Сынып сағаты " Шуағын шашқан - "Аялы алақан" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты " Шуағын шашқан - "Аялы алақан" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Қайырымдылық - адам жанының нұры

Мақсаты: оқушыларға қайырымдылық туралы түінік беріп, олардың бойында жанашырлық , қайырымдылық сезімдерін дамыту.

Міндеттері;

- оқушыларға қайырымдылық, жанашырлық ұғымы туралы түінік беру;

- оқушылардың бойындағы сезімталдық, қамқорлық, жанашырлық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

- оқушыларды ниеттес, тілектес, сыйлас болуға тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: АКТ, оқулық, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:

I. Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі

Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз

II. Сыныпты топқа бөлу. (“Қайырымдылық”, “Мейірімділік”, “Жанашырлық”)

III. Негізгі бөлім.

Тыныштық сәті

Балалар көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, қайырымдылық пен ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісі аңқыған көгінде күн күлімдеп, әлемге жылы шуағымен, мейірімділік шашуда. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Себебі , бұл жердегі тіршілік атаулының барлығы бір-біріне мейірімділікпен назар аударады. Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан-дүниемізді осы жақсы сезімге толтыруда. Ал енді балалар осындай жылы сезімді жүрегімізге орнатып, мәңгі есімізге сақтаған қалпымызбен, терең дем аламыз, көзімізді ашамыз. Адамдар осы әлемдегідей бір-біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап, қайырымдылық жасап жатса, қандай жақсы болар еді.

Ой шақыру:

Балалар, осы көрініс арқылы жан-дүниемізде қандай өзгерістерді сезіндік?

Бұл сиқырлы әлемнен біз қандай нұрды алып келдік?

Мейірімділік деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

«Қайырымдылық», «жанашырлық» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім сөзі:

Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

Қайырымды, мейірімді адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайды.

2. Ойын «Күн көзін бұлттан ашу»

1-ші бұлттың тапсырмасы: Мәтінмен жұмыс

«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.

Айдос мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..

1. Мәтін мазмұнына байланысты оқушылардың пікірін тыңдау.

Сұрақтарға жауап беру.

Баланың қайырымдылығы неде ?

Өзің Айдостың орнында болсаң не істер едің? деген сұраққа жауап алу.

2-ші бұлттың тапсырмасы :

Дәйексөз

Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.

Сара Алпысқызы

3-ші бұлттың тапсырмасы

Видео роликті көріп, өз ойларын айтып, әңгімелеу.

4-ші бұлттың тапсырмасы.

Топтық жұмыс

1-топ Қайрымдылыққа пластер құру

2-топ Ең мейірімді жан кім деп ойлайсың?- өз ойын жеткізіп айту.

3-топ Мен қоршаған ортаға қандай қайырымдылық жасай аламын?

Мінеки, балалар, сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.

Күн көзі бүкіл әлемді өзінің жылы шуағымен аялап, ғасырдан –ғасырға жеткізуде адам баласы бір-бірін аялап қадірлеп, қиналған сәттерінде қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екендігін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық. Бір - бірімзді қадірлей білуіміз керек.

Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.

Жүректен - жүрекке

Күн

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім,

Мен үшін жоқ уағың,

Бәріңе ортақ шуағым.

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым

Бәріміз нұрлы күн секілді қоршаған ортамызға , достарымызға, барша әлемге жақсы тілегімізді арнайық.





















Алматы облысы

Қаратал ауданы

С. И. Морозов атындағы №51 орта мектеп -гимназиясы



Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»





Бастауыш сынып мұғалімі :Ишамбаева А.Қ















Үштөбе қаласы 2015 ж



















Пәні: өзін- өзі тану

Күні:

Сыныбы:4а сынып

Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастығын мәнділігін түсіндіру;

-жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

-қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көренкі құралдар: оқулық, дәптер, плакаттар, жабыстырма қағаздар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

- Сәлемесіңдер ме, оқушылар! Сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Күнге ұқсап түра қалайық.

Қуанамын менде

Қуанасын сенде

Қуанайық дастарым

Арайлап атқан күнге!

- Ең алдымен көңіл күйіміді көтеріп алайық.

- Бір бірімізбен сәлемдесу үшін жұп-жұп болып тұрақалайық.

(Балалар бір біріңізге жақсылық сыйлаңдар, ол үшін айтқанымды қайталаңдар. Алақан –алақанға, алақан алақанмен сәлемдесейік иық-иыққа иықпен сәлемдесейік, арқа-арқаға, аяқ-аяққа, құлақ-құлаққа, мұрын-мұрынға) Көңіл күйіміз көтерілдіме? Тамаша!

Тыныштық сәті (баяу әуенмен)

-Балалар, өзімізді еркін ұстаймыз. Бір сәт тыныштықта отырамыз. Біраз қиялға шомыламыз.

-Балалар, сендер өздеріңді бір үлкен бұлттың ішінде өмір сүретін тамшылар түрінде елестетіп көріңіздерші. Бұл кішкентай тамшылар өте көңілді, әр қуанышты барлығына жақсылық жасайтын су тамшысы болған қандай жақсы. Сендердің



әрқайсысыларың кішкентай сыйқырлы тамшыдан, жаны жақсылыққа толы



балаларға айналып сыныпқа қайта оралдыңдар. Көздеріңді жаймен ашыңдар.

Әңгімелесу

-Не елестетесіңдер?

-Не көрдіңіздер?

Оқушы: Мен жаңағы сіз айтқандай, саябақтарды, бақтарды гүлдерді суарып жер ананы құрғаудан аман алып қалдым.

Оқушы: Сіз айтқандай, тамшы болып көлдері, өздеріңді, мұқиттарды толтырып отырдым.

-Жақсылық жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

Оқушы: Мен жақсылық жасау дегенді үлкендкрге көмектесіп, кішілерге ізет көрсетіп, қиын жағдайда басқаларға көмек көрсету деп түсінем.

Оқушы: Әрдайым жақсылық жасағаннан кейін жақсылығыңның ақысын сұрама бәрібірде саған қайтып келеді.

Оқушы: Мен жақсылық жасауды, кішілерге қамқор жасау, қарт кісілерге көмектесу кішкентайлардың көңілін қуанту деп түсінемін.

Оқушы: Жақсылық жасау дегеніміз – қоршаған ортаны ластамау, гүлдерді әрқашан суарып жүру керек деп ойлаймын.

-балалар, дұрыс айтасыңдар. Жақсылық жасау дегеніміз – тек қана адамдарға емес, қоршаған ортаны , айналаны барлығына қамқор көрсету, қайырымды болу. Егер адамдар бір-біріне жиі-жиі жақсылық жасай білсе, әрқашанда дос, бауыр болады. Бір-бірін сыйлап жүреді.

Дәйексөз (Тақтаға Ы.Алтынсарин нақыл сөзі ілінеді)

«Біреуге жақсылық етсең өз жақсылығыңды міндет етпе»- нақыл сөзін дәйектеу.Оқушылардың пікірін сұрау.

-Кім кандай пікір айтады?

Оқушы: Сен кеші біреуге жақсылық жасадың, енді ол бала келгенде сен оған айтасың, менің ақымды қайтар мен саған кеше жақсылық жасадым ғай деп оны міндет етпеу керек. Ол саған бір ай болсын бір жыл болсын, өз алдыңа қайтып келеді.

-Яғни , оқушылар, риясыз жақсылық жасауымыз керке екен. Істеген жақсылыққа ақы сұрамауымыз керек. Себебі ол жақсылық алдымыздан шығады. Ешқашан да зая кетпейді екен.

Шығармашылық жұмыс

-Қазір алдарыңызда тамшылар жатыр сол тамшыларға өмірде өздерің істеген бір жақсы істеріңнің біреуін ғана жазып, тақтаға іле қойыңдар.

Оқушы: Мен күнделікті анама үй жұмысыны көмектестім.





Оқушы: Мен, сөмкесі ауыр әжейге көмектестім.

Оқушы: Мен інімнің сабағына көмектестім.

Оқушы: Мен гүлді суардым

Оқушы: Мен әкеме көмектестім.

Сергіту сәті

Үнтаспадан «Аяқпенен топ-топ-топ» сергіту жаттығуын қосып, балалардың бойын сергіту.

Тапсырма

-Балалар, жақсылық жасайтын кісілердің бойында қандай қасиеттер болады?

1 топ «Жақсылық үйін құрастырыңыздар» Үйдің бөлшегіне жақсылық жасайтын адамның бойындағы қасиеттерді саралап жазып құрастырыңыздар.

2 топ «Жақсылық гүлін құрастырыңдар» гүлдің бөлшегіне жақсылық жасайтын адамның қасиеттерін жазып, құрастыру.

Оқушы: 1топ Біз жақсылық үйін құрастырдық. Бұл жақсылық гүліде жақсы адамның қолынан өседі. Жақсы адамның бойында қайырымдылық, бауырмалдық, еңбексүйгіштік, адалдық, қамқорлық, болу керек. Осындай жақсылық гүлдері жерімізде толып жайқалып өсе берсін деп тілейміз.

Жүректен жүрекке

-Балалар жүректен жүрекке шеңберіне шақырамын.мына шарларды сіздерге ұсынамын.

Оқушы: Біздің мектебіміз алға өсіп өркедеп жылжи берсін деп тілеймін.

Оқушы: Біздің қаламыз гүлдене берсін деп тілеймін.

Оқушы: сыныбымыз әр дайым бір-бірне жақсылық жасап қамқор болып жүре берсін деп тілеймін.

Оқушы: Жер –анада бибітшілік орнасын деп тілеймін.

Қорытындылау:

Бір –біріне жақсылық жасаудан жалықпасаңдар өмірде сыйластық, бибітшілік болады.

Ал, қоғамымызда адамның бойынан әрдайым қамқор, қайырымды, бауырмал қалыптасады екен. Ендеше балалар әрқашанда жақсылық жасаудан жалықпаңдар. Қолдарыңнан келгенше үлкенге кішіге қамқор болып жүрулеріңе шын жүректен тілектеспін!





Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік



Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Оқушылар саны: 20



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;



жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;



қайырымды,қамқор болуға тәрбиелеу.



Ресурстар:

Мультимедиялық тақта,



оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,



аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу



ә) оқушылар назарын сабаққа аудару



б) Тыныштық сәті



-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз…Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін…



Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар…Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру

«Жақсылық пен жамандық» ертегісі

. Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады,деп ойлайсыңдар?

. «Жамандыққа ерсең жаман боласың,жақсылыққа ерсең жақсы боласың»деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық,жанашырлық,мейірімділік сезімдері мен жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз.Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап,жақсылық жасуға ұмтылатын болса,онда әлемде тыныштық,ынтымақ орнайды,адамдар бақытты өмір сүреді

Әңгімелесу: «Жан Ана» мәтінін әңгімелеп бер

Дәйексөз:

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

Өзі жақсы адамның айналысы қашанда жақсылыққа толы болады. Ол өзін осы ортада ерекше бақытты сезінеді. Себебі оны адамдар, айналасы жақсы көреді. Ол осындай жетістіктерге өзінің жақсылықтары арқылы жетті. Сондықтан халық: Жақсының жақсылығын айт нұры тассын,- дейді. Сол себепті: шамамыз жеткенінше, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Себебі жасаған жақсылығымыз ешқашан зия кетпейді. Оның шарапаты өзіңе, жақын туыстарыңа, еліңе тиеді. Сондықтан әр уақытта жақсылық жасау арқылы алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенеліп жүрейік.

Халық мақалы



Шығармашылық жұмыс: Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңызыдылығын ұғындыру,ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі.



1. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.



2. «Аю мен тышқан» ертегісі.



Топпен ән айту: Не деген керемет күн!

Сөзі: М.Мақатаев



Әні: Т.Шапай



Дәптермен жұмыс: дәптерде берілген ертегіні өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.

Бір күні орманда шөп жанып кетіп,өрт басталады. Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі.Тек тасбақаға өзінің қысқа аяқтарымен алысқа кете алмайды.От тасбақаға жақындап қалды. Ол енді қалай құтылмақ?



Үй тапсырмасы: «Қанат пен Жанат» әңгімесін оқып түсінік айту



Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.





















Алматы облысы

Қаратал ауданы

Үштөбе қаласы

С. И .Морозов атындағы № 51 орта мектеп –гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі:Ишамбаева А.Қ

Сабақтың тақырыбы: «Ана тілің-арың бол!»

Мақсаты:
1. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуына байланысты, оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.
2. Қазақстанның мемлекеттік тіліне деген қызығушылығын арттыру, елін, жерін, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: Мақал - мәтелдер, оқушылардың газеттері, Қазақстан картасы, үнтаспа, кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Ә. Назарбаев)

Барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап “Ана тілі - жүрек үні”атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер!
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы “Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі”деп жазылған.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Біздің елімізде тұратын барлық ұлт өкілдері қазақ тілін оқып үйренуде. Қазақ тілін үйреніп жүрген шетел азаматтары да аз емес.
Қазақ тілі түрлі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады. Түркі тілдес халықтар: қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, татар, башқұрт, әзірбайжан, тува, хақас, алтай жатады.

1- оқушы:
Ана тілі - бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті пайдалы.
Алақаны мейірімді анаңның,
Ұстазыңның жарқын жүзі - жайдары.

2 - оқушы:
Ана тілім - тастамайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып мен.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.






3 - оқушы:
Ана тілің - біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің - біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

4 - оқушы:
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

5 - оқушы:
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім - жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.



Picture 1

Мұғалім:

Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы

жатады;

     Үш кемеңгер дүлдүлім,

     Сақтаған ел бірлігін!

     Қазақта қара қылды қақ бөлген

     Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.

 



Төле би

 Уа, халқым!

Көсіле шабар жерің бар!

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сарс жолың бар.

Сөз қадірін біліңдер!



Қазыбек би 

Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, же-

ріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш-

бір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!



Әйтеке би

 Тамыры суда тұрса да

Уақыты жеткенде

Құрамайтын құрақ жоқ

Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.

Picture 5 Picture 6 Picture 7


6- оқушы:
Ең бірінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.


7 - оқушы:
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Picture 4


8- оқушы:
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тілімнен әдетті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

Оқу, білім, тіл, өнер туралы мақал мәтелдер:
1. Білім кілті - тіл.
2. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
3. Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.
4.
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
5. Тіл - көңілдің кілті.

Picture 2

Ән: «Анамның тілі - аяулы үні»

Қорытынды: Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық! Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық. 










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2018
644
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі