жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сынып сағаты: Агрессия (5 сынып)
Тақырыбы: Агрессивті балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары
Мақсаты: Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу түрлерін талқылау. Ой бөлісу,проблемалық сұрақтарды ортаға салып талқылау,оқушылардың агрессиялық мінез-құлық әдеттерін жеңу әдістерімен танысу.Психокоррекциялық жұмыстар арқылы баланың сенімділігін арттыру.
Қолданылатын көрнекіліктер: ойыншық аю, сиқырлы таяқша, қасиетті қорапша.
Міндеттері:
1.Түзетуді талап ететін, эмоциональды мінез-құлық ерекшеліктер кеңістігін анықтау.
2.Өзінің мінез-құлық эмоциональды сезіне білу.
Кіріспе:
Агресивтік мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Болашақта өз маңызын жоғалтпайды. Себебі баланың өмірінің алғашқы жолдары баланың физикалық және өнегелі өсуінің маңызды кезеңі болып табылады.Сонымен қатар, оның қалай қандай жағдайда өсіп жетілгені баланың болашағында маңызды роль атқарады.Агрессия (латынның «agressio» - тиісу, ұстама деген сөзінен) шыққан.Агрессия әрине кенеттен пайда болмайды.Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынастар, қорқытып үркітуден пайда болады. Мысалы: ауасы ауыр, темекінің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет,ауасы таза бөлмелерге қарағанда күштірек болады.Айталық «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.Жеке агрессивті болып көрінетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ,көре алмайтын,шыдамсыз т.с.с. болып келеді. Әсер етуші факторлар: отбасындағы жайсыздық, тұрмыстың төмендігі,әке-шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну.т.б.Соның салдарынан дағдарысқа тап болады. Проблеманы ашып көруден гөрі үндемей қалуды жөн көреді. Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалтады.Агрессивті балалармен түзету жұмыстарын мақсатты түрде 4 бағытта жүргізу қажет.
1. Агрессивті балаларды ашу-ызасын қолайлы формада көрсету әдісіне үйрету.
2.Әртүрлі ситуацияларда балаларды өзіне ие болуы әдістеріне үйрету.
3.Мүмкін болған конфликті жағдайларда қарым-қатынас жағдайын өңдеу.
4.Эмпатия, адамдарға деген сенім т.с.с. қасиеттерін қалыптастыру.
Агресивті балалармен жүргізіліп жүрген түзету дамыту жұмыстарым:
Видеоролик «__________________________».
Кеңес беру.
Баламен сөйлесуге әрдайым дайын болыңыз. Жасөспіріммен диалог түрінде сөйлесіңіз, диалогта ересек адам мен жасөспірім көзқарасы тең дәрежеде болады.
Баланы қыспаққа алмаңыз, оған өз көзқарасыңызды таңбаңыз. Бірақ әрқашан жанында болыңыз және онымен әңгімелескенде әрқашан ашық болыңыз. Бала үндемей ме, ақтарылып сөйлеспей ме? Ренжімеңіз. Бірақ егер жасөспірім бірдеңемен бөліскісі келсе, оны ықыласпен тыңдаңыз, сұрақтар қойыңыз, қолдау білдіріңіз.
* Балаға дауыс көтермей байсалды сөйлесіңіз, төзім мен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз.
* Сыпайы болыңыз, жағымсыз эмоцияларға ерік бермеңіз, баланы балағаттамаңыз, ол мұны ұмытпайды. Үйіп-төгіп ақылды кеңестер беру, ұрысу, қорқыту және т.с.с әрқашан оңай. Бірақ бұл әрекетіңізден бұдан былай балаңыз сізге ешқандай сырын сеніп айтпайтын болады. Сондықтан баланы өзіңіздің ересек досыңызды тыңдағандай тыңдаңыз.
* Баламен сөйлесудің мәнісі дәл, нақты мәселені ғана қозғайтындай болуы керек. Бұл жағдайда баланың жеке тұлғасына сын жаудыруға («сен сондайсың, сен ондайсың») болмайды. Сіз «айналма қорғаныс», өз абыройын, өз «Менін» қорғау түріндегі тойтарысқа тап боласыз. Жанжалды жағдайларды шешкен кезде, баланың тек нақты әрекеттеріне ғана баға беріңіз. Ол сізге жеке тұлға ретінде емес, оның мінез-құлқы ғана ұнамайтындығын білуі тиіс.
«Айдаhар, Ханшайым, Батыр жаттығуы. Мақсаты: Баланың бойында жинақталып қалған ашу-ызаны шығаруды үйрену.
Балалар! Қазір біз мейірімді, ашулы, күшті кейіпкерлердің ролін көрсетеміз.Мен айдаhар дегенде бәріңіз бірдей бір мезетте ауызды ашып, қолды көтеріп,саусағының арасын ашып а-а-а-а деп тұра қалу керек. Мен Ханшайым дегенде қолдарын алға,алақанын жайып сызылып тұра қалу керек. Мен батыр дегенде қолын жұдырықтап қолын да шоқпарын ұстап тұра қалу керек. Бірнеше қайталату керек.Енді бір-екі деп айтқызып жіберіп, топқа бөліп екіге бөліп жіберіп екі топ сыбырласып бір мезетте, менің шапалағымды ести салысымен өздерінің сыбырласқаны бойынша ролге енеді.
1 топ батыр-ханшайым жеңеді,
2 топ айдаhар-батыр жеңеді,
3 топ ханшайым-айдаһар жеңеді
4 топ.... солай кете береді.
«Қол ұстасу» ойыны.
Мақсаты:Топқа тұлғаралық қарым-қатынастарды анықтау. Қатынас қабілетін дамыту. Эмоциональды жағымды көңіл-күйді және топтағы қауіпсіздікті ұйымдастыру. Қатысушылар екі қатарға қол ұстасып тұрады, бір оқушы екі қатар оқушылардың ортасымен жүріп ұнатқан оқушының қолынан ұстап алып ортамен жүріп ең алдыңғы қатарға жұбымен тұра қалады. Ал қалған сыңары алдына келіп ортамен жүріп ол да қалаған досын алып ең алдына келіп тұра қалады солай ойын жалғаса береді.
«Алфавит» жаттығуы
Мақсаты: өз-өзінің құшынысындағы жетістікке жетуге үйрету, ынтымақтастықты нығайту.
А)Әріпті психолог көрсетіп тұрады, ал оқушылар әріпті дауыстап айта отырып әріптің стрелкасына қарап оңға оң қолын көтереді, солға сол қалын көтереді, екі жаққа стрелка екі қолын көтереді бірдей бір мезетте жасау керек.
Б) Енді орнынан тұрып аяқпен жасалады.
Талдау: Жаттығу ұнадыма? Қандай әсер адыңыздар.
Тақырыппен жұмыс: Ойлаңыздаршы, адамға өмірде агрессия керек пе?Пікір алысудың барысында адамның өміріндегі эмоцияларды еске түсіру.Енді «Жылан туралы аңызды» тыңдап көрейікші. Сонау жылдары өмірде улы жылан өмір сүріпті,оның уынан бәрі қорқатын және оған жақындамайтын.ешкім жыланмен қарым-қатынас жасамағандықтан ол ылғи да жағызболатын. Бір күні жылан удан құтылудың жолын ойлап оны бір үңгірге тастап жіберіпті. Мұны көрген бүркіт оны барлық аңдарға әңгімелеп айтады. Енді жыланнан қорықпайтын болған аңдарға батылдық бітіп, олар жыланды таспен атып өтіреді.
Бұл аңыздан қандай нәтиже шығаруға болады?
*Адамға агрессия не үшін қажет?
*Қандай жағдайларда?
Қорытындысында оқушылар адамға агрессия өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді.Агрессия кейде адамның арын және дауының алдында өзін қорғау үшін керек деген пікірге келеді Агрессия кейде адамның арын және жауының алдында өзін қорғау үшін керек. Менің жауабым:
Конструктивті агрессия-өзіне және басқаларға бостандық пен тәуелділік алу үшін керек.
Деструктивті агрессия- бұл зорлық зомбылық, жеккөрініш. Біреулерді төмендету арқылы өзінің бағасын көтеру.Ойланыңдаршы, сендердің агрессияларың қандай түрде байқалады? Сіздер оны қалай көрсетпеуге тырысасыздар?
№67 жалпы білім беретін мектеп
Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: «Агрессивті балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары»
Сынып: 5 «А»
Сынып жетекшісі: Битанова А.Ж.
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген