400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты " Берекелі алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға көмегі болар деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз!» мерекелік ертеңгілік

Мақсаты: Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастырып, табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету. Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге үйрету.

Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасында «Берекелі алтын күз!» тақырыбы түрлі түсті жапырақпен әшекейленеді. Музыка әуенімен ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Мұнда назар салайық

Мерекесі халықтың.

Алтын күзге арналған

Ертеңгілікті бастайық.

Қарсы алайық бәріміз,

Қырдан келіпті қыдырып,

Алтын күзге нұр төгіп.

Армысыздар қадірлі қонақтар, бүлдіршіндер! Бүгінгі берекелі де ырысты «Берекелі алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Олай болса, бүгінгі мерекеге келген «Балапан» тобын қошеметпен қарсы алайық.

Кіріс биі: Балалар екеулеп жұппен кіреді. Музыка ырғағымен би билейді. Орындарына отырады.

Жүргізуші: Бұлттар төніп, жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады

Шөп сарғайып өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойнай алмай,

Денең мұздап тоңады

Өрік, алма, шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз

Дүкендерге түседі

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Жапырақтардың түсі қандай?

Күзде ауа райы қаңдай болады?

Балалар: жауаптары

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар күз мезгілінде болады. Олай болса «Алтын күз» атты әнімізді тарту етейік қабыл алыңыздар.

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші: Ал балалар, балалар,

Енді бері қараңдар

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші

Олай болса Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. Әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді.

Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар

Сыйлығына қаныңдар.

Молшылыққа кенеліп,

Шаттық әнге салыңдар

Өздерің бүгін әдемі болып кетіпсіңдер. Сендердің өнерлеріңді көру үшін келдім.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырған халқын күз.

Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекеніі тойлайық.

Күзгі байланысты тақпақтар:

Қабылбек Айдана: О, алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Сапырды дән алтын күз

Сабан тойы салтымыз

Бөкейханов Омар: Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Сонда бізге

Қызық көп күзді.

Сакенова Надира: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Оспанов Мирас: Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз



Елеусизов Амир: Алқаптан бидайды,

Қоймаға ел жинайды

Тырнасы тізілген.

Ұнтамын күзді мен

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар! Кәне бірге ән айтайық. (Шу шу)

Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Сиқырлайды. Қолшатырды айналдырам, қыздарды күзгі жапырақтарға айналдырам!

Жүргізуші: Би «Жапырақтар»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Маған өнерлерін ұнап жатыр.

Жүргізуші: Әрі қарай олай болса тақпақтарға кезек берейік.

Жолдасбекова Дамира: Алтын, сары, қызыл көк,

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Муратбек Төреали: Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала бай дала

Алтын астық айнала

Жумадулла Мұхаммед: Күздің қазан айында

Алма алмұрт піседі,

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр сыдыр түседі

Ануар Омар: Алақай, алақай

Шаттанды балақай,

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, байқадыңдарма осы айтылған тақпақтарында жыл мезгілдерінің ішінде күз мезгілі қандай ерекше екені байқалады.

Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ сары алтын

Айналаның бәрі алтын.

Осы кезде жауған жаңбырдың музыкасы қойылады. Балалар естіп тұрсыңдарма бұл ненің дыбысы?

Балалардың жауабы: Жауған жаңбырдың дыбысы.

Ойын: Жапырақ жинау.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, қол соғып келесі кезекті ұлдардың орындауында «Саңырауқұлақ» биін тамашалаңыздар.

Күз ханшайымы: балалар сендермен болғаныма қуаныштымын. Енді мен кетейін.

Жүргізуші:Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып

Сау болыңыдар қонақтар

Келгенше жыл айналып.

Міне құрметті балалар «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қараша
1772
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі