400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сынып сағаты "Адал азамат - әділетті Қазақстан" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Адал азамат - әділетті Қазақстан тақырыбында" сынып сағатының жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді ___________

Сынып сағаты

«Адал азамат – әділетті Қазақстан»

Күні: 11.09.23ж.


Сынып жетекші:

Қамбарова С.А

Сынып: 3 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру.

Адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру;

Оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;

Құндылықтар

Ұлттық мүдде:

Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу;

Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу.

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды түгендеу.

Қызығушылықты ояту.

Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адал азамат – әділетті Қазақстан» атты сабағымызды мыннандай сұрақтармен бастасақ:



Оқушылар мұғаліммен аманда-сады, түгенделеді, мектеп парта-сындағы қатарлары бойын-ша  орындарына отырады.




Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи. Ғибадат пен адалдық ар үшін жи.

Шәкәрім Құдайбердиев


Оқушыларға сұрақтар ұсынылады:


  • Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

  • Сендердің де адал достарың бар ма?

  • Сенің адалдыққа деген сенімін қандай?

  • «Адалдық – адамшылық бастауы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Адалдық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, шыншылдық» ұғымдарымен қатар жүре ме? Неліктен?











Презентация























Сабақ басы (13 мин)












«Адал азамат – әділетті Қазақстан» тақырыбына презентация. Оның ішінде:

Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық деген сияқты асыл қасиеттерді ұғындыру.


Оқушыларға презентация арқылы түсіндіріп береді


слайд

 



Ортасы (20 мин)


«Құпия хаттарға» жауап беру
Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса
отырып айтады.

Хаттардың мазмұны:

1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе – көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап – ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» – дейді. Мен не істеуім керек?

Оқушылар хатты талдап сабақты қорытындылайды.

Конверттер

Соңы






Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.
Сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып тақтаға жабыстырамыз.

Адамдық борыш ар үшін,
Барша адамзат қамы үшін.
Серт берген еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.


Деп сабағымызды аяқтаймыз!

Қош, сау болыңыздар!

Сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып тақтаға жабыстырамыз.





Стикерлер













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
556 ұстаз жүктеп алған
09.09.2023
18571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі