып отырып оқыту;

  4. оқу кезінде жіберілген қателерді түзетудің орынды жүйесін қолдану;

  5. бірнеше деңгейлерді қамтып оқытуды ұйымдастыру: сыбырлап оқу, іштей оқу, мәнерлеп оқу тағы да басқа.

Оқушының оқу мәнері мен техникасының қалыптасуы үшін көптеген жаттығуларды қолдануға болады.Атап айтсақ, «Шульте кестесі» еркін тәртіпте берілген сандардан және әріптерден тұрады. Бұл кестені өзіңіз үйден жасап және онымен жаттығуға болады. Көзден кестеге дейінгі қашықтық 40-50 сантиметр және аз уақытта кестеде еркін тәртіппен орналасқан 1 ден 25 ке дейінгі сандарды көзбен табу керек. Бұл әдістеменің нәтижесінде кестелер ақылы мамандар көздің іздеу қозғалысының өнімділігі мен жылдамдығын қадағалайды. Зерттеу барысында Шульте кестесі есте сақтау, зейін және интеллектті дамыту үшін жоғары тиімділігі дәлелденді. Шульте кестелерін үнемі шешкен кезде жасына қарамастан (мектеп оқушысы да, ересек адам да айналыса алады) көлемдік назар жақсарады. Кейіннен кестелер жылдам оқуды дамыту және жалпы көру өрісін кеңейту үшін барлық курстарда белсенді қолданыла бастады.

Струп тестті қолдану бұл адам миының жұмысының таңғажайып көрінісі, оны дәл осы тест айқын көрсетеді. Адамға сөзді қарап, түсін атау тапсырмасы жүреді. Дегенмен сөздің мағынасы мен түсі бірдей емес. Тестті шешу кезінде ми бір уақытта екі мәселені шешуге мәжбүр: оқу және түсті тану. Нәтижесінде мидың әртүрлі бөлімдері қатар қатысады. Ғалымдар әлі күнге дейін түсті айту мен оқу нұсқаларының ішінен неге оқу басым екендігі туралы нақты жасап бере алмады. Ең сенімді теория - үнемдеу мақсатында ми ең айқын жауапты таңдайды.Од мәтіндік ақпаратты түс ақпаратына қарағанда тезірек әрі оңай қабылдайды. Адамдарда нақты мехнанизм бар - оқу және атау. Бұл тест когнитивті ойлаудың икемділігін анықтау үшін қажет. Адам сөздерді оқудан визуалды ақпаратқа неғұрлым тез ауысса, оның танымдық фукциялары соғұрлым жақсы жұмыс істейді, бұл ойлаудың икемділігі.

Белсенділікті арттыру «Лабиринт» жаттығуын қолдану нәтижелі жұмысқа қол жеткізеді. Бұл жаттығу көру аймағын кеңейтеді, визуалды есте сақтауды жақсартады және зейінді дамытады. Сонымен қатар, бұл өте қыззықты әрекет. Бірақ біз лабиринтті ойын үшін емес, ол бағытталған мақсаттар үшін ойнайтынымызды есте ұстаған жөн. Бастапқы кезеңде лабиринттердің қарапайым нұсқаларын таңдап, кейіннен өту жылдамдығын арттырып, күрделендіріп отырған дұрыс. Бір лабиринтті бірнеше рет өткізіп, келесі сабақта қалай өтетіне назар аудару керек. Оған өту оңай ма? Ол бұл лабиринттен өткен кезде есіне түсті ма? Баланың жолды оңай есте сақтағанын көрмейінше, өткен лабиринттерді жоққа шығармау керек.

Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдысын қолдануда «Сөзді тап» әдісі тиімді әдістердің бірі деп есептейміз. Кестедегі немесе мәтіндегі сөздерді іздеу мақсатты оқыту мен ақыл-ой белсенділігінің ортасын құруға ықпал етеді. Оқушылар сөздерді табуға кіріскен кезде, олардың зейіндері шрғырланады және ақпараттарды өңдеу қабілеті дамиды. Бұл әдіс оқуды түсіну мен есте сақтауды едәуір жақсарта алады, өйткені оқырмандар мәтіндегі кілт сөздер мен контекстік белгілерді табуды үйренеді. Тұтастай алғанда, сөз іздеу жылдам оқуды меңгеруді қызықты әрекетке айналдырады. Жаттығулардың деңгейлері мен түрлерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психологиялық ерекшеліктеріне қарап пайдалануымыз керек. 1-сынып оқушыларына әріптерді үйренуге, айтуға және зейіндерін шоғырландыруға арналған тапсырмалар ұсынылып, мәтінді мәнерлеп оқу, дауыстап оқу, іштей оқу, буындап оқу, түсініп оқу бойынша тапсырмаларды тайм менеджмент әдістемесін қолдану жұмыстары нәтижеге қол жеткізеді.

Нәтиже мен талдау

Бастауыш сынып оқушыларының белгілі бір дағдыны игеруі оқу үдерісінде тыс қалмай, уақытылы жоспаға сәйкес білім алуына тікелей байланысты. Оқу дағдысының қалыптасуы оқулықты толық меңгеруіне, тапсырмаларды орындауына қатысыт болып табылады. Бастауыш сыныптағы оқушылардың оқу дағдысы мен сауаттылығы негізі «Әліппе» оқу пәнінен бастау алып, «Ана тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерінен жалғасын тауып қалыптасады.

«Әліппе» оқу пәнінде оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруда оқулықтың 44 бетінде берілген д әріпін өту барысында « Дана адам » мәтінін мәнерлеп оқу арқылы оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда буындап оқудан, дауыстап оқу, жылдам оқу арқылы оқушының қарқын оқу дағдысын қалыптастырамыз. Пәннің бағдарламасындағы оқылым дағдысын қалыптастыруда сызба арқылы сөздер мен сөйлемлердің мағынасын түсіну, сөйлемде айтылған ойды түсіну, жұп дыбыстардың ерекшеліктерін тану мен дұрыс айту, дауыстап оқу, буындап оқу бойынша оқылым дағдысын қалыптастыруда оқу мақсаттары бойынша қалыптастырушы тапсырмалар ұсынылады [Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. 13].

«Әліппе» оқу пәнінің мазмұны әліппеге дейінгі және әліппе кезеңінде оқу әрекетіне қызықтыру, алғашқы ұғымдармен таныстыру, сөзге дыбыстық талдау жасау, тыңдау әрі сұрақтарға жауап беруге үйрету міндеттеріне сәйкес әдістемелік жұмыстар ұйымдастырылады.

«Ана тілі» оқу пәнін оқыту әліппеден кейінгі кезеңде жүзеге асады. Пәннің бағдарламасы оқылым дағдысын қалыптастыру бойынша сөздің мағынасын түсінуге, мәтінді дауыстап, мәнерлеп, түсініп оқуға, мұғалім көмегімен мәтіннен қажет ақпаратты тауып оқуға, оқу барысында дыбыс үндестігін сақтауға, сөздердің мағынасын ажырата алуға, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, өз ойын білдіруге үйрету тапсырмаларынан тұрады [Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. 18-20]. Мысалы, мәнерлеп оқуға байланысты «Дыбыстар мен әріптер» тақырыбындағы «Алғашқы қар» өлеңі берілген және өлең мазмұнына сай сұрақтарға оқушы жауап беруі керек. Сөздердің мағынасын түсінуге қатысты «Жуан және жіңішке жұп дыбыстар» тақырыбында 4 - жаттығуда қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу тапсырмасы берілген [Г. И, Уайсова, Г. Т. Сәдуақас, А. С. Бесірова. 2021: 44].

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты білім алушылардың көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдаған өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру [Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. 249].

1-кесте. «Әдебиеттік оқу пәнінің оқылым дағдысына негізделген базалық мазмұны.

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқуға, рөлге бөліп, мәнерлеп оқуға, шығарманы іштей оқуға, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқуға қалыптастырушы тапсырмалардан тұрады.

3 - сынып тапсырмаларының мазмұны шығарманы іштей саналы түсіну, шолып және түртіп алу, ақпаратты тауып, бағалап оқудан құралған.

4 - сыныпта тапсырмалар сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты табудан және мәтінді сын тұрғысынан бағалап оқудан, алдыңғы жылдары қалыптасқан біліктерді дамытудан тұрады.



Білім беру бағдарлама мазмұнындағы оқу мақсаттары әр сынып сайын күрделеніп жеңілден күрделіге сәйкес берілген. Атап айтсақ, 2 сыныптың оқушысы оқулықтағы шығарманы оқу арқылы мәтінді дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу дпағдысын қалыптастырады. 4 сыныптың оқушысы мәтін бойынша сұрақтарға жаап беру, қажетті ақпараттарды табу, мәтіннің мазмұнына баға беру дағдысын қалыптастырады. Бастапқы кезеңде бала дауыстап оқуға, әрі түсініп оқуға бейімделеді. Бұл дегеніміз бала өз дауыс техникасына көңіл бөледі, мәнер қосады. Іштей оқуда оқушы көп жағдайда мәтін мазмұнына, кейіпкердің іс- әрекетіне терең үңіледі. 3 сынып оқушысы мәтінді оқуда қажетті ақпаратты табуы мен мәтін мағынасын түсіну, сипаттама беру дағдысын қалыптастырады. Көп нәрсеге мән беріп қарайтын болады. Бастауыш сынпты аяқтап жатқан оқушы мәтінге талдау жасайды, сұрақтар қояды. Сұрақ қою - адамның ойлауын терең дамытып, ақпаратты қабылдау деңгейін арттырады.

Оқушылардың оқу дағдысына аса назар аударылғаны бастауыш сыныпқа арналған үлгілік оқу бағдарламсында әр сыныпқа минуттық нормалары да көрсетілген.

1) 1 сыныптың I жартыжылдығында оқушыларды оқуға қызықтыру жүзеге асырылады. II жартыжылдықтың соңында оқу жылдамдығының нормасы: минутына 25 – 30 сөз; шылау, одағай, еліктеу сөздер, қос сөздер жеке сөз ретінде саналады.

2) 2 - сыныптың I жартыжылдық соңында 40 – 50 сөз, II жартыжылдық соңында 50 – 60 сөз;

3) 3 - сыныптың I жартыжылдық соңында минутына 60 – 70 сөз, II жартыжылдық соңында 70 – 80 сөз.

4) 4 - сыныптың I жартыжылдық соңында минутына 80 – 90 сөз, II жартыжылдық соңында 90 – 105 сөз [Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы. 250]. Бұл берілген ақпараттар орта деңгей оқушысына арналған, яғни жоспар бойынша үлгеріп жүрген оқушы осындай нәтижемен әр сыныпты аяқтауы керек. Дегенмен, жылдам оқуы қалыптасқан оқушы бұл нормадан екі есеге жоғары көрсеткішке жетуі немесе төмен оқушы бұл нәтижеге жете алмауы мүмкін.Бұл көрсеткіштерге жетуге және оқу дағдысының қалыптасуына оқулықтағы тапсырмалардың рөлі ерекше.

2-кесте. 2 сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығына талдау

2 - сынып

«Алматыкітап» баспасы 2022. Авторлары: Рысқұлбекова Ә. Д, Муфтибекова З, Сейсенбаева К. Н

Оқу дағдысына берілген шартты белгілер:

  1. Оқу мен жазуға даярлық

  2. Сөздік жұмысы

  3. Ізден, тауып оқы

  4. Оқу сауаттылығына арналған тапсырма

2 - сынып оқушысының оқу дағдысының даму динамикасын оқулықтағы тапсырмалар мәтіндер негізінде көре аламыз.

4 - сабақ «Білім - кітапта» тақырыбы бойынша «Сабыр мен Сара» мәтіні 95 сөзден тұрады.

Тапсырмалар;

  1. Оқу сауаттылығын арттыру бойынша мәтінді түсінгенін не түсінбегенін анықтау үшін сұрақтар берілген.

  2. Жылдам оқу негізінде таныс және таныс емес мәтінді неше минутта оқитынын анықтау үшін кесте толтыру тапсырмасы бар.

44 - сабақ «Төрт түлігі елімнің» тақырыбы негізінде «Жер иісі» шығармасы 167 сөзден тұрады.

Тапсырмалар:

1. Болжам жасау.

2. Бағалау.

3. Оқу сауаттылығын арттыру бойынша сөйлемнің мағынасын ашу тапсырмасы берілген.

2 - сыныптың оқулығында шартты белгілердің 60% - ы оқу дағдысына негізделген.

Бірінші шартты белгі, оқу мен жазуға даярлық. Бұл шартты белгі бойынша суретке қарап әңгімелеу, түсініксіз сөздермен жұмыс және тағы да басқа тапсырмалар мазмұны бар.

Екінші шартты белгі, сөздік жұмыс. Оқушыға түсініксіз сөздер, көнерген сөздер, термин сөздерге анықтамалар осы шартты белгіде көрсетілген. Мәтіннің ішіндегі сөзді түсінуі, мағынасын білуі оқу дағдысының дамуына, соның ішінде жылдам оқуға маңызы зор.

Келесі шартты белгі, ізден, тауып оқы. Бұл шартты белгінің маңызы оқушылардың мәтінді түсінді ме, әлде жоқ па соны анықтауға көмектеседі. Мысалы, оқушы «Абылай хан» атты өлеңді оқыды, ал тапсырма ретінде Абылай ханның батырлығын сипаттаған сөзді тауып оқы деген тапсырма беріледі. Оқушының назарын аударып, оқығанына зейін қоюына арналған тапсырма.

Оқу сауаттылығына арналған шартты белгіде өлеңдегі кейіпкер ісіне баға бер деген сияқты тапсырмалар беріледі. Оқу дағдысын дамыту барысында шығарманы талдау, сыни тұрғыдан баға беру аса аңызды орынға ие.

Шартты белгілердің ішінен QR кодты уақытты үнемдеуге арналған деп толықтай айта аламыз. Бұл шартты белгіні мұғалім сыныпта, ал оқушы үйде ашып қарайды. Ішінде кішігірім түсіндірмелік бейнематериал бар. Оқушы азғантай болсын білімді үйде өздігінен ала алады. Бұл сабақта уақытты біршама үнемдеуге көмектеседі.

Оқушылардың оқу динамикасының өскендігін оқулықтағы тапсырмалардың мазмұнынан, мәтіннің көлемінен, күрделілігінен біле аламыз.

2 - сынып оқушысының оқу дағдысының даму динамикасын оқулықтағы тапсырмалар мәтіндер негізінде көре аламыз, Сабақ жоспары бойынша әр сабақтың тақырыбын уақытында меңгерген оқушы I бөлімді аяқтаған кезде-ақ үлкен нәтижеге қол жеткізеді. Мысалы, 4 - сабақ «Білім - кітапта» тақырыбы бойынша «Сабыр мен Сара» мәтіні 95 сөзден тұрады. Тапсырмалардың мазмұны оқу сауаттылығын арттыру бойынша, мәтінді түсінгенін не түсінбегенін анықтау үшін сұрақтардан : жылдам оқу негізінде таныс және таныс емес мәтінді неше минутта оқитынын анықтау үшін кесте толтыру тапсырмасынан құралған. Ал, 44 - сабақ «Төрт түлігі елімнің» тақырыбы негізінде «Жер иісі» шығармасы 167 сөзден тұрады. Тапсырмалар мәтіннен ой тұжырымдауға, бағалауға, болжам жасауға негізделген. Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау, оқиғаның өрбуіне болжам жасау тапсырмалары берілген деген сөз, бұл оқушының оқу деңгейі жоғары, мәтінді түсінеді, ойлау қабілеті жетілген дегенді білдіреді. Яғни, егер де 2 - сынып басында оқушы тек оқу, түсіну керек болса, соңында деңгейі жоғары тұлғаға айналады. Әрине, бұл жерде оқу үлгерімі, қызығушылығы, оқуға деген мотивациясы деген ұғымдарды тысқары қалдыра алмаймыз. Яғни, үлгерімі жақсы оқушы сабақ уақытысында жеткілікті деңгейде жетер болса, қалған оқушылармен қосымша жаттығулар, ойындар арқылы жұмыс жасалуы тиіс.

Тапсырмаларды мазмұнына, мағыналық жағына қарай бес топқа бөліп қараструымызға болады.

1) Оқу техникасына байланысты тапсырмалар, жалпы тапсырмалар көлемінің 25% - ын құрайды. Мәнерлеп оқы, дауыс ырғағына салып оқы, іштей оқы, жылдам оқы тағы да басқа техникаға сай түрлеріне арналған тапсырмалар легі.

2) Кейіпкердің іс - әрекетіне баға беру бойынша тапсырма, бұл сын тұғысынан ойлауға тікелей қатысты болып табылады. 2 - сынып оқулығында бұл тапсырмалар жинағы 10% - ды қамтиды. Мәтінді оқып қана қоймай, кейіпкерлердің орнында болып , сөздері мен іс - әрекетіне баға беру ой ұшқырлығын дамытады.

3) Мәтіндегі негізгі ойды анықтап ой қорыту тапсырмалары 20% тапсырма көлемінде кездеседі. Оқу дағдысының дамығанын көрсеткіші - мәтіннен ой қорыту болып табылады.

4) Тапсырмалардың ішінде ең көп кездесетіні, 30% - ды алып тұрған түсініп оқуға берілген мәтіндер. Енді оқуы мен жазуы қалыптасып келе жатқан оқушыға, бұл тапсырманың әсері көп. Күнделікті тақырыпта кезлеседі деуге болады, себебі оқушының түсініп оқуын ерте жастан бастап әдетке айналдырған жөн.

5) Мәтін бөлімдерін талдау мен тақырыпқа ат қоя білу оқушының ізденімпаздығын, сонымен қатар тапқырлығын дамытады. 15% тапсырмалар талдау мен тапқырлыққа негізделген.

1-сурет. 2 - сынып «Әдебиеттік оқу» пәнінің тапсырмаларына талдау жұмысының нәтижесі.

Зерттеу жұмысының нәтижесіне сәйкес 2 - сынып оқулығында жеткілікті деңгейде оқу дағдысына арналған тапсырма бар екендігіне көз жеткіздік. Оқу дағдысына арналған тапсырманы орныдау барысында тайм менеджмент технологиясы негізінде мынадай кеңестер мен құралдарды назарға алу керек.

1. Оқу процесінің ұйымдастырылуы. Мысалы, әрбір оқу тапсырмасына белгілі бір уақытты бөлу оқушыларға оқу барысын жүйелі түрде орындауға мүмкіндік береді.

2. Оқу дағдыларының тиімді дамуы. Оқу барысында уақытты басқаруды үйренген оқушылар мәтінді оқуда жылдамдық пен сапаны үйлестіреді. Бұл олардың оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну және талдау қабілетін жақсартуға береді.

3. Мотивацияны арттыру. Тайм менеджмент балаларға оқу процесін бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Өз нәтижелерін уақытылы орндау балаларды жетістіктерге жетуге ынталандырады, бұл олардың қызығушылығын арттырады.

4. Оқу кестесін құру. Оқушыларға әрбір күннге немесе аптаға арналған оқу жоспарын жасау арқылы уақытты дұрыс бөлуге үйрету. Бұл олардың тапсырмаларды уақытында орндауға дағдыландырады.

5. Оқуды бөліктерге бөлу. Үлкен мәтіндерді бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлікті белгілі уақыт ішінде оқып шығуға бағыттау, бұл әдіс мәтінді жақсырақ меңгеруге және ұзақ уақыт бойы назарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды

Оқу дағдысы мен тайм менеджмент ұғымдарына сипаттама мақаланың мазмұнында түсініктеме беріліп, оқылым дағдысын қалыптастырудың мәні және оқылым дағдысын қалыптастыру бағытын бойынша берілген оқу мақсаттары мен оқулық материалдарына талдаулар жасалынды. Бастауыш сынып оқушы тұлғасының бойында оқылым дағдысын қалыптастыру жылдам оқу іс-әрекетіне тәуелді болады. Жылдам оқу - мәтінді қысқа уақыт ішінде тез және тиімді оқып, ақпаратты жылдам өңдеу қабілеті болып табылады. Бұл әдіс заманауи әлемде маңызды дағдыларыдың бірі ретінде қарастырылып отыр, себебі ақпарат көлемі күн сайын артып, оған деген сұраныс та жоғарылауда. Мақалада жылдам оқудың артықшылықтары жан - жақты талданды. Біріншіден, жылдам оқу адамның оқу жылдамдығын арттырады, яғни мәтіндерді жылдам қабылдауға көмектеседі. Жылдам оқу арқылы адам ақпаратты тез оқып қана қоймай, оның негізгі мәнін түсініп, маңызды деректерді тез есте сақтай алады.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыруда тайм менеджмент технологиясын қолдану арқылы нәтижеге қол жеткізудің мүмкіндіктері:

1. Оқу мақсаттарын айқындаймыз. Оқу мақсатына қол жеткізуде оқушының қабілетін ескеріп, саралап оқыту тәсілдерін қолданамыз. Оқу мақсатына сәйкес оқушының оқылым дағдысын қалыптастыруда мәтінді оқу жылдамдығын біртіндеп ұлғайту арқылы мәтін мазмұнын түсіну, буындап оқу, түсініп оқу, бөліп оқуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолданамыз.

2. Оқылым дағдысын қалыптастыруда жаттығуларды қайта-қайта жасаймыз. Жылдам оқуды үйрену тұрақты тәжірибені қажет етеді. Күнделікті оқуға бірнеше минут арнап, әртүрлі мәтіндер арқылы оқу техникасын жетілдеміз.

3. Көз қозғалысын бақылаймыз. Көзді жолдар арасында шапшаң және мақсатты түрде жүргізу арқылы мәтінді жылдам, белгілі уақыт бойынша мәтінді оқимыз.Оқып жатқан жолға қайта оралмауға тырысамыз.

4.Жылдам оқу құралдарын пайдаланамыз. Арнайы мобильді қосымшалар мен бағдарламалар біздің жылдам оқуға деген дағдыларымызды қалыптастыруға көмектеседі. Бұл бағдарламалар оқу жылдамдығыңызды бақылап, оны арттыруға ықпал жасайды. 5.Түсінікті сақтау. Оқу жылдамдығын арттыруға тырысқанда мәтіннің мағынасын түсіну мен оны сақтап қалуды ұмытпау қажет. Жылдам оқу тек жылдамдықты ғана емес, сапалы түсінуді де қамтылуы керек.

Қорытындылай келе, жылдам оқу - уақытты үнемдеп, көп ақпаратты меңгеруге мүмкіндік беретін пайдалы дағды. Дегенмен, оны игеру үшін шыдамдылық пен тұрақты тәжірибе керек, ал ең бастысы - оқудың сапасын төмендетпей, мазмұнын түсінуді сақтау.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы.

Вожжова, Т. С. Предпосылки формирования навыков чтения у младших школьников / Т. С. Вожжова, А. Ю. Кабушко // Психология и педагогика XXI века: актуальные вопросы, достижения и инновации : Сборник статей IV Всероссийской студенческой научно-практической конференции с международным участием, Орехово-Зуево, 16 марта 2023 года. – Орехово-Зуево: Государственный гуманитарно-технологический университет, 2023. – С. 97-100.

Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. – Алматы: «Ан-Арыс» баспасы, 2019. –584 б

Болбас, Ю. В. К вопросу о формировании навыков беглого, осознанного и выразительного чтения у младших школьников / Ю. В. Болбас // Мировые научные исследования и разработки: современные достижения, риски, перспективы : Материалы XIV Международной научно-практической конференции, Ставрополь, 30 октября 2023 года. – Ставрополь: Общество с ограниченной ответственностью "Ставропольское издательство "Параграф", 2023. – С. 28-30.

Ягудова, Л. Р. Применение технологии тайм-менеджмент при формировании временных представлений младшего школьника / Л. Р. Ягудова // Молодые учёные России : сборник статей XIX Всероссийской научно-практической конференции, Пенза, 30 сентября 2023 года. – Пенза: Наука и Просвещение (ИП Гуляев Г.Ю.), 2023. – С. 86-89.

Лукашенко М.А. Тайм-менеджмент для руководителя [Электронды ресурс]: журнал «Психология для руководителя» / http://www.improvement.ru/zametki/lukashenko/ruk.htm

Аболенина, Т.И. Тайм-менеджмент в самовоспитании младшего школьника / Т.И. Аболенина // Молодой ученый. - 2016. - № 7.6 (111.6). - С. 3-5.

Subramanian A. (2016). "Time Management and Academic Achievement of Higher Secondary School Students." International Journal of Research Granthaalayah, 4(12)SE, 6-15. https://doi.org/10.5281/zenodo.230852.

Rubinsteim, J., Meyer, D. & Evans, J. (2001). Executive control of cognitive processes in task switching. Journal of Experimental Psychology - Human Perception and Performance, 27(4), (p.763-797). https://doi.org/10.1037/0096-1523.27.4.763

Светловская Н.Н. Наука становления личности средствами чтения-общения: Словарьсправочник. – Москва: Экон – Информ, 2011. – 78.

Чемерилова И.А.Иванова Е.К Использование технологий тайм-менеджмента в формировании умений самоорганизации у младших школьников // 2019 URL:https://cyberleninka.ru/article/n/ispolzovanie-tehnologii-taym-menedzhmenta-v-formirovanii-umeniy-samoorganizatsii-u-mladshih-shkolnikov

Г. И, Уайсова, Г. Т. Сәдуақас, А. С. Бесірова. Ана тілі. Алматы: «Атамұра» баспасы. 2021. - 144 бет.


References

«Zhalpy bіlіm beru ұjymdaryna arnalғan zhalpy bіlіm beretіn pәnderdің, bastauysh, negіzgі orta zhәne zhalpy orta bіlіm deңgejlerіnің taңdau kurstarynyң үlgіlіk oқu baғdarlamalaryn bekіtu turaly» Қazaқstan Respublikasy Oқu-aғartu ministrіnің 2022 zhylғy 16 қyrkүjektegі № 399 bұjryғy.

Vozhzhova, T. S. Predposylki formirovanija navykov chtenija u mladshih shkol'nikov / T. S. Vozhzhova, A. Ju. Kabushko // Psihologija i pedagogika XXI veka: aktual'nye voprosy, dostizhenija i innovacii : Sbornik statej IV Vserossijskoj studencheskoj nauchno-prakticheskoj konferencii s mezhdunarodnym uchastiem, Orehovo-Zuevo, 16 marta 2023 goda. – Orehovo-Zuevo: Gosudarstvennyj gumanitarno-tehnologicheskij universitet, 2023. – S. 97-100.

Orazbaeva F.Sh. Tіldіk қatynas. – Almaty: «An-Arys» baspasy, 2019. –584 b

Bolbas, Ju. V. K voprosu o formirovanii navykov beglogo, osoznannogo i vyrazitel'nogo chtenija u mladshih shkol'nikov / Ju. V. Bolbas // Mirovye nauchnye issledovanija i razrabotki: sovremennye dostizhenija, riski, perspektivy : Materialy XIV Mezhdunarodnoj nauchno-prakticheskoj konferencii, Stavropol', 30 oktjabrja 2023 goda. – Stavropol': Obshhestvo s ogranichennoj otvetstvennost'ju "Stavropol'skoe izdatel'stvo "Paragraf", 2023. – S. 28-30.

Jagudova, L. R. Primenenie tehnologii tajm-menedzhment pri formirovanii vremennyh predstavlenij mladshego shkol'nika / L. R. Jagudova // Molodye uchjonye Rossii : sbornik statej XIX Vserossijskoj nauchno-prakticheskoj konferencii, Penza, 30 sentjabrja 2023 goda. – Penza: Nauka i Prosveshhenie (IP Guljaev G.Ju.), 2023. – S. 86-89.

Lukashenko M.A. Tajm-menedzhment dlja rukovoditelja [Jelektrondy resurs]: zhurnal «Psihologija dlja rukovoditelja» / http://www.improvement.ru/zametki/lukashenko/ruk.htm

Abolenina, T.I. Tajm-menedzhment v samovospitanii mladshego shkol'nika / T.I. Abolenina // Molodoj uchenyj. - 2016. - № 7.6 (111.6). - S. 3-5.

Subramanian A. (2016). "Time Management and Academic Achievement of Higher Secondary School Students." International Journal of Research Granthaalayah, 4(12)SE, 6-15. https://doi.org/10.5281/zenodo.230852.

Rubinsteim, J., Meyer, D. & Evans, J. (2001). Executive control of cognitive processes in task switching. Journal of Experimental Psychology - Human Perception and Performance, 27(4), (p.763-797). https://doi.org/10.1037/0096-1523.27.4.763

Svetlovskaja N.N. Nauka stanovlenija lichnosti sredstvami chtenija-obshhenija: Slovar'spravochnik. – Moskva: Jekon – Inform, 2011. – 78.

Chemerilova I.A.Ivanova E.K Ispol'zovanie tehnologij tajm-menedzhmenta v formirovanii umenij samoorganizacii u mladshih shkol'nikov // 2019 URL:https://cyberleninka.ru/article/n/ispolzovanie-tehnologii-taym-menedzhmenta-v-formirovanii-umeniy-samoorganizatsii-u-mladshih-shkolnikov

G. I, Uajsova, G. T. Sәduaқas, A. S. Besіrova. Ana tіlі. Almaty: «Atamұra» baspasy. 2021. - 144 bet.



Сархан Роза Куанышкызы1, Куанышбаева Зауре Бекеновна2

1Магистрант, 2к.пед.н.

1,2 Южно-Казахстанский педагогический университет имени Озбекали Жанибеков, Кафедра «Методика начального обучения». Шымкент/Казахстан.



Эффективность использования технологии тайм менеджмента при формирования навыков чтения у младших школьников

Аннотация. Одним из четырех навыков, которые должны быть сформированы в начальной школе, является навык чтения. Тайм менеджмент необходимость в формировании навыков чтения учащихся начальных классов в соответвии с методикой формирования увеличивается. В статье рассматривается важность формирования учебного навыка и навыка быстрого чтения у учащихся на основе технологии тайм менеджмента. Даны определения и пояснения понятий «навык чтения» и «тайм менеджмент». В содержании статьи рассматривается эффективность формирования навыка чтения учащегося с испоьзованием технологии тайм менеджмента. Предложены методики, которые помогают ученикам начальных классов быстро реагировать в зависимости от времени и формировать навык чтения. В направлении развития навыка быстрого чтения проведён обзор учебных целей и учебников, связанных с наыком чтения в типовой учебной программе начальных классов. Методические материалы не только способствуют развитию быстрого чтения ученика, но и предоставляют ценную информацию о понимании содержания текста, анализе, учебно - познавательных фунциях и развитии кругозора. Например, в статье описывается методика преобразования заданий по навыку чтения из учебника по предмету «Литературное чтение» для 2 класса с учеторм уровня ученика и их реализции через методику тайм менеджмента. Возможности применения технологии тайм менеджмента для достижения качественного образования и систематической работы учителя являются основой исследуемой проблемы.

Ключевые слова: тайм менеджмент, технология, начальный класс, чтение, фунциональная грамотность, навык, скорочтение, техника чтения.



Sarkhan Roza Kuanyshkyzy1, Kuanyshbaeva Zaure Bekenovna2

1Master’s student, 2Candidate of pedagogical Sciences

1,2 South Kazakhstan State Pedagogical University named after Ozbekali Zhanibekov, Department «Methods of primary education» Shymkent/Kazakhstan.



The effectiveness of the use of time managment techlogy in the formation of reading skills of Primary School students.


Abstract. One of the four skills that should be developed in primary school reading skills. The necessity of forming reading skills in primary school students according to time management methodology is increasing. The article discusses the importance of developing both learning skills and speed reading skills in students based on time management technology. Definitions and explanations of the concepts «reading skill» and «time management» are provided.The content of the article examines the effectiveness of forming a student’s reading skill using time management technology. Methodologies are proposed that help primary school students respond quickly depending on time and develop their reading skills. A review of educational goals and textbooks related to reading skills in the typical primary school curriculum has been conducted in the context of developing speed reading skills. The methodological materials not only contribute to the development of students speed reading but also provide valuable information on understanding the content of texts, analysis, educational and cognitive functions, and the expansion of horizons. For, example , the article describes a methodology for transforming reading skill tasks from the subject «Literary Reading» for the 2nd grade, taking into account the student’s level and their implementation throgh time managment technology. The possibilities of applying time management technology to achieve quality education and the systematic work of teachers are the foundation of the research problem.

Keywords: time management, technology, elementary grade, reading, functional literacy, skill, speed reading, reading technique.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.08.2025
151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі