400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сынып сағаты "Адалдық дүкені" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жобаның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты: «Адалдық дүкені»

Мақсаты: Жобаның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру

2. Дамытушылық: Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

3. Тәрбиелілік: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады

Көрнекілігі: слайдтар, электронды құралдар

Өткізудің формасы: Сынып сағаты

Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ - жауап, видеоролик

Барысы: Қазақстан Республикасының ән ұраны орындалады

Кіріспе сөз: Мұғалімнің сөзімен бастау.

«Адалдық дүкенінде» оқытушылар мен студенттер өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында.

Ұлыға бәрінен гөрі адалдық жақын тұр. В. Гюго

Жер бетінде адал адамнан өткен тамаша ештеңе жоқ. Р. Роллан

Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. М. Әуезов

Асыл қасиет – адалдық, асыл мінез – адалдық. М. Горкий

1 - жүргізуші: Қанағат етсе екен барлық жандар,

Адал жолмен астарын тапса екен.

Арам жолмен тапқан бар пайдасын,

Көріп тұр көктегі жалғыз - Алла!!!

2 - жүргізуші: Адам - ғалам ғажайып, жеке - дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді - өзің танысаң, істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.

Ақындардың түсініктері: 1 Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол»

2. Ұлы Абай: “Кімде - кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ”

3. Ғ. Мүсірепов: Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.

4. Аристотель: «Ең бастысы — әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек».

5. Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, - деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.

1-оқушы: АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ожданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар - ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.

2-оқушы: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

Тақпақтар: 1. Сүйетініме шүбәм жоқ,

Сүймей ме деген күмән көп.

Түстім бе деген тура жол

Көрінбейді тұман боп

2 .Адалдық өміріңе керек нәрсе

Олда гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе

Халыққа өз пайдасын тигізе алмай

Адам боп өзін өзі меңгермесе

3. Несиені, қарызды жек көреді

Өсім берсе,- ептелеп еп көреді

Құлағын да ұстатпай, бездіреді

Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені

Мақал - мәтелдер: Адалдық - ардың ісі

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.

Асылдың бірі — адалдық

Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде

Шындық жоқ жерде сұмдық көп

Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,

Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады

Видеоролик көрсетіледі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
1998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі