Материалдар / Сынып сағаты 2-сынып "Менің Отаным - Қазақстан"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сынып сағаты 2-сынып "Менің Отаным - Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Менің Отаным - Қазақстан" Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2021
391
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№3 арнайы мектеп" КММ















Тақырыбы: "Менің Отаным - Қазақстан"

(сынып сағаты)








Сынып жетекшісі:Амиргазина М.О


















2021 оқу жылы


Сынып сағаты

Менің Отаным - Қазақстан.

Тақырыбы:  Менің Отаным - Қазақстан.

Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация, глобус.

Сабақ барысы: Сабақ еліміздің  әнұранымен басталады.

Мұғалім:  Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!

Мұғалім:  -Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)

Балалар: -Дөңгелек шарға!

Мұғалім:  -Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?

Балалар: Мұхиттар, көлдер, өзендер.

Мұғалім:  -Ал сары түс ше?

Балалар:-Мемлекеттер мен елдер!

Мұғалім:  -Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?

Балалар:-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.

Мұғалім:  -Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?

Балалар:-Қазақстан!

Мұғалім:  -Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз!   Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық.  Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,  жері кең,  байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет.  Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?

(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)

Мұғалім:   Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан  туралы  тақпақтарды айтып еске түсірейік.

 

1. Айасыл

Менің елім Қазақстан

Бар ғой онда бәрі де:

Өзен де бар, көл де бар,

Орман да бар, тау да бар,

Жайнаған сансыз қаласы бар,

Жайқалған жомарт даласы бар.



2. Али

Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Мұғалім:    Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

« Отан –елдің анасы».

« Отан – оттан да ыстық»

Мұғалім:    Жарайсыңдар, балалар.   Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Нұр-Сұлтан жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету)

(Балалар жауабы)

Тақпақ: 

Астана – арман қала

Астана – сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында.

Мұғалім:   -Балалар, әр мемлекеттің өз президенті  және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім? 

Балалар: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Мұғалім:Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мұғалім:   -Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, әнұран  жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

         Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

           Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов.

Мұғалім:    Қане бәріміз орнымыздан тұрып әнұранымызды орындайық

 

«Әнұран»

Мұғалім:   Жарайсыңдар, балалар. Ал енді балалар, біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл болады?  (балалар жауабы: мемлекеттік тіл – қазақ тілі).

Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)

 

Мұғалім:    Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

 Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына салынған картаға  өз тілектеріңді тілеп, қолдарыңның ізін қалдырасыңдар. (Балалар дайын бояуға қолдарын батырып, карта ортасына алақандарын қойып тілектерін білдіреді)

Қорытынды:Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын! Енді осы Отанымыздың адал азаматы болу үшін не істеуміз керек? (Балалардың жауабы) Жарайсыңдар балалар, өте жақсы қатыстыңдар сабаққа!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!