Материалдар / Сынып сағаты 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сынып сағаты 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Әке -отбасы тірегі атты өткізген сынып сағаты өзім сияқты ұстаздар қауымының қажетіне жарап қалар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
559
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 24.11.2017ж

Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Салықова Гүлбарам Аққалиқызы



Сынып сабақ тақырыбы: «Әке – отбасының тірегі»

Мақсаты:1)Балаларға отбасының ұйытқысы,негізгі тірегі әке екенін түсіндіру

2) Әкені пір тұтуға,адамгершілікке,әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы (сынып оқушыларының тәрбие сағатына дайындықтарын қадағалау)
ІІ.
Кіріспе.
ІІІ. Әдеби - монтаж.
ІҮ. «Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)
Ү. Әкелерге балаларына байланысты сұрақтар қою.
ҮІ. «Әке мен бала» (көрініс)
ҮІІ. Қорытынды
Мұғалім сөзі: «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке – отбасы тірегі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілеймін.
1 - оқушы: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған
Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.
2 - оқушы: Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
3 - оқушы: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін.
4 - оқушы: Есімде бейнесі әкемнің,
Күлімдеп маған қарайтын.
Мен саған талпынсам,
Құшағын жая сап көтеріп алатын.
Ән: «Әке туралы жыр»
5 - оқушы: Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге –
Ақ тілеуі әкенің.
6 - оқушы: Әр сөзінің ақырын,
Жақсылыққа тірейді.
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейді.
7 - оқушы: Атамның ән - күйі ғажайып,
Әжемнің әлдиі ғажайып.
Анамның мейірімі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
«Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)

Айнамкөз: «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз. Мен сізден көп тәрбие алдым. Сіздің бақытты аман - сау болуыңызды тілеймін. Сізге мына өлең шумақтарын арнаймын.
Сізсіз әке - ең ақылды, ең шыншыл,
Сізсіз әке - ең жақыным, ең сыршыл.
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің,
Жанымдасың, қамқорымсың білемін.
Қабыл алғын бала – жүрек тілегін..
8-оқушы.
Сүйенер сенсің тірегім.
Барсам да қайда, жан әке,
Өзіңмен бірге жүрегім.
Көрініс: «Әке мен бала»:
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем.
Балалардың тілегі тыңдалады.
Қорытынды (үйде әкелерге арналған сыйлықтар тапсыру)
Үйге тапсырма беру: Бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлерін, өз ойларын жазып келу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!