Нұржау жалпы орта мектебі
СЫНЫП САҒАТЫ
Тақырыбы: «Әдептілік-адамгершілік белгісі»

3 «Ә» сынып
Өткізген: Касанова Жадра Беймбетовна
2021 жыл
Бекітемін
Директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
_______________ С.Габбасова
«_____» __________ 2021 жыл
Күні: 28.10.2021
Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-адамгершілік белгісі.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
ә) Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
б ) Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бүгінгі 5 сынып оқушыларының қатысуымен өткелі отырған «Әдептілік-адамгершілік бастауы» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2. Психологиялық дайындық.
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн. «Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені» деп бабаларымыз айтып кеткен екен, олай болса бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп алайық! Сәлемдесе отырып, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. «Жүректен жүрекке» ойыны:
-Денің сау болсын!
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Отаныңның баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
-Әжеңнің шуағы бол!
-Атаңның ұрпағы бол!
–Өнерлі бол!
-Өнерің өрге жүзсін!
-Нұр жаусын!
-Мерейің үстем болсын!
-Ұстаздар, білім беріп, жақсылыққа тәрбиелегендеріңіз үшін рахмет!
Мұғалім:
-Міне, балалар, бір-бірімізге денсаулық тілеп, жақсылық жасасақ, ол өзімізге жақсылық болып оралатындығына сенім білдіремін!
-Енді, бүгін біздің жиналу себебіміз-мектебімізге еліміздің шалғай Шығысындағы Әдептілік қаласында тұратын Адамгершілік атамыздан хат келді. Хатты оқып берейін:
-Қымбатты, Нұржау жалпы орта мектебі! Менің қаламда әдепті балалар арасында сайыс өткелі жатыр! Сол сайысқа қатысуға бәрінен де әдепті, тәрбиелі, тәртіпті оқушыларыңызды шақырамын! –депті.
-Мектеп ұжымы ақылдаса келе, біздің 3 сыныпты жібергелі отыр екен. Олай болса, мектебіміздің ең әдепті ұландары екендігімізді дәлелдейік! Жолға шықпастан бұрын, ұстаздарымыздың рұқсатын алайық. Ол үшін барлығымыз бірге «Ұстазым» әнін шырқап, сәт сапар тілейік.
(Барлығы хормен орындайды.)
-Мінекей балалар, ұстаздарымыздың ақ тілегімен жолға шықтық! Еліміздің ең шетінде орналасқан Әдептілік қаласына жету үшін бірнеше күн жүреміз. Қолымыздағы картадан көріп отырғандарыңыздай, осы аралықта біз көптеген қалалар мен елді-мекендерге тоқтап, аялдайтын боламыз. Адамгершілік атамызға жеткенше, әрбір қаланың тілек-талабын орындай отырып, бойымыздағы асыл қасиеттерімізді одан әрі тереңдетейік.
-Алғашқы елді-мекен «Имандылық» қаласына жеткенше мына суреттерге назар аударайық. Суреттерден қандай жақсы қасиеттер жаман әдеттерді көріп тұрсыңдар? Өздерің ойланыңдаршы әдепті бала қандай болады? Әдепсіз бала қандай болады? (Сурет бойынша 3-4 оқушы сөйлейді).

-Әдептілік туралы пікір жарыстырып болғанша, «Имандылық» қаласына да келіп жеттік. Қаланың кіреберіс маңдайшасында «Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды» деген жазу бар екен. Олай болса, «Имандылық дегеніміз не? Иманды адам деп қандай адамды айтамыз? Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды дегенді қалай түсінесіңдер?»
- Әдептіліктің тағы бір бастауы – ол Имандылық. Имандылық – адамның күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.
- Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.
- Иманы берік адам-Отанын ешқашан сатпайды. Отанға адалдық-Имандылықтың белгісі.
Мұғалім:
Ойын «Жалғасын тап». Балалар, мен мақалдың бірінші жолын оқимын, сендер жалғасын табасыңдар.
(экраннан көрсету)
-Ұқыптының тоны тозбас
............................................
(ұқыпсыздың ісі оңбас)
-Әдептілік белгісі
..............................
(Иіліп сәлем бергені)
-Сәлем түзелмей,
............................
(Әлем түзелмейді)
-Аға әдепті болса
................................ (іні әдепті)
-Әдепті бала ата-анасын мақтатар
........................................................
(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
-Ана әдепті болса
...............................
(қызы әдепті)
-Жарайсыңдар, балалар! Міне екінші қаламыз «Абай ата» қаласына келіп жеттік. Қаланың ұраны – «Адам болам десеңіз». Ендеше, Абай атамыздың «Адам болам десеңіз» өлеңін кім біледі. (Бір оқушы айтып береді).
-Жарайсыңдар балалар, Абай атамыз айтып кеткендей, бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болуымыз керек екен.
Адам болам десеңіз.
Бес асыл іс бес дұшпан іс
Талап Өсек
Еңбек Өтірік
Терең ой Мақтаншақ
Қанағат Еріншек
Рахым Мал шашпақ
-Жарайсың! Енді келесі қалаға жеткенше ән айтып барайық.
- Үшінші қаламызға да келіп жеттік. Ол-«Ұлыдан ұлағат» қаласы. Бұл қаланың ұраны – «Атаның сөзі-батаның көзі». Ұлы ойшылдарымыз бен ғұламаларымыз ұрпақтарына өсиет етіп, ұлағатты сөздер айтып кеткен екен. Бұл қаланың тілегі, қонақкәдесі үшін - адам бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман әдеттер туралы қанатты сөздерді айтып шығайық.
Оқушылар әдептілік пен әдепсіздік туралы қанатты сөздер айтады.
1.Тәрбиелі – тәртіптің құлы,
Тәртіпті – елдің ұлы.
2.Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
3.Имансыздың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілік болмайды.
4.Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп
5.Адалдық-өмірден қымбат.
6.Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан,
Анық төмен болмай ма хайуаннан!
Ынсап, рақым, ар-ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағанннан.
7.Кішілік пен кісілік – ұлылықтың белгісі.
8.Қарапайымдылық - жасыл алқап,
Адамгершілік онда өскен гүл сияқты.
9.Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі.
10.Жақсы кісі көрінер жыл құсындай
Жаман адам балтаның ұңғысындай
-Жарайсыңдар, балалар, бұл қаланың да қонақкәдесін орындадық. Енді жолға шығайық. Мінекей, Әдептілік қаласына да жетіп қалыппыз. Адамгершілік атамызға жеткенше, ән айтып барайық.
-Мінекей, «Әдептілік» қаласына да келіп жеттік. Адамгершілік атамыздың бізге берер тапсырмасын тыңдайық.
- Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер! Бұл сөздер адамға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Осы тыйым сөздерді білесіңдер ме?
-Оқушылар тыйым сөздерді рет-ретімен айтып шығады.
Дастарқанды, тамақты баспа.
Кісі мініне күлме, кемтарға күлме.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Үй айнала жүгірме.
Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Босағаны керме, құшақтама.
Табалдырықты баспа, отырма.
Үйді сабама, малды басқа сабама.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
Адамға қарап түкірме, есінеме.
Ата-анаңа қарсы келме.
Дініңді, ұлтыңды, арыңды сатпа.
Аманатқа қиянат жасама.
Дастарқанды, тамақты, ыдысты аттама.
Пышақты, қаруды, балтаны, қамшыны аттама.
Бүйіріңді, жерді, иегіңді таянба.
Шашыңды жайма, бетіңді баспа.
-Атамыздың тапсырмасын орындадық. Енді атамызға жеткенше қалалардан көрген үлгі-өнегемізді, үйренген тәлім-тәрбиемізді атамызға айтып берейік.
-Иә, балалар, бүгін қаламызда ауа райы күрт өзгеріп, таңертеңнен бері «Әдепсіз бала» атты бұлт қабағын түйіп, жаңбырын төгіп тұр. Бұлтты сейілтіп, «Әдепті бала» атты күнімнің шуағын шашуға көмектесіңдерші.
-Олай болса, балалар, мына тақтада жақсы және жаман қасиеттер жазылған сөздер берілген. Сол сөздерден жақсы және жаман қасиеттерді бөліп алып, бұлтты сейілтіп, күннің шуағын көрсетейік.
-Осымен сынып сағатымыз аяқталды, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Ұқыптының тоны тозбас

Әдептілік белгісі
..............................
-Сәлем түзелмей,
............................
Аға әдепті болса
................................
Әдепті бала ата-анасын мақтатар
.......................................
Ана әдепті болса
...............................
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сынып сағаты 3 сынып

шағым қалдыра аласыз