400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Сынып сағаты Ағайынбыз ,бәріміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мұғалімдерге класс жетекшілерге көп керек екенін білеміз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ағайынбыз ,бауырмыз


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға туған - туысқандар, ағайындар туралы,туыстық атаулар туралы мағлұматтар беру.

Оқушылардың ой - өрісін, танымдық процестерін, тіл байлықтары мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқушыларды бауырмал, кішіпейіл, қонақжай, үлкен-кішіні сыйлай білуге тәрбиелеу

Түрі: Отбасындағы аға-іні,апа-сіңлі,аға-қарындас туыстық атаулардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасындағы балаларға арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер

Барысы

Адамға ең жақын ағзаның бірі – бауыр. Сол секілді туған-туыс та жаныңның бір бөлшегі, жақының. Олардан алыстаған сайын өзіңді кемтар сезінесің. Демек, бауыр деген – өмірдегі барың, досың, сүйенішің, жақының, ақылшың, қорғанышың. Бірге туғаныңның басына іс түсіп қамыққан сәтте қолыңдағы барыңды бергің келіп шыр-пыр болуың да сондықтан

Бүгінгі біздің бастауыш бастауыш брлестігінде «Ағайынбыз,бауырмыз» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Бұл сайыстың ерекшелігі бір үйдегі кішкентай бауырлардың бір-біріне деген бауырмалдығын, сыйластығын,қамқорлығын, мейірімділігін байқау.Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы кішкентай балақайларды ортаға шақырайық.

1 қатысушы- 1кластан сондай мейірімді, жүрегі ақ Фархадұлы Ақжүректі апасы-Ескендірова Айарумен бірге ортаға шақырамыз.

2-қатысушы-2 кластан білімді , бірнәрсені білуге жаны құштар Ақылбекұлы Русланды ағасы Оразғалиев Жасұланмен бірге қошеметпен қарсы алайық.

3-қатысушы -3 кластан алғыр, оқуға жаны құштар Дәулетжанқызы Мерей мен кішкентай сіңлісі Әлинамен бірге қарсы алайық.

4-қатысушы-4 кластан шапшаң, ойы ұшқыр шыншылдықты жақсы көретін Нұрлыбек Әлішер мен кішкентай сері Назарды қарсы алайық

Байқаудың әділ бағасын беретін әділ қазы мүшерелі:

1.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Бердешова Ұлболсын Сәменқызы

2.Бастауыш бірлестігінің жетекшісі-Камаладинова Назгүл Андрейқызы

3.Оқу ісі жөніндегі орынбасары-Калиева Сания Еркінқызы

Бұл байқау бірнеше кезеңдерден тұрады. Әр кезеңді бағалау 5,4,3 балдық жүйемен бағаланады. Сайыста топ мүшелерінің бір-бірімен ұйымшылдығы, бауырмалдығы ,бірігіп жұмыс жасауы бәрі ескеріледі.

  1. Бауырмал болса- інің жақын.

Инабатты болса - апаң жақын-(таныстыру)

  1. «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-(қызықты тапсырма)

  2. Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан-(өнер сайысы)

  1. Мұнара құрастыру

  2. Жұмбақтың шешуін тауып,мақалмен жауап бер

  3. Мен бәрін білемін (сұрақ-жауап)

  4. Абайды оқы ерінбе (Үй тапсырмасы)

  1. Абайдың бір өлеңін жатқа айту

  2. Абайдың бір өлеңін сурет арқылы бейнелеп салу

Олай болса , көрермендер сайысымызды бастаймыз.

1-кезең

Бауырмал болса- інің жақын.

Инабатты болса - апаң жақын- деп таныстыру кезеңіне береміз. Бұл кезеңде топ мүшелері өздерін таныстыру шеберлігі ескеріледі.

2-кезең

Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады. Яғни 2-кезең қызықты тапсырма. Бұл тапсырмада «Қонақжайлықтарыңызбен» деген сөз беріледі. Осы сөзден 3 минутта бірнеше сөз құрау керек. Қай топ көп сөз құрайды, сол топтың ұпайы көп болады. Әр сөзге 1 ұпай беріледі.

3-кезең Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.-деп келесі кезеңді топ мүшелерінің өнерлерін тамашалайық.



4-кезең

Мұнара құрастыру-бұл кезеңде суретті кубиктер беріледі. Сол кубиктердегі суреттерге байланысты сұрақтар беріледі. Сол суретті сұрақтың жауабына байланысты тауып бір-бірінің үстіне қойып мұнарасын тұрғызу керек. Әр топқа 5 сұрақ беріледі.

1-топқа

1.Ол мектепте 198 баланың анасы,мектептің жанашыры, басшысы- Флюра апай

2.Оның балалары мектептің мақтанышы, талай жерге балаларын жарысқа апарып , жүлделі оралған жаттықтырушы-Досымжан

3.Өзінің баласын ойламаса да өзгенің баласын ойлап,42 әріпті үйреткен , бастауыш класс мұғалімі-Ғалия апай

4. Мектептің білім сапасының жанашыры-Сания апай

5.Тәрбиені ең бірінші орынға қояр жан- Ұлболсын апай

2-топқа

1.Биыл 175 жылдығы тойланып жатқан ақын.-Абай

2.Абайды әлемге танытқан жазушы-М.Әуезов

3.Абайдың әжесі- Зере

4. Абайдың әкесі-Құнанбай

5. «Желсіз түнде жарық ай» әнін хорға айтып үйреткен кім?-Дидарбек ағай

3-топқа

1.Ауыл әкімі –Талдықов Ж

2.Ауыл дәрігері-Жұлдызбай А

3. Мәдениет үйінің басшысы-Боқтыбаев А

4.Ауылдық кітапхана меңгерушісі-Рамбаева Г

5.Мектеп кітапханашысы-Сарсен Г

4-топқа

1.Биыл 100 жасқа толатын батыр ата-Қожабай Жазықов

2.Қожабайдың анасы-Сарыалтын

3.Қожабай Жазықовтын әйелі-Ханшайым

4.Ең алғаш Жазықовтың шәкірақы иегері-Тоғжан Қоңыратбаева

5.Ардагер ұстаз,қазір зейнеткер, Қожабай ата туысы-Тұрғали ағай

5-кезең Жұмбақтың шешуін тауып,мақалмен жауап бер



6-кезең Мен бәрін білемін (сұрақ-жауап)

1-топқа Ақжүрек пен Айару

1.Үйдің басшысы , үлкені кім?

2. Нағашы ата-әжең бар ма, есімдері кім?

3.Анаңның туған күнін білесің бе?

4.Сыныптарыңда неше оқушы бар?

2-топқа Руслан мен Жасұлан

1.Туған күндеріңді білесің бе?

2.Жеті атаңды айтып берсең

3.Жиен деп кімді айтамыз.

4.Класыңда неше қыз бар?

3-топқа Мерей мен Алина

1.Әкең неше жаста, туған күні қашан?

2.Бөле дегеніміз кім?

3.Класс жетекшіңнің толық аты жөні

4.Ақпан айында класыңда кімнің туған күні бар?

4-топқа Әлішер мен Назар

1.Атаңның жасы нешеде? 63

2.Нағашыларыңның руын білесің бе?

3.Жігіттің неше жұрты болады?

4.



7. Абайды оқы ерінбе (Үй тапсырмасы)

1. Абайдың бір өлеңін жатқа айту

2. Абайдың бір өлеңін сурет арқылы бейнелеп салу

ҚОРЫТЫНДЫ

Бауыр барда!

Бауыр барда бақытсызбын дей көрме,

Өз басыңның қамын ғана жей көрме.

Қан мен жаның бір тамырдан жаралған,

Бауыр барда,

Бақытсызбын дей көрме!



Кейде реніш,

Кейде ыза болса да,

Ақ көңілің қара ашуға толса да.

Ең қымбаты, ең ардағы бауырың,

Арадағы жылулығы солса да.



Ауыр айтпа,

Көңіліне қадама,

Жанжалдасып, ала көзбен қарама.

Бауырыңды «бауыр етім» деп сана,

Екі туып бір қалғанға балама.



Бір құрсақтан, бір жүректен шықтыңдар,

Бір ақылды, бір дүрсілді ұқтыңдар.

Бірге жүріп, бірге өсіп ержетіп,

Бір - біріңе шаранамен жұқтыңдар.



Тірі кезде алыспаңдар сақтаңдар,

Не жағдайда бір - біріңді жақтаңдар.

Шайтан келіп күнәлісің деп қалса,

Періштедей бір-біріңді ақтаңдар.

Қонақжайлықтарыңызбен























































1-топқа:


1.Білімнің нәрін тереді,

Балаға тәлім береді. (Ұстаз (Ұстазы жақсының ұстамы жақсы)


2. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама. (Кітап) (Кітап-білім бұлағы)


2-топқа:


1.Тастай салсаң-арқандай шұбатылған

Тастамасаң –шығады уы артынан (Жылан)

(Жылы-жылы сөйлесең ,жылан інінен шығады)


2.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді. (Су) (Судың да сұрауы бар)


3-топқа:


1.Бір үйге көзсіз бас сұғасың,

Бұл үйде көреген боп шығасың. (Мектеп) Мектеп-кеме,білім-теңіз


2.Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер. (Қол) (Шебердің қолы ортақ)


4-топқа:


1.Түймедей –ақ сияғы

Түгел дүние сияды (Көз) (Көз-қорқақ,қол-батыр)



2.Тау басы тұнық

Қаптаған шыбық

Қойсаң да қырқып

Өсе береді,

Қайтадан шығып (Шаш) (Шаш бастың көркі

Тұз астың көркі)

1.Білімнің нәрін тереді,

Балаға тәлім береді.



2. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама.





1.Тастай салсаң-арқандай шұбатылған

Тастамасаң –шығады уы артынан



2.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.



1.Бір үйге көзсіз бас сұғасың,

Бұл үйде көреген боп шығасың.



2.Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.





1.Түймедей –ақ сияғы

Түгел дүние сияды



2.Тау басы тұнық

Қаптаған шыбық

Қойсаң да қырқып

Өсе береді,

Қайтадан шығып













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
641
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі