400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты. №7 мектеп-гимназиясы КММ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағатына қолдануға арналған қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сынып: 7 Б

Күні:6.02.2020ж

Пән мұғалімі:Рахымберлина Қ.О


Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Балаға жүрек жылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін мақсаттар (оқу бағдарламасына сілтеме)

Қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық, әдептілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар мынаны үйренетін болады: Оқушылар арасында бір- бірімен жақсы қарым-қатынас жасайды.

Оқушылардың көп бөлігі мынаны үйренетін болады: Қайырымдылық, мейірімділік, қамқордық жасауды біледі.

Кейбір оқушылар мынаны үйренетін болады: Дұрыс сөйлеу мәдениетін үйренеді.

Бағалау критерийі

Топта, жұпта жұмыс жасап, өз пікірлерін айта алады.

Өз ойын нақты жеткізе біледі және тіл туралы өлең жолдарының мағынасын таниды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Берілген мәтіннің негізгі бөліктеріне өз көзқарасын білдіреді және пікірталасқа түседі. Бірлескен оқуда ақпаратты талдайды, өз сөзімен айтады.

Тақырыпқа қатысты сөздік қор мен терминдер:

шынайы өмір

Құндылықтарды дарыту

Бір-біріне құрметпен қарау, біріне-бірі көмек көрсету, жауапкершілікті сезіну

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған жұмыстар


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин






















Сабақтың ортасы

30 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Өзaрa сәлемдесу. Оқушылaрды түгендеу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.

Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылaрғa психологиялық aхуaл орнaту мaқсaтындa қолдaну. Оқушылaр ортaғa шығып шеңбер құрaды.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Жіпті бір- біріне лaқтыру aрқылы өрмекші торын жaсaйды. Бір – біріне тілек aйтaды.

ҚБ: «Шaпaлaқ» әдісі

Топқа бөлу:

Жүрек стикерлер арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады

1 Қамқорлық тобы: 

2.Мейірімділік тобы: 

3. Кішіпейілділік тобы: 

4. Сыйластық тобы.

"Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды" – дейді дана Абай. Ия, адамның ең аяулы жері – жүрек. Ең тазасы да сол. Жүрек бәрін басқаратын мүше. Адам баласының денесіндегі қан айналымы жүрек арқылы жүзеге асады. Одан бөлек, ол – ең нәзік, ең сезімтал. Бұл туралы талай аңыз-әңгімелер естіп жүрміз. Балаға деген қайырымдылық – мейірімділікте жылы жүректен көрініс табады. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі ретінде құрылған
«Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті

Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда.

Тапсырмалар

1.«Кім жылдам?» Сұрақтарға жылдам жауап беру.
1. Анаңның анасы саған кім? (әже)
2. Оң аяқ, сол аяқ, Кезек оны тебеді. (доп)
3. Бала тәрбиесі (бесіктен)
4. Жеті күн. (апта)
5. Мектептегі екінші анаң. (ұстаз)
6. Бірлік болмай (тірлік) болмас.
7. Тілі жоқ өзінде, Сөзі бар өзінде. (қалам)
8. Сүттен жасалатын тағам. (ірімшік)
9. Қабат, қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап)
10. Үйреткен ілімді қырық екі білімді. (әліппе)
11. Жұмыс бізді үш жамандықтан құтқарады? (ауырудан, жоқшылықтан, зерігуден)
12. Жақсыдан үйрен - жаманнан (жирен)
13. Білім ордасы не? (мектеп)
14. Халықпен халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)
15. Бала тілі - (бал)
16. Үлкенге құрмет - кішіге (ізет)

Қ.Б.Балалардың жауабын талқылап өзім бағалаймын. 2. Тапсырма. «Кім көп сөз табады?» ойының ойнайтын боламыз. Тақтада дөңгелек фигуралардың ішінде жақсы және жаман адамның қасиеттеріне байланысты сөздер буындарға бөлініп жасырылған. Сіздер сол жасырылған сөздерді табуларыңыз қажет. Ойын шарты түсінікті болса онда бастайық, қане қайсы топ көп сөз табады екен.


Сергіту сәті. Әуен ойналады

Мен әуенді қосқан кезде бәріміз жүрегіміздегі сиқырлы әлемге аттанамыз. Біздің жүрегімізде кішкентай адам өмір сүреді. Оның аты да дәл сендердікіндей. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, оның қалай соғып тұрғанын сезініңдерші (тыныс алу). Ол біздің жүрегіміздің ішіндегі «Мен осындамын», «Мен сенімен біргемін» — деп тұрған кішкентай адам ғой. Оған өздеріңнің күлкілеріңді сыйлаңдар. Жүрегіміздегі кішкентай адам әрқашанда бізбен бірге болады. Жүрегіміз бізге тек ақыл мен жақсы сөздер айтатын болады. Себебі, оны тек біз өзіміз ғана ести алатын боламыз. Жүректеріңе іштей рахмет айтыңдар. Ол сендердің ризашылық сөздеріңді естісін. Сездіңдер ме, ол одан да бетер қатты соғып кетті. Олар бізді естігенін білдіріп жатыр. Осы сәтті естеріңе сақтаңдар!

  • Енді көздеріңді аша қойыңдар. Қолдарыңды жоғары, содан кейін екі жаққа

созыңдар. Терең дем алыңдар.

  • Міне, тамаша!

3.Тапсырма

«Балаларға жүрек жылуы» бүгінгі сабақ бойынша плакатка жазып қорғау.

Топтар бірін-бірі бағалайды.



Өз ойларымен бөліседі.


Жіп.












Топқа бөлінеді, тілектерін жазып, айтады.



Әңгімені мұқият тыңдайды, топта талдап, өз ойларымен аяқтайды.











Ақ қағаз, маркер






















Сабақтың соңы

5 минут


Кері байланыс

«Ашық микрофон» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады

https://infourok.ru/internetsiz-bir-kn-klastar-3027812.html
























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.09.2020
796
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі